Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Әлеуметтік педагог шешетін мәселелер



Pdf көрінісі
бет6/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Әлеуметтік педагог шешетін мәселелер: 
 
баланың қоғам өмірінің өзгерген жағдайларына бейімсіздігі;
 
бала мен қоғам қарым-қатынасының үйлесімсіздігі;
 
ата-аналардың белгілі бір бөлігінің тәрбиелік дәрменсіздігі;
 
этникааралық шиеленіс, ұлтаралық негіздегі қақтығыстар;
 
мәдениеттің, білімділіктің, адам тәрбиесінің төмен деңгейі;
 
қоғамдық өмірдің азғындауы; 
 
өндірістің, әлеуметтік саланың түрлі салаларындағы са-
бақтастықты жоғалту; 
 
жастардың инфантилизмін еңсеру;
 
отбасылық қарым-қатынастың бұзылуы. 
Жалпы білім беретін ұйымдардағы әлеуметтік педагог қыз-
метінің ерекшелігі тәрбие мен білім берудің өмірмен, социумның 
қажеттіліктерімен тығыз байланысты сияқты ережелермен си-
патталады; тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәр- 
биелеуге, қазіргі қоғам талап еткен білімнің адамгершілік негізі-
не, білім беру мекемелерінің белсенді тәрбие қызметін ашық со-
циумға ауыстыруға, тұлғаны әлеуметтендіру процесін қарқында-
туға ықпал етеді. Әлеуметтік педагог қызметінің ерекшелігі – ба-
лаға мәселені тұжырымдауға көмектесу және оның неге байла-
нысты түсіндірілуі, яғни туындаған жағдайдың мән-жайын анық-
тау және диагноз қою. Әлеуметтік педагог қызметінің негізін ха-
лық мәдениетінің құндылықтары, адам өмірінің өзін-өзі ұйым-
дастыруының тарихи тәжірибесі құрайды. 
 
Білім беру ұйымындағы әлеуметтік педагогтың құзы-
реттілігі 
Әлеуметтік педагогтың білім беру ұйымындағы алатын орны 
ерекше. Әлеуметтік педагог – ол тәрбиеші, сынып жетекшісі, 
тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші. 
Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Білім бе-
ру ұйымындағы әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушы-
ның әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеу- 
меттік педагогтардың жұмыс нысаны, балалар мен жасөспірімдер 
болып табылады. Ол әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы ба-
лалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлға-
мен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогика- 


14 
лық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылар мен тәрбиеленушілер-
дің қызығушылығы мен мұқтаждығын, мінез-құлық ауытқуын
шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсе-
теді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның 
билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді, оқушы-
лардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ың-
ғайлы және қауіпсіз жағдай құрады, олардың өмірі мен денсау-
лығын қорғауға, жалпыға бірдей білім алуына, салауатты өмір 
салтын насихаттауға, қалыптастыруға көмектеседі, балалардың 
таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасауға құзыретті. 
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагог қызметінің бір саласы 
– отбасымен жұмыс. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың 
іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке 
мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог 
отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйе-
сіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады. 
Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамта-
масыз етеді. Әр баланың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең 
зерттеу оларды келешекте қорғап, қамқорлыққа алуға септігін 
тигізеді. Сондықтан мектепте аз қамтылған отбасы оқушылары-
ның әлеуметтік картасы жасалады. Осы карта бойынша аз қам-
тылған, көпбалалы отбасы, жетім, толық емес отбасы, жұмыссыз 
отбасы есепке алынады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мү-
гедек оқушылар да назардан тыс қалмауы керек. Білім мекемесін-
дегі әлеуметтік педагог мұндай балаларға жоспарлы түрде мате-
риалдық және рухани көмек ұйымдастырады. 
Оқу тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы 
бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтама-
сыз етуді ұйымдастырады. Сондай-ақ оқушының отбасылық тәр- 
бие жағдайын анықтап, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыла-
рына көмек көрсетуді ұйымдастырып, баланың жеке дамуындағы 
ауытқулардың алдын алып, түзету жұмыстарын жүргізеді. 
Жоғарыда әлеуметтік педагогтың бірлесе жұмыс атқаратын 
субъектілері көрсетілген, егер осы бірлескен жұмыс жүйелі жол-
ға қойылса, мектептегі оқушыларды әлеуметтендіру жұмысы жо-
ғары деңгейге ие болады. 
Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың 
алдында күрделі міндеттер тұр. Оқушыларды оқыту мен тәрбие-
леудегі мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың қызметі 


15 
ерекше деп атауға болады. Өйткені олардың бірігіп атқарған жұ-
мысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, жан-жақты 
жетік қалыптасуына кең жол ашылады. 
Білім беру мекемесінде әлеуметтік педагог жетім және ата-ана 
қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақылық, зейнетақылық 
және тұрғын үй жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. 
Қазіргі кезде елімізде экономикалық және әлеуметтік қиын-
дықтар орын алғаны бәрімізге белгілі. Халықтың басым көпшілі-
гі жұмыссыз болғандықтан әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен от-
басылардың саны аз емес. Әлеуметтік тұрмыс жағдайы баланың 
білім мен тәрбие алуына ықпалын тигізеді. Мектептегі әлеумет-
тік педагог баланың өскен ортасы, жанұясы, қарым-қатынаста 
болатын жолдастары, сыныптастары туралы сараптап, оқу жылы-
на жоспарын жасайды. Жоспар жасауда көптеген талапқа сай құ-
жаттар басшылыққа алынады. Сонымен қатар оқу жылында мек-
тептің әлеуметтік паспорты жасалынады. 
Әлеуметтік тұрмысы нашар отбасына жұртшылық назарын 
аудару мақсатында «Мектепке жол» акциясын кең көлемде өткі-
зіп, аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасыларына киім-кешек-
тер мен оқу құралдарын алып беруді әлеуметтік педагог ұйым-
дастырып отырады. «Қайырымдылық жәшігі» мектеп, жоғары 
оқу орындарының ғимаратында орналастырылып, барлық ұжым 
мүшелері, мұғалімдер, студенттер қатысады, сонымен қатар 
«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті ұйымдасты-
рылады. Акцияда мектеп ұжымының, оқушылардың, кәсіпкерлер 
мен демеушілердің көмек беруімен әлеуметтік аз қамтылған оқу- 
шыларға, балалар үйіне киімдер, оқу-құралдары алып беріледі. 
Әлеуметтік педагогтың осындай ұйымдастырған іс-шаралары әр-
қашанда әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы әр балаға шаттық 
сыйлайтыны баршамызға белгілі. Осы арқылы біз оқушылары-
мызға әрқашан қоғамнан тыс қалмағанын, әрдайым қолдау көр-
сетілетіндігін, қиын жағдайда қасынан табылатындығын дәлел-
дейміз және осындай жылылыққа бөленген оқушы да болашақта 
жақсылыққа ұмтылуға бейімделетінін көреміз. 
Әлеуметтік педагог мамандығының иесі гуманист, биік руха-
ни және жоғарғы деңгейдегі мәдениетті педагог, психолог, бала-
ның білім алуына, тәрбиесіне, дамуына байланысты, оны корғау-
ға өзін белсенді рөл атқаратынын түсіне алуы, тұрақты адамгер-
шілік қағидасы, құзыреттілігі болуы тиіс. Белгілі бір нәтижеге 


16 
жету үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлауды, бі-
лім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа бел-
сенді әдістерін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын бі-
луі қажет. Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланысты 
жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес беріп, отбасылык мәселелерді 
бірлесе шешуге көмектеседі. Әлеуметтік педагог – диагностика-
лық қызмет; өз қызметінде көмекті қажет ететін балаларды анық-
тау; кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәр-
биесін ұйымдастыру, «қиын оқушылармен» жұмыс, сынып же-
текшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен, 
пән мұғалімдерімен қарым-қатынасты үйлестіру. 
Әлеуметтік педагогтың білуі тиіс нормативтік құжаттары: 
 
Қазақстан Республикасының конституциясы; 
 
Білім туралы заң; 
 
Бала құқығы туралы конвенция; 
 
Бала құқығын қорғау заңы; 
 
Неке және отбасы туралы заң; 
 
Әдеп кодексі; 
 
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және 
медициналық қолдау туралы нормативтік актілер. 

1-сызба


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет