ТАҺИР ХАН
Мамаштан кейін хан тағына Таһир отырады. Таһир
(Тайыр) – Қазақ хандығының негізін салушы Жҽнібек ханның
Ҽдік деген ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз,
шамамен 1529 – 1531 жылдар аралығында дүниеден ҿткен.
Таһир хан 10 жылдай (1523 – 1533) билік құрды. Таһирдың
тұсында да, ҿзара
талас- тартыс тоқталмай, жалғаса берді.
Мұндай жағдайда Таһир сыртқы жаулардың жорықтарына
тойтарыс жасай алмады. Ол екі рет жау ҽскерінен жеңіліп
қалды. Сондай-ақ Таһир хан қазақтар мен бұрынғы кҿршілес
ҽрі туыс ноғай тайпаларының арасындағы достықты жойып,
олармен жауласады. Оларға қарсы соғыс ашады. Бұл
шайқастарда да Таһир хан жеңіледі. Халық кҿп қырғынға
ұшырайды, олардың малдары тоналады.
Бұған шыдамаған
халықтың бір бҿлігі батыстан Жетісу аймағына кҿшіп кетеді.
Сҿйтіп, Таһир ханға дейінгі кезеңде Қазақ хандығында 100
мыңдай ҽскер болса, оның қол астында 40 мыңдай ғана ҽскері
қалады. Дегенмен, Таһир қазақ хандарының ішінен бірінші
болып қазақ жерін қалмақтардан қорғау үшін күрес жүргізген.
Ол бір таудың етегінде Жатан деген қамал салдырған. Сол
заманда ҿмір сүріп, қамалды ҿз кҿзімен кҿрген бір тарихшы
оның биіктігін жҽне мықтылығын суреттеп жазған. Кейіннен
бұл қамалды қазақ ҽскерлері қалмақтарға қарсы соғыста үнемі
пайдаланып отырған.
ТОҒЫМ ХАН
Тоғым хан да – Жҽнібек ханның ұрпағы. Жҽнібектің
тоғызыншы ұлы Жҽдік сұлтанның баласы.
Тоғым хан
елдің орталығында, оңтүстігінде билік құрады. Сырдария
ҿзені бойындағы қалалар Тоғым ханға қарайды. Бірнеше
жыл билік құрып, берекесі кете бастаған билікті қалпына
келтіруге
күш
салады.
Жан-жақтан
анталаған
кҿршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, бар
қайрат-жігерін қазақ жерін қорғауға жұмсайды. Сондай
шайқастардың бірінде Ҽмудария ҿзені бойындағы Жағат
деген жерде Тоғым хан жау ҽскерінен жеңіледі. Сол
жеңілісте Тоғым ханмен бірге қазақтың 37 сұлтаны қаза
табады. Осы «уақытша ҽлсіреу» кезеңінде Қазақ
хандығының жағдайы нашарлап, бірнеше хандыққа
бҿлініп кетеді. Қазақ халқының кҿптеген
жері жау
қолында қалады. Мұның бҽрі – бірліктің, ынтымақтың,
ауызбірліктің жоқ болуының салдары. Сол себепті келесі
қазақ хандарының басты міндеті – жау қолында қалған
жерлерді азат ету,
елдің бірлігін нығайту, мемлекетті
күшейту болды.
Достарыңызбен бөлісу: