1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі



Pdf көрінісі
бет3/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
РК химия

Жану энтальпиясы (жылуы) ( ∆Нс) – 1моль заттың оттекте жоғарғы
оксидтерге дейін тотыққандағы жүретін реакцияның жылу эффектісі.
Еру жылуы - 1 моль зат еріткіште еріген кезде бөлінетін немесе
сіңірілетін жылу мөлшері. Еру жылуы:
ΔНеру = ΔН1+ΔН2
Qеру = Q1+ Q2,
мұндағы ΔН1 (Q1 ) – қатты немесе газ тəрізді заттың ерітіндідегі
агрегаттық күйге өту энтальпиясы (жылуы);
ΔН2 (Q2) – заттың еріткішпен əрекеттесу энтальпиясы (жылуы)
(сольватация жылуы).
ΔН2 əрдайым нольден кіші, ΔН1 оң жəне теріс мəндерге ие болуы
мүмкін.
Бейтараптау жылуы - стандартты жағдайда күшті қышқыл мен
күшті негіздің əрекеттесуінен 1моль су пайда болуының нəтижесінде
бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері.
NaOH + HCl = NaCl + H2 O
H+ + OH- = H2O + 56,98 кДж
Күшті қышқыл мен күшті негіздің əрекеттесуінен туындайтын
бейтараптау жылуы олардың табиғатына тəуелді болмайды, 56,98 кДж
(13,7 ккал) тең.
Лавуазье – Лаплас заңы:
Заттың түзілу жылуы оның теріс таңбамен алынған ыдырау жылуына
тең.
∆Нd = - ∆Нf
∆Нd + ∆Нf = 0
Н2(г) + 1/2О2(г) = Н2О(г); ∆Нf = -241, 6 кДж
Н2О(г) = Н2(г) + 1/2О2(г); ∆Нd = +241, 6 кДж
Гесс заңы:
Тұрақты қысым мен тұрақты көлемде химиялық реакцияның жылу
эффектісі оның жүру жолына жəне неше сатыдан тұратынына тəуелсіз, тек
реакцияға қатысатын бастапқы жəне нəтижесінде түзілетін заттардың түрі
мен күйіне ғана тəуелді.
∆Нr =∆Н1 + ∆Н2 = ∆Н3 + ∆Н4 + ∆Н5
Qr = Q1 + Q2 = Q 3 + Q 4 + Q
Гесс заңының бірінші салдары:
Реакцияның жылу эффектісі сəйкес стехиометриялық
коэффициенттеріне көбейтілген өнімдердің түзілу энтальпияларының жылуларының)
қосындысынан бастапқы заттардың түзілу энтальпияларын
(жылуларын) алып тастағанға тең.
∆Нr = ∑∆n iНf (өнім) -∑∆n iНf (бастапқы зат)
Qr = ∑n iQ f (өнім) -∑n i Qf (бастапқы зат)
Гесс заңының екінші салдары:
Реакцияның жылу эффектісі сəйкес стехиометриялық
коэффициенттеріне көбейтілген бастапқы заттардың жану
энтальпияларының (жылуларының) қосындысынан өнімдердің жану


энтальпияларын (жылуларын) алып тастағанға тең.
∆Нr =∑∆n iHc (бастапқы зат) -∑∆n iHc (өнім)
Qr = ∑n iQ c (бастапқы зат) - ∑n iQc (өнім)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет