Тірі ағзаларда жүретін глюкозаның тотығу реакциясының
энтальпиясын Гесс заңын қолдана отырып есептеу:
ас қорыту барысында көмірсулар глюкозаға айналады, глюкозаның
тотығуының нəтижесінде адам 60% энергия алады;
глюкоза қанда еріп, қан арқылы ағзадағы барлық жасушаларға
тарайды, сол жерде оттекпен əрекеттесіп, тотығады;
глюкозаның тотығуының реакциясы: С6Н12О6 + 6О2 = 6СО2 + 6Н2О
+ 1273 кДж/моль;
глюкозаның тотығуы - 10 ферменттің қатысуымен жүретін 12
сатылы өте күрделі процесс;
əрбір сатысында белгілі бір мөлшерде жылу бөлініп, соңында
жалпы мөлшері ∆Н = -1273 кДж/мольге тең болады;
Гесс заңынан туындайтын салдарға сəйкес реакция энтальпиясын
анықтау үшін оның жүру механизмін білудің қажеті жоқ
4.Зат алмасу үдерістері мен энергия арасындағы өзара байланыс.
Тағамдық заттар жəне
олардың негізгі бөліктерінің калориялығы.
Адам организміне тағамдармен енетін химиялық энергия - негізгі
энергия қорының көзі болып табылады.
Тағамның құрамында адам ағзасына қажет компоненттердің
түгел болуын қамтамасыз ету үшін дəрігер:
тағамдардың химиялық құрамын білуге;
қоректік заттардың энергетикалық сипаттамасын қолдануға;
термодинамиканың бірінші заңын, Гесс заңын жəне одан
туындайтын салдарларды қолдана білуге;
адамның атқаратын жұмысының түрін ескеруге міндетті.
Тағамның негізгі компоненттері – ақуыздар, майлар жəне
көмірсулардың тотығуының нəтижесінде адам ағзасына тіршілік ету үшін
қажет энергия қоры бөлінеді.
Қоректік заттардың құндылығы (калориясы) – бұл 1 грамм тағам
түгелдей тотыққанда бөлініп шығатын энергия.
Тағам құрамы күрделі қоректік заттардың қоспасы болғандықтан, оның
құндылығын (калориясын) 1 мольге емес, 1 грамға теңеп есептеген дұрыс.
1 калория = 4,18 Дж
Гесс заңына сəйкес, қоректік заттардың тотығуының нəтижесінде
бөлінетін жылу мөлшері реакция өнімдері өзгеріссіз қалған жағдайда тотығу
процесінің жүру жолына тəуелді емес.
Ақуыздар, майлар жəне көмірсулар адам ағзасында да, калориметр
құралында да тотығуы нəтижесінде төменде көрсетілген заттар түзіледі:
С СО2
Н Н2О
N N 2
Міне, сондықтан да көптеген тағамдардың энергетикалық құндылығын
бағалау үшін олардың жану реакциясының энтальпиясы (∆Нс) есепке
алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |