1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі



Pdf көрінісі
бет21/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
РК химия

Изотондық коэффициент i - идеал емес ерітінділердегі молекулааралық
əрекеттесулерді ескеру үшін енгізілген эмпирикалық коэффициент
21. Биологиялық сұйықтықтардың осмолярлығы жəне осмолялдығы. Қан
плазмасының
əртүрлі компоненттерінің оның осмолярлығын қалыпты ұстап тұрудағы үлесі
Изотонды ерітінділер – осмостық қысымы бірдей ерітінділер
Гипертонды ерітінділер – стандартты ерітіндімен салыстырғанда
осмостық қысымы жоғары ерітінділер.
Гипотонды ерітінділер – стандартты ерітіндімен салыстырғанда
осмостық қысымы төмен ерітінділер.
Онкотикалық қысым – ерітіндідегі жоғарымолекулалық
компоненттердің (мысалға ақуыз) қысымы.
Адам қанының осмостық қысымы температура 310 К (37оС)-қа тең
болғанда 780 кПа (7,7 атм) құрайды.
Физиологиялық ерітінді –адам қанына изотонды болатын натрий
хлоридінің 0,9%-дық (0,15 моль/л) ерітіндісі.
Биологиялық сұйықтықтардың осмомолярлығы
(осмомоляльдігі)(Сосм. ) – мінсіз жартылай өткізгіш мембрана арқылы
өтпейтін бөлшектердің активті концентрациясы.
Электролит ерітінділер үшін осмомолярлық Сосм молярлық
концентрацияның изотондық коэффициентке көбейтіндісіне тең:
Сосм = i . C(x),
мұндағы
C(x) – ерітіндінің молярлық концентрациясы, моль/л
Осмос тірі жүйелердің кызметінде айтарлыктай ерекше рөл аткарады.
Олардағы осмостык кысым негізінен электролиттердің болуы нэтижесінде


пайда болады. Электролиттердің коспасы бар ерітінділерде (ал мұндай
ерітінділерге барлык биологиялык сұйыктыктар жатады) кинетикалык жеке
жүретін бөлшектердің санын есептеу мықты киындықтар тудырады. Осы-
ған байланысты химияның қолданбалы салаларында, соның ішінде меди-
цинада, соңғы кездері осмолялдық жэне осмолярлық деген ұғымдар кенінен
колданыс тапқан.
Осмолярлық (жэне осмолялдық) деп идеалды жартылай өткізгіш мем-
браналар арқылы өтпейтін белсенді бөлшектердің концентрациясын айта-
ды. Осмолярлыктың өлшем бірліктері молярлык концентрацияның өлшем
бірліктерімен сəйкес келеді, ал осмолялдыктың өлшем бірлігі — молялдык
концентрацияға сэйкес келеді. Сұйылтылған ерітінділер үшін осмолялдық
пен осмолярлыктың сандык мəндері бір-біріне тура келеді.
Математикалық жолмен сэйкесінше іст жэне іс түрінде анықталатын
осмолялдык пен осмолярлық эмпирикалық шамалар болып табьлады, олар-
ды қолдану идеалды емес ерітінділерде пайда болатын эр түрлі сипаттағы
Рауль заңынан ауыткуларды ескеруге мүмкіндік береді. Бұл, бір жағынан,
иондану кезінде бөлшектер санының өсуі; екіншіден, иондардың гидрата-
циялануы есебінен еріткіш заты мөлшерінің төмендеуі; үшіншіден, еріген
бөлшектердің белсендігін төмендететін ионаралык эрекеттесулер. Сонымен
катар жасушалык мембраналардың идеалды жартылай өткізгіштер еместі-
гін де ескеру керек, оларга талгамды өткізгішгік тэн. Бүл химиялық таби-
гаты əр түрлі бөлшектерден түратын жэне осмолярлығы бірдей, ягни бір-
біріне изотонды, реалды тірі жүйелер жағдайында жасушалардың мембра-
насымен бөлінген ерітінділердің осмостық кысымы əр түрлі болуы мүмкін
деген сөз. Соңгы кездері жиірек осмоль (осмостык моль) өлшем бірлігі
колданыс тауып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет