Энергетикалық бағам:
майлар 9,0-9,5 ккал/г (37,7-39,8 кДж/г);
ақуыздар 4,0-4,1 ккал/г (16,5-17,2 кДж/г);
көмірсулар 4,0-4,1 ккал/г (16,5-17,2 кДж/г).
Ересек адамның тəуліктік қолдану мөлшері:
майлар 60-70 г;
ақуыздар 80-100 г;
көмірсулар 300-500 г
5. Термодинамикалық қайтымды жəне қайтымсыз үдерістер. Өздігінен жүретін
жəне өздігінен жүрмейтін үдерістер. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия.
Термодинамиканың екінші заңы жəне тірі организмдер.
Термодинамикалық қайтымды процесс - жүйе бастапқы күйден соңғы күйге өтер
аралықта үздіксіз тепе теңдік күйде болатын процесс
Термодинамикалық қайтымсыз процесс - жүйені бастапқы күйіне энергия жұмсамай
келтіріле алмайтын процесс
Өздігінен жүретін процесс - сыртқы факторлардың əсерінсіз жүретін процесс
Өздігінен жүрмейтін процесс - сыртқы факторлардың көмегімен жүреді
Энтропия (S) — жүйенің ретсіздігінің сандық мөлшерін көрсететін
жүйе күйінің функциясы.
Больцман теңдеуі:
S=k InWi,
мұндағы k— пропорционалдық коэффициенті,
W, — термодинамикалық мүмкіндік, яғни, жүйенің макрокүйіне сəйкес
келетін микрокүйінің саны
Энтропияның шамасы артады
• Температураны жоғарылатқанда
• Берілген қатар бойынша агрегаттық күйін өзгерткенде
«кристалл-сұйық —газ»
Термодинамиканың екінші бастамасының эквивалентті
тұжырымдамалары:
• Жылу өздігінен суық денеден ыстық денеге ауыса алмайды.
• Мүмкіндігі аз күйден мүмкіндігі көп күйге ауысатын жүйелер ғана
өздігінен жүре алады.
• Оқшауланған жүйеде өз бетінше жүретін қайтымсыз процестер
энтропия шамасының артуымен ғана жүре алады. (AS>0).
Тірі ағза термодинамикалық жүйе ретінде
қоршаған ортамен массасымен де, энергиясымен де үздіксіз
алмасатын ашық жүйе;
Достарыңызбен бөлісу: |