Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет94/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Жұмысты орындау:
керек материалдарды тапқаннан кейін 
балалар өз коллаждарын құрастырады. 
Қорытынды:
өз жұмыстарын көрсетіп, қорғау. 
Балалар қорғап болғаннан кейін сөз кезегін тәрбиеші алып, 
жұмыстың орындалу сапасына қарамастан, балалардың шығар-
машылығы мен қиялын белгілеп көрсетеді. 
Қатысушылар жүргізілген дәріске өзінің пікірін білдіреді. 
«Отбасы тарихы» (
түйме техникасы) 
Мақсаты:
Қарым-қатынасты, эмоциялық ерікті іс-әрекетті 
түзету, біріктіру. 
Біздің есіміз көптеген тарихтарды есінде сақтайды: қайғылы, 
қуанышты, қызықты, және сақтандырушы, бұл оқиғалардың бас-
ты кейіпкері де, батыры да – адам және оның отбасы. Оларды 
түймеге қосып жазыңыздар. Осылайша, отбасыңыздың салты 
мен өмірлік тәжірибесі балаңызға беріледі. 
Балаңыз немесе қы-
зыңызда сенімділік пен қорғаныш сезімін тудырады.
Барысы: 
Кілем немесе орындықтың үстіне ыңғайланып отырыңыз. 
Жайдарлы әуен қосып қойыңыз. Түйме сақтайтын қорапшаны 
немесе сандықшаны алып қараңыз. Түймелерді топтастыра оты-
рып, сізге дейін әулетіңіздегі қанша буын әйел азаматтары осы 
түймелерді қолданғанын есіңізге түсіріңіз. Өзіңіздің және бала-
ңыздың құлағының астына қорапшаны сілкілеп сағат тіліне құ-
лақ түріңіз. Былай деңіз: «Бұл қорапшада сенің, менің әжеміздің, 
атамыздың киімінде болған түймелер сақталып тұр. Оларды естіп 
тұрсың ба? Олар бір-біріне және бізге отбасымыздың санқилы 
тарихын айтып беріп жатыр. Міне, олардың бірі...».
Мысалы: «Бұл қорапшада менің той көйлегімнің бір түймесі 
бар. Ол кішкентай, аппақ, жылтыр, тегіс. Оны қорапшаның іші-
нен тауып алайықшы. Иә, дәл өзі. Бұл түйме – әкең екеуміздің 
тойымыздың көзі. Ол біздің үлкендердің сыйлаған күлкілерін, 
баталарын, тілектерін, жақсылықтарды, бақытты күнді біледі. 
Сондықтан ол бақыт пен шаттық әкеледі. Оны қолына алып, ала-
қаныңа салып жылыт. Саған бақыттың келгенін сезесің бе? Енді 
сен үйде жалғыз қалған кезіңде және өзіңді жабырқау сезінгенде 


171 
осы түймені тауып ал да, алақыныңа сал, сонда ол саған күш сый-
лайды. Түйме бақытты басқаларға да сыйлай алады. Сен мұндай 
бақытты кіммен бөліскің келеді? Сол адамға жақсы бір сөз айт».
Ескерту. Сіз отбасыңызда болған алуан түрлі оқиғаларды
дәл осы оқиғаға тән сезімдерді түймеге бере отырып, балаға ай-
тып бере аласыз. Осылайша, әртүрлі эмоциялық жағдайлардың 
белгілерін жасайсыз, бұл баланың бойындағы эмоциялық-ерікті 
іс-әрекетін түзетуді дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет