Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет104/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
4-сабақ 
Мақсаты: 
Ата-ана мен бала арасындағы серіктестік пен ын-
тымақтастықты дамыту. 
Міндеттері: 
– 
ұсақ моториканы, жанасу сезімін дамыту; 
– 
психоэмоциялық күйді түзету; 
– 
коммуникациялық дағдыларды дамыту. 
Құралдар: 
құмсалғыш, майда ойыншықтар жиынтығы, қо-
рап, қоян, орман, көбелек, көпір, дельфин, кеме, тасбақа, өзен, 
тау, жеті гүлше күлтешесі сөздерімен берілген карточкалар. 
Сабақ барысы 
Кіріспе бөлім
«Археолог» жаттығуы 
Ата-анамен бірге балаға археолог ойынын ойнау ұсынылады. 
Құмды қазып, құм астындағы қазынаны табу керек. 
Негізгі бөлім 
Әлеуметтік маман: «Мына сиқырлы қорапта қызық ертегі 
тұрады (психологтың қолында әдемі қорап). Әр сөз әр қағазда 
жазылған. Әр сөзді кезекпен шығарып, анасымен бірге ертегі ой-
лап табу керек әрі құмда сол ертегіні құрастыру керек. (Мысалы, 
ретінде «қоян». Ертегіні бастайық: «Ерте-ерте ертеде қоян бо-
лыпты», құмсалғышта қоян пайда болады. Келесі сөз «орман», 
ертегіні жалғастырамыз: «Ол орманда өмір сүріпті» құмсалғыш-
та орман саламыз)». 
«Тілекті жорамалда» жаттығу. 
Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабақта не ұнады? 
Қандай орындау қиын болды? 
Қорытындыда әлеуметтік маман құм-
дағы суреттемені ретке келтіріп, ойыншық-
тарды орнына қойып, құмның бетін тегі-
степ, қолдарын жууды сұрайды. 


184 
Арт-сабақтар 
«… бет пердені суреттейміз» 
Мақсат – қатысушылардың өз шынайы Менін, идеалды ме-
нін тану, өзіндік таным, өзінің күшті және әлсіз жақтарын қабыл-
дау үрдістеріндегі тұлға үшін жағымды жағдайларды қалыптас-
тыру, рефлексиялық дағдыларды дамыту, өзіндік бағаны көтеру.
І Дайындық («Қыздыру») 
Визуализация 
тәсілі қолданылады:
Мақсат: бірлескен және жеке өмір сүру үшін жағдай жасау. 
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ыңғайласа отырып, 
көзді жұму ұсынылады.
Әлеуметтік маман: «Көздеріңізді жұмыңыздар. Тамаша күн, 
көгілдір аспан, күн жып-жылы. Ауа таза және жағымды. Жеңіл 
және еркін тыныс алып жатырсыздар. Өздеріңізді еркін сезініп, 
әр тыныс алған сайын денелеріңізді бос ұстауға тырысыңыз. Ал 
енді өзіңізді маскарадтамын деп елестетіңіз. Не сезіне алдыңыз, 
не көрдіңіз? Ал енді өз денелеріңізге оралыңыздар да, ішкі тұста-
рыңыздан өздеріңізге назар аударыңыздар. Шын мәнінде, сіз 
кімсіз? Көңіл-күйлеріңізге назар аударыңыздар, не өзгерткіңіз ке-
леді? Көздеріңізді ашпай тұрып, тағы да айналаңызға бір қарап 
шығыңыз. Өз орныңызға қайта оралыңыз және «үшке» дейін са-
нағанда көздеріңізді ашыңыздар». 
Қатысушыларға көздерін ашқаннан кейін тапсырма түсінді-
ріледі. 
ІІ Жеке жұмыс. 
Материалдар: А3 форматтағы қағаз, акварель, қылқалам
түрлі-түсті борлар, қарындаштар, желім, түрлі-түсті қағаз, түсті 
жіптер, суреттері бар әр түрлі журналдар, қайшы. 
Әлеуметтік маман әр қатысушыға өзінің бетпердесін жа-
сауды ұсынады. Бетперде олардың «ішкі өмірінің» көрінісі, қо-
жайыны туралы ақпараттың иесі болу керек. Персон бетпердесін 
(біз ұмтылатын мінсіз бейне) немесе Көлеңке бетпердесін (адам-
ның жеке ықыласы, естелігі, тәжірибелері) құру ұсынылады. 
Персон және Көлеңке бетперделерінің қатысушыға қайсы жақын 
екенін, қай бетпердені таңдап жасайтыны анықталады. Егер қа-
тысушылардың бірі екі бетпердені де дайындағысы келсе, оған 
келісу керек.


185 
Қатысушылар өз бетперделерімен жұмыс істеп жатқанда 
бетпердені киіп көру
кезеңі дайындалады. Ол үшін осы үрдіске 
тағы бір қатысушы – айна қажет. Әр адам айнаға барып қарағанда 
өзін көргендей сезімде болғаны маңызды.
Әр қатысушы біткеннен кейін кезекпен (кезекпен болуы 
маңызды емес, жұмыстың аяқталуына байланысты) бетпердені 
киіп, айнаға қарау керек. Әр қатысушы айнаның алдында қанша 
уақыт қажет болса, сонша уақыт тұра алады. Келесі қатысушы 
айна босаған жағдайда ғана барып отыра алады. 
ІІІ Кері байланыс кезеңі 
Қатысушылар позитивті тәжірибе, сезімдер, эмоциялар тура-
лы ойларымен бөліседі. Қандай бетпердені жасағандарын, неге 
дәл осы бетпердені таңдап орындағандары туралы айтып береді. 
Осы бет пердені киіп, айнаға қараған кезде қандай күйде болған-
дарымен де бөліседі. Шеңбер бойынша қатысушыларға серіктес-
терінің жағымды жақтары, бетпердесінің қасиеті туралы айтып 
беру ұсынылады.
ІV. Қорытынды кезең: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет