Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет118/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
Ниеттер автобусы 
Біреу кіреді... 
Біреу шығады... 
Біреу қалады... 
Сіз қалушылардың арасында болыңыз.
Автобусқа қажетті адамдарды отырғызып, қажет еместерін шығарыңыз. 
Қажет адамдарды дұрыс орындар бойынша, белгілі тәртіп бойынша отырғызы-
ңыз, оларды апарар жолды есте сақтаңыз. Адамдардың сіздің басты активіңіз деп 
есептемеңіз. Олай емес. Қажет адамдар ғана – актив. Қызметке сіздің бизнесіңізге 
немқұрайлы қарамайтын, жанып тұрған, қайратты адамдарды қабылдаңыз.
Білу, үйренуге қабілетті болыңы.
Сіз биікке шығуға септігіңіз тию үшін не істей аласыз? Экономикалық 
дүрбелең кезінде не істейсіз? Жұмысты атқаруда сәтсіздіктер болса, қандай 
әрекет жасайсыз? Қаражаттың бәрі жұмсалып, өз-өзіңізге деген сенім жоғалып, 
өз-өзіңізді нашар сезінсеңіз не істейсіз? Барлығы да оңай. Сіз айналада болып 
жатқан оқиғаларға қарамастан өз ісіңізді керемет жүргізе аласыз. Егер бір нәрсе 
жетіспесе, өзгеріңіз. Егер бір нәрсе ұнамаса, өзгеріңіз. Бір нәрсе жетпесе, өзге-
ріңіз. Келесі күні сіз дәл осы қалпыңызда қалуыңызға міндетті емессіз. Сізді 
үнемі жігерлендіретін нәрселер – өзіңізді қажет нәрсені жасауға көндіру, биікке 
шығу, жағымсыз нәрсені сәттілікке айналдыру. 


212 
Өмірдегі ұлы жетістіктер оқып-үйренуге әрқашан дайын, оқуға деген ын-
таны биікке шыққанынша сақтай алатын адамдар үшін арналған. Бұл өз арман-
дарын іске асыра алатын және бұрынғы дағдысы бойынша өмірден өз дегенін 
ала алмайтын адамдар арасындағы ерекшелік.
Өзіңізді оқуға құштар екеніңізді көрсетіңіз. 
Кеңседе қолым бос емес деп, түнге дейін отыра бермеңіз, бизнесті жылжы-
туға үлес тигізбесе, уақытыңызды құр үстелдің басында отырумен өткізбеңіз. 
Үстел – болашағыңызды барлау үшін қауіпті орын. Үйден шығыңыз да, қорша-
ған ортаға кіріп, оны өз ісіңізбен таныстырыңыз. Өзіңізбен бірге бір бума таныс-
тыру картасын (визитная карточка) алып, оларды оңды-солды таратыңыз. Біреу 
алар, біреу алмас, біреу сізге қосылар, біреулер өз жолымен кете берер, бірақ сіз 
іздеуден жалықпаңыз. Егер де сіз кеңседе отырып қана әрекет етсеңіз, мекеме-
ңіздің баяу қарқынмен өсуі кепіл. Қандай да бір клуб мүшесі болыңыз, сіздің 
ұсыныстарыңыз бен өнімдеріңіз, бизнесіңіз біреуді қызықтырады-ау деген жер-
лерге барып тұрыңыз. Көптеген зорыққан адамдар тез тамақтану мейрамханал-
арына барады. Бір бөтелке су алып, бір жақсы кітап алып, сонда бірер сағат 
отырыңыз. Адамдар өз тамақтарын алып, сіздің жаныңызға отырғанда олармен 
әңгімені бастаңыз.
 
Өз бизнесіңізді жан-жақты зерттеңіз. Ол көпқырлы гауһартасқа ұқсас. 
Өз бизнесіңізді гүлдендіргіңіз келсе, тез орайда үлгілі жетекшіге айналуыңыз 
керек. Шешімді тек өзіңіз ғана қабылдай аласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет