Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет57/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

Мақта-дәкелі таңғыш – бұл ішінде мақта бөліктері бар дəке 
лентасы. Ол тыныс мүшелерін радиоактивті шаңдардан, вирустардан 
жəне биологиялық аэрозолдардан сақтану үшін қолданылады. 
Шаңға қарсы мата бетперде корпустан жəне бекіткіштен тұрады. 
Корпус төрт-бес қабатты матадан жасалады. Бетперде корпусында 
түссіз материалдар немесе шыны пластинасын қоятын көру тесіктері 
қарастырылған. Бетперденің басқа нақ киілуіне көмектесетіндер: 
жоғары тігісіне қойылатын резеңкелі бау; бекітудің төменгі тігісіне 
қойылатын бау; бетперде корпусының жоғарғы түйініне бекітілген 
көлденең резеңкелер. 
Бетпердені кию үшін қажеттілер: 
1) 
көлденең резеңкелер мен бекітуді бетперденің сырт жағына 
жіберу; 
2) 
екі қолмен астыңғы жақты үлкен саусағын сыртқа шығару 
арқылы ұстау; 
6.3-
сурет. У-2К респираторы 


99
 
3) 
Бетперде корпусының төменгі жағын иекке жақсылап байлау; 
4) 
бекітуді басына апару жəне бетпердені бетке орнықты түрде 
алақанмен жабыстыру; 
5) 
Көлденең резеңкелерді жөндеу арқылы бетперде бетте 
ыңғайлы тұруын қарау. 
Теріні жеке қорғау құралдары деп арнайы материалдардан 
жасалатын, күнделікті киім мен аяқ киімдерді толықтыратын өнімді 
айтады. 
Теріні жеке қорғау құралдарына қажеттілік төңіректе ядролық 
(химиялық, бактериялық) зақымдану, сонымен қатар адам ағзасы 
радиациялық заттардан, биологиялық заттардан жəне ядролық 
жарылыстың сəуле ағындарынан уланған жағдайда туындайды. 
Теріні жеке қорғау құралы қорғаныс əрекетінің принциптері жəне 
тыныс алуды қорғау құралы бойынша оқшаулаушы жəне сүзгіш 
болып бөлінеді. 
Теріні жеке қорғаудың оқшаулаушы құралы резеңке қосылған 
матадан тігіледі. Олар зақымданған орында ұзақ болатын жағдайда, 
зардап ошағындағы жəне зақымданған аймақтардағы түрлі 
жұмыстарды атқарғанда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет