Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет55/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

96
 
4) 
газқағарды тағарда үлкен саусақты сырт жағына, қалғандарын 
ішкі жағына қою
5) 
шлем-бетперденің төменгі жағын иекке жеткізу; 
6) 
жоғарыдан төменге қарай газқағарды басқа дереу кию; 
7) 
дем шығару; 
8) 
соңында қыртыс болмауы қажет, көзілдірік тұсы көздің 
деңгейінде болуы керек; 
9) 
дорбаны жанына ауыстыру. 
Оқшаулаушы газтұмша – тыныс алу ағзасын қоршаған ортадан 
толықтай оқшаулайды. Бұндай газтұмшада тыныс алу газтұмшаның 
өзінде орналасқан оттек қорының есебінен болады. 
Оқшаулаушы газтұмша апаттық, газдан құтқару жəне қалпына 
келтіру жұмысы кезінде адамның тыныс алу мүшелерін, көзді, бет 
терісін жəне басын қорғауға арналған. Бұл газтұмшалар толықтай 
оттек таусылғанда да жұмыс жасай алады: апат кезінде, табиғи апатта, 
қаскүнемдік кезінде.
ИП-4МК газтұмшасы тыныс алу мүмкін емес атмосферада, соның
оның ішінде құрамында хлор (10 %-ға дейін), аммиак, күкіртті сутек 
бар ортада қолданылады. Ол 5 дана регенерациялық патронмен 
жасақталады. Қорғаныс костюмімен бірге қолдануға болады. Жұмыс 
принципі адам тыныс алғанда химиялық заттардан көмірқышқыл газы 
мен ылғалды сіңіру арқылы оттекті бөліп шығаруымен негізделген. 
ИП-4МК газтұмшасы -40-тан +40 температура арқашықтығында 
сенімді жұмыс жасайды. 
Оқшаулаушы газтұмша бет бөлігінен, регенератациялық 
патроннан, тыныс алу қапшығы мен дорбасдан тұрады. Сонымен қоса, 
жинақтамаға буланбайтын қабықшалар жəне жылы манжеттер 
(қолданушы қалауы бойынша) кіреді. Бет бөлігі тыныс алуды 
қоршаған ортаның зиянынан қорғайды, жұтылған ауаны 
регенерациялық патронға бағыттайды жəне көмірқышқыл газынан 
тазаланған жəне байытылған оттек газы қоспасы бар ауаны жібереді, 
сонымен қатар көзді жəне бетті қорғайды.
ИП-4М жəне ИП-4МК газтұмшалары МИА-1 бетпердесінің - бет 
бөілігі. Онда сөйлесу құрылғысы жəне подмасочник бар. РП-4 
регенерациялық патрон ИП-4М жəне ИП-4МК-ді тыныс алу үшін 
жұтылған ауадан көмірқышқыл газы мен ылғалды сіңіріп алып
оттекпен қамтамасыз етеді. Патрон бойы іске қосылатын брикеті бар 
регенерациялық азықтармен қуатталған. Орнатылған ампула қираған 
кезде аққан күкірт қышқылы регенерациялық азықты қыздырады 


97
 
жəне онымен қоса жұмысын қарқындатады. Бұдан басқа, іске 
қосылатын брикет алғашқы минуттарда тыныс алу үшін қажетті оттек 
шығаруды қамтамасыз етеді. 
Тыныс алу қапшығы РП-4 бөліп шығаратын тыныс шығарған газды 
қоспа мен оттек үшін қойма қызметін атқарады. Онда РП-4-ге жəне 
артық қысым қақпағына қосылатын фланец орналасқан. Тыныс алу 
жүйесінен соңында артық ауаны шығарады, сонымен қатар тыныс алу 
қапшығында су астында керекті газ көлемін ұстайды. Дорба 
газтұмшаны сақтау жəне тасу үшін арналған. Оқшаулаушы 
газтұмшаның бет бөлігі жеткілікті термоқорғаныс құрамындарын 
қамтамасыз етпейді жəне онымен жұмыс жасағанда қорғаныс 
костюмінің капюшонын киюді ұсынады. 
РП-4-те оттек қоры оқшауланған газтұмшада ауыр физикалық 
жасауда 45 минут көлемінде, орта жұмыста – 70 минут, ал 
тынышталған жағдайдағы жеңіл жұмыста – 3 сағатқа дейін жұмыс 
жасауға мүмкіндік береді. Оқшаулағыш газтұмшада РП-4 ауыстыра 
отырып үздіксіз жұмыс жасау 8 сағатқа созыла алады. Қайта жұмыс 
жасау 12 сағаттық демалыстан соң ғана рұқсат етіледі, газтұмшаны 
мерзімді пайдалану – күнделікті 3-4 сағаттан 2 апта бойы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет