Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет102/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Қорытынды бөлім
– 
бірлескен құрылыс сіздерге ұнады ма? 
– 
ерекше ұнағаны не? 
– 
құрылыстың қай кезеңі есте қалды? 
– 
ойында қандай сезімдер пайда болды? 
Қорытындыда әлеуметтік маман құм суретін реттеп, ойын-
шықтарды орнына қойып, құмның бетін тегістеп, қолды жууды 
сұрайды. 
Корытынды кезінде әлеуметтік маман: «Бүгін сіздер Құм 
елінде көптеген қызықтар жасадыңыздар, сондықтан Құм елі 
сіздерге өз ризашылығын білдіреді. Осы ел сіздердің мейірімді 


181 
тілектеріңізді орындауға майда тастарды сыйлайды. Қолдарың-
ызға ақырындап тастарды алыңыздар да, бір-біріңізге сыбырлап, 
мейірімді тілектерді тілеңіздер». 
 
2-сабақ 
Мақсаты:
Даусыз өзара әрекет жасай білуге тәрбиелеу
«ата-ана – бала» жүйесіндегі қатынастардың үйлесімділігі. 
Міндеттері:
– 
жанасу арқылы сезінуді дамыту. 
– 
көру арқылы қабылдауды дамыту. 
– 
коммуникациялық дағдыларды дамыту. 
– 
психофизикалық қысымды төмендету. 
Құралдар:
құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, қыл-
қалам. 
Сабақ барысы 
Кіріспе бөлім
Әлеуметтік маман: «Сіздермен құмсалғыштағы тәртіп ереже-
сін еске алайық» (ата-ана бала кезекпен ережелерді есіне түсі-
реді).
«Құм жасырынбағы» жаттығуы 
Әлеуметтік мамана та-анадан ойыншықтар арасынан үшеуін 
таңдауын сұрайды. Бала көзін жұмып тұрғанда анасы құмға ойын-
шықтарды тығады. Содан кейін анасы: «Көзімізді ашқанда ойын 
басталады», – дейді, сонан соң бала жасырылған ойыншықтарды 
табу керек (саусағымен қазып алуға, қылқалам қолдануға, құмды 
үрлеуге болады). Ата-ана мен бала орындарын ауыстырады (бала 
ойыншықтарды жасырса, ата-ана іздеп табады).
Негізгі бөлім 
Әлеуметтік маман анасы мен баласынан сұрайды: «Сіздер 
сыйлық алғанды немесе сыйлық жасағанды жақсы көресіздер ме? 
Біз бүгін сіздермен бір-бірімізге сыйлық жасаймыз және бізге 
құмсалғыш пен ойыншықтар көмектеседі. Құмсалғышты тең екі-
ге бөлесіздер, әрқайсыңыз өз жағыңызда бір-біріңізге тосын сый 
дайындаңыздар. Мүмкін бұл ертегі елі, сурет және т.б. бәрін 
дайындап болмайынша, бір-біріңізбен сөйлесуге рұқсат беріл-
мейді. Сыйлықты дайындағаннан кейін әрқайсымыз не істегені-
міз жайлы айтып береміз, ал келесі адам сыйлық ұнағаны / ұна-
мағаны жайлы айтады». 


182 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет