Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет61/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

4-
тапсырмаРеспираторды кию тəртібін бекітіңіз.
Техникалық жабдықтау: ШБ-2 респираторы, У-2К немесе басқа.
Респиратордың əртүрін қолдана отырып өзіңізге жəне зардап 
шегушіге киіп көру əдістерін үйреніңіз. 
5-
тапсырма. Мақта-дəке таңғышын дайындаңыз. 
Техникалық жабдықтау: ұзындығы 100 см жəне ені 60 см 
көлемінде оқушылар санына сəйкес дəке кеіснділері, мақта 30*20 см, 
қалыңдығы 20 см, жіп, ине, қайшы. 
Мақта-дəке таңғышын дайындау үшін қажеттілер: 
1) 
ұзындығы 100 см жəне ені 60 см көлемінде дəке қиындысын 
алу; 
2) 
дəкені үстелге қою; 
3) 
дəкенің ортасын біркелкі 1-2 см қалыңдықта, 30*20 көлемінде 
мақтаны қою; 
4) 
мақтаны орай ұзындығы бойынша дəкені бүктеу; 
5) 
бау болу үшін ұзындығы бойынша қалдықтарды екі жағына 
кесіп тастау. 
Мақта-дəке таңғышы пайдалануға дайын. Берік болу үшін мақта-
дəке таңғышын екі жағынан жіппен тігеді. Медициналық мақта-дəкелі 
таңғыш əр 3-4 сағат сайын ауысып тұрады. Пайдаланып болған соң 
тастау керек, бетперде жуылмайды. 


104
 
№7 практикалық сабақ 
ҚАН КЕТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ 
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ҮЙРЕНУ 
ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛЕУ
Сабақ мақсаты: бейбіт жəне соғыс уақытындағы ТЖ кезінде 
зардап шегушілердің қансырауында алғашқы көмек көрсету 
тəсілдерімен жəне қан ағу түрлерімен танысу. 
Практикалық дағдылар: Қан кету кезінде алғашқы көмек көрсету 
əдістерін үйрену. 
1-
тапсырма. Қан кету түрлерін жəне ішкі жіне сыртқы қан кетуде
алғашқы көмек көрсету ережелерімен таныңыз жəне бақылау 
сұрақтарына жауап беріңіз. 
Техногенді сипаттағы немесе апаттық жағдайдағы экстрималды 
жағдаяттар нəтижесінде мысалы, жол көлік апаты, бір мезетте 
көптеген зардап шегушілерге жедел жəрдем көмегі қажет жағдай 
туындайды.
Алғашқы көмек көрсету апат болған орында алғашқы көмек дəрі 
қобдишасын пайдалану арқылы өзіне жəне өзара көмек көрсету 
ретімен көрсетіледі.
Алғашы көмек көрсету 1 сағат ішінде келмесе ауыр жағдайда 
жарақат алған зардап шегушілердің 30 %-ы өледі, ал 6 сағат ішінде 90 
%-
ы өледі. Сондықтан өмірді сақтауда алғашқы көмек шешуші 
маңызға ие. 
Алғашқы көмектің негізгі мақсаты: 
 
зардап шегушінің өмірін сақтап қалу; 
 
ауыр асқынулар жайлы ескерту; 
 
жарақаттаған факторларды жою немесе азайту – жол апаты 
құралдарынан зардап шегушіні шығару, қауіпсіз жерге апару, 
жанған киімдеріндегі өртті өшіру, судан немесе газға уланған 
аумақтан шығару; 


105
 
 
сыртқы қан кетуді тоқтату; 
 
зардап шегушіні ауруханаға апару. 
Апаттық жағдай нəтижесінде бірнеше зардап шегуші болса, ең 
алдымен ауыр халдегі науқасқа көмек көрсетілуі тиіс. Ауыр 
жарақаттанғандардың саны өте көп болса, алдымен балаларға 
алғашқы көмек көрсету керек. 
Қан кетуді тоқтату жəне жарақатты таңу ТЖ жағдайындағы 
алғашқы көмек əрекеттері болып табылады.
Қан кету қан жүйесінен қан ағу арқылы қанды жоғалту. Қан қан 
тамырлардан ішкі ағзаға ағады немесе терінің жарақаты немесе қан 
тамырлардың жарылуы арқылы сыртқа шығады.
Қан кету егер қан жарақат арқылы сыртқа ақса сыртқы , егер қан 
кеуде жəне басқа да ағзаларға немесе ағзалар қуысына (асқазан қуысы, 
транхея, бронх қуысына) ақса ішкі деп аталады. Бұл қауіпті түрі, 
өйткені ішкі қан кетуде қан жасырын ағады жəне оларды табу қиынға 
соғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет