Балалар аурулары пәні


Омыраумен емізудің ережесі



Pdf көрінісі
бет10/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Омыраумен емізудің ережесі 
(4*3*4) 
Нәрестені дұрыс ұстау 
1. Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықта ұстаңыз. 
2. Сәбидің беті мен денесі анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек 
ұшының деңгейінде болу керек. 
3. Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілулі болу керек(іші 
анасының ішіне түйісуі). 
4. Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап 
отырады. 
Омырауды салу 
1. Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз. 
2. Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз. 
3. Емшекті тез сәбидің аузына саламыз. 
 
Омырауға дұрыс салғандығын тексеру 
1. Сәбидің иегін емшекке тиіп тұрады. 
2. Сәбидің аузы барынша ашық. 
3. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады. 
4. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстіне көрініп тұру керек. 
Егер бала омырауға дұрыс салынған болса, онда үзіліс жасап, баяу, 
терең еміп жатырғанын көреміз. 
 
 
 
 


Бақылаулық шегу өткізу 
 
Мақсаты: баланың анасын бір емген кезде, еметін сүттің орташа мөлшерін 
анықтау 
Қажетті құралдар: жаялықтар, памперс, таразы, дез ертінді, 112/е форма.
Ескерту: тәулік бойы кемінде 3 рет (таңертең, күндіз және кешке) 
бақылаулық шегу өткізу керек. Себебі тәулікттің әр мезгілінде анасынан 
шығатын сүтттің мөлшері әртүрлі болады.
1. Жасалатын процедураны анасына түсіндіріңіз және рұқсатын алыңыз. 
2. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз. 
3. Қолымызды өңдеп, қолғабыңызды киіңіз. 
4. Балаға памперс кигізіңіз. 
5. Анасын омыраумен емізуге дайындаңыз 
6. Электрондық таразыны дез ерітіндімен сүртіп, жұмыс жағдайына 
келтіріңіз. 
7. Баланы таразыға салып өлшеп, салмағын жазып алыңыз 
8. Баланы анасына 20 минутқа емізуге беріңіз. 
9. Емізіп болғасын (памперсін ауыстырмастан) салмағын қайтадан 
өлшеңіз. 
10. Соңғы салмақ көрсеткішінен алғашқы көрсеткішті алып тастап
айырмашылығын анықтаңыз.
11. Баланы анасына беріңіз 
12. Электронды таразыны дезерітіндімен өңдеңіз. 
13. Резен қолғабыңызды шешіп, қолыңызды жууып, кептіріңіз. 
14. Балаға бір рет ішетін сүт мөлшерін (көлемдік немесе коллориялық 
әдіспен) есептеңіз.
15. Баланың қазіргі емген сүт мөлшерін есептелген ему керек сүт 
мөлшерімен салыстырып, бағалаңыз. 
16. Дәрігермен бірлесе отырып баланың әрі қарай қандай тамақтандыру 
түріне ауыстырылатыны туралы шешім қабылдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет