1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі


 Осмостық қысым. Вант-Гофф заңы. Медициналық практикадағы гипо-, гипер-



Pdf көрінісі
бет20/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
РК химия

19. Осмостық қысым. Вант-Гофф заңы. Медициналық практикадағы гипо-, гипер-
жəне изотонды ерітінділер. Плазмолиз жəне гемолиз.
Осмостық қысым (пи) — осмосты тоқтату үшін ерітіндіге қажет қысым, Яғни, осмос
құбылысын туғызатын күш.
Вант-Гофф заңы: Берілген температурада сұйылтылған ерітіндінің осмостық қысымы
еріген заттың молярлық концентрациясына тура пропорционал.
пи= CRT,
мұндағы
С- ерітіндінің молярлық концентрациясы, моль/л;
R - 8,314 Дж/(моль К) тең болатын универсалды газ тұрақтысына сəйкес шама
Т- температура, К.
Изотонды ерітінділер — осмостық қысымы бірдей ерітінділер
Гипертонды ерітінділер – стандартты ерітіндімен салыстырғанда осмостық қысымы
жоғары ерітінділер.
Гипотонды ерітінділер - стандартты ерітіндімен салыстырғанда осмостық қысымы
төмен ерітінділер.
Онкотикалық қысым - ерітіндідегі жоғарымолекулалық компоненттердің (мысалға
ақуыз) қысымы.
Плазмолиз - жасушаны гипертонды ерітіндіге батырғанда жасушаның жиырылу
құбылысы.
Деплазмолиз – жиырылган жасушаны изотонды ерітіндіге батырғанда оның бастапқы
күйіне келу құбылысы


20. Сұйылтылған электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеттері.
Вант-Гоффтың изотондық коэффициенті, оның физикалық мəні жəне əлсіз
электролиттің диссоциациялану дəрежесімен байланысы.
Электролит - Еріткіш молекулалар əсерінен, иондарға ыдырап, еріген немесе
балқыған күйде электр тогын өткізетін заттарды атаймыз. Қышқыл, негіз, тұздың судағы
ерітінділері жатады; бұларда электр тогы иондар арқылы тасымалданады Электролит
ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығутотықсыздану процестері –
электролиз д.а
Электролит ерітінділері коллигативтік қасиеттерді сипаттайтын шама мəнінің
жоғарылауын береді Оларға да бейэлектролиттерді есептеудегі сол формулалар мен
заңдар қолданылады бірақ изотоникалық коэффициент ескеріледі
• Электролит диссоциациясы бірдей молярлық концентрацияда ерітіндідегі еріген зат
молекула ион бөлшектерінің жалпы саны бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда
жоғарылауына əкеледі
• Бірдей молярлық концентрацияда электролит ерітіндісіндегі бөлшек саны
бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда неше есе артқанын изотоникалық
коэффициент көрсетеді Изотоникалық коэффициент электролиттік диссоциацияға
тəуелді
•i=1-α(n-1),
α - электролиттік диссоциация дəрежесі
n - диссоциация нəтижесінде электролит ыдырағандағы ион саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет