173
5. Достарың тұратын үйді таңда, олардың үйлерін сипаттап
бер. Үйлері қандай?
«
9 кіші мандала»
Сезімдермен жұмыс (А. Коробкин бойынша)
Қатысушыға диаметрі кесемен бірдей 9 кіші шеңбер мен көл-
денең A2 форматты бір үлкен шеңбер беріледі. Берілетін тапсыр-
ма өте жеңіл: қатысушы әр мандалаға эмоциялар мен сезімдерді
атай отырып, сурет салу қажет, мысалы:
15-сызба.
Кіші мандалар
Жағымды эмоцияларды бояуды ұсынуды ұмытпау қажет.
Қатысушының жағдайына байланысты эмоциялар жиынты-
ғын жетекші өзі таңдайды.
Ары қарай эмоциялардың клиент өміріндегі мәнін, соңғы рет
қай жерде көрінді, денесінің қай бөлігінде сезілді және т.б. сұ-
рақтар қоя отырып, анықтауға болады. Кейінірек, үлкен шеңбер
алынып, қатысушыға, өзінің қалауы бойынша кіші мандалаларды
ретпен қоюын ұсынады. Мандалалардың жапсырылу түрі мен
орналасу реті әртүрлі
болғанымен, біз балаларға: «әр
туынды
керемет және біз әрқайсымен жұмыс істейтін боламыз», – дейміз.
Бірінші шеңберге – «қайғы»
Екінші шеңберге – «тамсану»
Үшінші шеңберге – «қорқыныш»
Төртінші шеңберге – «жалғыздық» және т.б.
174
Бұл
техниканы эмоциялармен,
денемен жұмыс істеу бары-
сында қолдану тиімді. Егер оны жұмыс барысында және соңында
қолдансақ, эмоциялар күштерін қалай өзгергенін бірден байқай
аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: