32
–
жеке басының қадір-қасиеті мен бірегейлігін құрметтеп,
өзінің жеке мүмкіндіктеріне сүйене өмір сүруге көмектесу,
клиентті
іс-әрекетке, бастамашылыққа,
шығармашылыққа
шабыттандыру және себеп болу;
–
клиентті тыңдай білу, ұстамды болу, мәселені және жағ-
дайды түсіну, оның орнына өзін қоя білу, сыпайылық пен әдеп-
тілік көрсету;
–
тіл табыса білу, жайдары болу, клиентті сөйлете алу, мә-
селені шешу жолдарын бірлесіп анықтау;
–
жеке тұлғалық қабілетін, білімін, тәжірибесін басшылық-
қа ала отырып, басқаларға қажетті, қызықты бола білу;
–
клиент пен оның қоршаған ортасы, басқа да әлеуметтік
жұмыс субъектілері арасындағы байланысты қамтамасыз ететін
дәнекер болу;
–
клиенттің өзіндік субъективті
ұстанымын қамтамасыз
ету, қайырымдылық көмек көрсетілген түрлері арқылы оның қа-
дір-қасиетін төмендетуге жол бермеу;
–
клиентпен жұмыс кезінде бейресми бола білу, өз мәселе-
лерін шешуде кеңес беруші, клиент көмекшісі рөлін атқару, тең
дәрежелі диалог негізінде қарым-қатынас орнату;
–
әрқашан адамгершілік мен мейірімділік ұстанымдарын
сақтау;
–
клиентті айыптамау, кінәламау, оның қадір-қасиетін құр-
меттеу;
–
жеке тұлғаға немесе адамдар тобына қатысты адамгерші-
лікке жатпайтын немесе дискриминациялық мінез-құлық мүм-
кіндігін болдырмау;
–
клиентті дене немесе
психикалық қолайсыздықтардан,
ашуланудан, қауіптерден немесе қорлаудан қорғау;
–
кәсіптің өкілі ретінде өз мінез-құлқының жоғары мораль-
дық нормаларын сақтау, кез келген айла-әрекет, біреуді адасты-
ру, біреуге қиянат жасауды болдырмау;
–
әрқашан тек клиенттің мүдделеріне сай әрекет ету;
–
әлеуметтік жұмыста көмекшілерді таба білу,
қоғамның
әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саясатты дамытуға қатысуын қолдау;
–
жұмысты тек өз құзыреті шегінде жүргізу, өз жұмысының
сапасына жеке жауапкершілікпен қарау, өз міндетін адал орын-
дай отырып, кәсіби қызмет барысында кездесетін ықпал мен қы-
сымға бой алдырмау;
33
–
клиентке қабылданатын шаралар,
көрсетілген көмектің
сипаты, жүргізілетін жазбалар, жиналатын деректер туралы то-
лық ақпарат беру;
–
кәсіби қатынастарын жеке мақсаттар үшін пайдаланбау;
–
пікірталастар мен жағдайларды бағалауға тек кәсіби мақ-
сатта қатысу;
–
клиент сеніп тапсырған құпияны құрметтеу және жария
етпеу;
–
қызметтер үшін төлемді тек заңды түрде қабылдау;
–
жасалған жұмыс үшін құнды сыйлықтар қабылдамау;
–
әлеуметтік жұмыс саласындағы маман ретінде кәсіби бі-
лімін, шеберлігін, біліктілік деңгейін үнемі жетілдіруге ұмтылу;
–
тәжірибелік іс-әрекетін кәсіби білімге негіздеу;
–
мамандықтың қадір-қасиеті мен тазалығын қорғау және
арттыру;
–
кәсіби қарым-қатынас пен өзара іс-қимыл барысында әріп-
тестердің сенімін құрметтеу, сыпайылық пен әділеттілікті сақтау;
–
кез келген өз әріптестерінің этикалық емес мінез-құлқына
қарсы шара қолдану;
–
халықтың әртүрлі топтары үшін әлеуметтік қызметтерді
ақпараттандыру және қол жетімді ете отырып, адамдарға барын-
ша көмектесу.
Қоғамның әл-ауқатын дамытуға үлес қосу:
– адамдардың, әртүрлі отбасылардың жеке мүмкіндіктерін
кеңейту, әлеуметтік жағдайы төмен топтар мен мүгедектерге
ерекше назар аудару;
– әділетсіздік пен құқық бұзушылыққа қарсы белсенді күрес;
– қоғам құратын мәдениеттердің айырмашылықтарына құр-
метпен қарауды қолдау үшін жағдай жасау;
– әлеуметтік өмір жағдайын жақсарту және әлеуметтік әді-
леттілікті сақтау мақсатында саясат пен заңнаманы өзгертуге ба-
ғытталған бастамалар.
Достарыңызбен бөлісу: