60
қатнаста кезде; екі тарап жағымсыз эмоцияларды тоқтата алу мен бір-
бірін тыңдай алатын кезде. Мəмілеге келу мен серіктестік бір-біріне
ұқсас, бірақ мəмілеге келуде өзара түсінісу жоғары деңгейде
шарықтайды.
Ұжымда жанжал шығарғыш адам болу жағдайы көптеп кездеседі.
Ондай адамдармен қалай қатынас жасау керек?
Егер сіз сондай
адаммен ұйымшыл ұжымда кездессеңіз, қашу əдісін қабылдаңыз. Ал
егер оқу жəне еңбек ұжымында, кіммен оқитын немесе жұмыс
жасайтыныңыздың таңдауы жоқ кезде жанжалдағыш адаммен
кездессеңіз?
Ондай жағдайда жанжалды тиімді шешудің кеңесшісі өмірлік
тəжірибе мен шиеленісті қиындатпау қалау болып табылады. Мысалы,
егер сізге ол
адам аса маңызды болмаса, жанжалды сұрақтардан
жалтарып, өзге адамның қалауына ыңғайланатын мəмілеге келуге
болады; екі тараптың ең маңызды талаптарын орындау үшін
серіктестік стилін қолдануға болады. Тағы өте тиімді құрал – ондай
адамның жақсы тұстарының кілтын табу құралы. Ол адамның
бойынан досты жəне ең керемет қасиеттерін байқауға тырысыңыз.
Егер ол əдіс те нəтижесін бермесе, онда жалғыз шығар жолы –
түсінбейтін адам қатарына қосу тəсілі қалады.
Сонымен, «түсінбейтін» адаммен қатынас кезінде өзіңізді ыңғайлы
сезіне алатын тəсілді қолданғаныңыз дұрыс.
Жанжалды шешу өте
қиын жəне жауапты іс. Әр адамның психологиялық жағдайы мен жек
қасиеттерін ескере отырып, принципшіл жəне объективті негізде іске
асыруға болады. Жанжал кезінде ақ пейілді адамдардың өзі өз жақсы
қасиеттерін жоғалтады жəне өзгені айыптау арқылы əдепсіз қылықтар
көрсетеді.
Оқу топтарында жəне басқа да топтарда да аталған
жанжалдар,əсіресе, тұлға аралық жəне топтық, болады. Жанжалдың
ықтимал қатысушылары: оқушылар, оқытушылар, ата-аналар мен оқу
əкімшілігі. Ұжымдағы текетірестің кең тараған түрі екі не үш
көшбасының қағтығысындағы бірінші болу, көшбасшы болу
жанжалы. Тағы жанжал үш-төрт жасөспірімнің өз топтарымен немесе
бір студенттің жəне топтардың қарсыласуы
жанжалдың тұтануына
алып келеді. Жастар арасында көшбасшы болу кейде абыройын
көрсету, арсыздық жасау, қаталдықпен байланысты.
Тұлға аралық жəне топтық жанжал мəселесі əскери өтеу борышы
кезінде қатты қаралады. Әскери қызмет ұжымдық сипаттағы айқын
тəртіптерді атқарады: əскери қызметкерлер өз міндеттерін орындауда
61
жəне бос уақыттарында бір-бірімен өзара қатынаста етеді. Осындай
өзара қатынасты бұзатын əртүрлі
қайшылықтардан жанжал тууы
мүмкін. Жанжалдар топтардың өзара қатынасына, ұйымда нəтижелі
жұмыс жасауға, бөлімшенің, экипаждың, есептеудің қауіпсіздігіне
кері əсер етеді.
Жанжал кезінде қандай мінез-құлық стратегиясы ең жақсысы?
Жауап: ешқандай. Нақты жағдаяттар мен жағдайлардан əрдайым
шығудың дұрыс өз мінез-құлық стратегиясын құру қажет. Ол үшін
жанжалды талдап жəне оның шығу себептерін түсіну керек. Сонымен
қатар, адамның болған жайтқа əсері жəне күйзеліс жағдайына əсер
етуі
оның эмоционалды жағдайына, темпераменті мен мінезіне
байланысты болатынын ескеру қажет. Бір жағдаята əр адам əрқилы
əрекет етеді. Олар жанжалдық жағдайдан шығуға көмектесетін өзіне
ыңғайлы мінез-құлық стратегиясын таңдайды. Сонымен, агрессивті
адамдар бəсекелестікті, ал сабырлы темпераменттегі адамдар жол бер
мен мəміле келушілікті таңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: