90
онда сулы сүрткішпен, еден жуу швабрасымен, сыпырғышпен
ұрғылап тоқтатуға болады. Жалынды тоқтатқан соң, ошағына су
құйып өшіру керек. Кез келген сүлгіні сулап аузыңыз бен
мұрныңызды жабыңыз, түтін иісі өте қауіпті. Жануды
оңашаландырудан кейін түтін сіңген заттарды көшеге шығару керек.
Пəтерлерде
көбіне
өрт
тұрмыстық
сымтетіктерден,
компьютерлерден,
теледидардан
шығады.
Компьютер
мен
теледидардың сымдарының тұйықталуынан өрт шығады, корпусы
қатты шаң басқанда болады. Шаң – электр қуатын жақсы өткізеді.
Сондықтан шаңдарын жиі сүртіп тұрыңыз, жүйелік блок үстіне газет,
қағаздар қоймаңыз.
Егер от шықса, бірінші кезекте тоқтан суырыңыз. Компьютер мен
теледидар жанғанда улы түтін шығады, сондықтан от шығу ошағын
жəне үйді улы түтінге толтырмас үшін пальто немесе жамылғы
жабыңыз. Компьютер мен теледидарды сөндіру үшін су құюға тыйым
салынады, ток ұруы мүмкін.
Егер жиһаз жанса, су құйып өшіріңіз. Заманауи жиһаздар
синтетикалық материалдан жасалатындықтан тез жанып кетеді,
сондық өшіру барысында абай болыңыз. Егер от жалындаса тез
пəтерді тастап шығыңыз жəне ТЖМ хабарласыңыз.
Табақтардың жануы ондағы майдың көп жиналып қалуынан
болады. Егер ондай жағдай туындаса табақ бетін қақпағымен немесе
сулы сүлгімен жабыңыз. еш уақытта отқа су құймаңыз, жиналған май
от жалынын шашыратып үлкен өртке айналуы мүмкін. Өртті сөндіру
үшін ағаштан жасалған тақтайды пайдаланбаңыз, ол да жанып кетеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Өрт туындаған жағдайда өнеркəсіп əкімшілігі не ойластырады?
2.
Өз күштерімен шыға алмайтын өрт жағдайында қандай əрекеттер
жасалады?
3.
Өрт кезінде алғашқы көмекті қалай көрсетеді?
4.
Зардап шегушінің киімі жанғанда не істеу керек?
5.
Күйік шалғанда алғашқы көмекті қалай жасайды?
6.
Жанып жатқан ғимаратта эвакуация кезінде өзін қалай ұстау керек?
7.
Пəтердегі кішкене өрт кезінде не істеу керек?
|