1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі


Температура, қысым жəне концентрация өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің



Pdf көрінісі
бет8/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
РК химия

8.Температура, қысым жəне концентрация өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің
ығысуы.
Ле-Шателье принципі.
Химиялық реакцияның жылдамдығына əсер етуші факторлар:
-əрекеттесуші заттардың табиғаты;
-əрекеттесуші заттардың концентрациясы;
-температура;
-катализатордың қатысы.
Əрекеттесуші заттардың табиғаты:
-заттардың химиялық құрамын;
-əрекеттесуші бөлшектер ерекшеліктерін (атомдар, молекулалар,
иондар, радикалдар);
-агрегаттық күйін ескере отырып əсер етеді.
Химиялық реакцияның жылдамдығына əрекеттесуші заттардың
концентрациясының əсері сандық тұрғыдан өткен сұрақта айтылып өткен
массалар əрекеттесуші заңымен сипатталады.
Вант-Гофф ережесі:
Температураны əрбір 10 градусқа көтергенде реакция жылдамдығы 2-4
есе артады.
мұндағы γ – реакцияның температуралық коэффициенті;
τ –реакцияның жүру уақыты ;
Т – температура.
Дəрілік препараттардың жарамдылық мерзімін «Дəрілік
форманың жеделдетілген түрде тозуы» əдісімен анықтаудың маңызы
əдіс Вант-Гофф ережесіне негізделген;
дəрілік форманы жоғарғы температурада белгілі бір уақыт ұстап
тұрады ыдырай бастаған препараттың массасын анықтайды;
ыдырай бастаған препараттың массасын 298 К тең болатын
стандартты сақтау температурасына сəйкестендіре қайта есептейді;
əдістің ерекшелігі - дəрілік препараттың жарамдылық мерзімін
анықтау уақытын қысқарту жəне сақтауға қолайлы температураны белгілеу
мүмкіндігі болып табылады.
Активтендіру энергиясы (Еа) – молекуланы химиялық реакцияға
қатыса алатындай активті күйге келтіру үшін жұмсалатын қосымша
энергияның ең аз мөлшері.
Аррениус теңдеуі:
k – реакция жылдамдығының константасы;
А – əрекеттесуші заттардың молекулаларының арасында болатын
соқтығысулардың жалпы саны;
Еа – активтендіру энергиясы, кДж/моль;
е–Ea/RT – активті энергиясы бар молекулалардың үлесі.
Активтендіру энергиясының формуласы
мұндағы
k 1 – бастапқы (Т1) температурадағы химиялық реакция
жылдамдығының константасы;


k2 – соңғы (Т2) температурадағы химиялық реакция
жылдамдығының константасы.
Катализаторлар – бұл химиялық процестерге қатысатын жəне
реакция жылдамдығын өзгертетін, бірақ реакция нəтижесінде өзгеріске
ұшырамайтын заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет