93
№6 практикалық сабақ
БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС КЕЗІНДЕГІ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ
ЗАҚЫМДАНУ ФАКТОРЛАРЫНАН ЖЕКЕ
ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛЕУ
Сабақ мақсаты: Бейбіт жəне
соғыс кезіндегі төтенше
жағдайлардағы
зақымдану
факторларынан
жеке
қорғану
құралдарымен танысу.
Практикалық дағдылар: Бейбіт жəне соғыс кезіндегі төтенше
жағдайлардағы зақымдану факторларынан
жеке қорғану құралдарын
пайданып үйрену.
1-
тапсырма. Бейбіт жəне соғыс кезіндегі төтенше жағдайлардағы
зақымдану факторларынан жеке қорғану
құралдарының сипаттамасы
мен түрлерін оқыңыз жəне сұрақтарға жауап беріңіз.
Жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) – улағыш заттардан жəне
ауадағы улы қалдықтардан адам терісі мен тыныс алу жолдарын
қорғауға арналған құрал.
ЖҚҚ бөлінеді:
тыныс алу ағзаларын қорғау құралы (газға қарсы, респираторлар,
дəнекеден жасалған таңғыштар);
көру ағзалары мен теріні қорғау құралдары (қорғаушы
көзілдіріктер, арнайы көзілдіріктер);
медициналық жеке қорғау құралы.
ЖҚҚ
қорғау әрекетінің принциптеріне сəйкес бөлінеді:
фильтрлік типтегі құрал;
оқшаулаушы типтегі құрал.
ЖҚҚ қолдану тәсілі бойынша бөлінеді:
кəсіпорындарда жасалған құралдар;
елді мекендегілердің өздері жасаған құрал.
94
Құралды тандау зақымданған мекеннің сипаттамасына жəне нақты
ластану
жағдайына, оларды белгілеу мен қорғау деңгейіне
байланысты жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: