Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


«Біздің галактика» (мандала техникасы)



Pdf көрінісі
бет97/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
«Біздің галактика» (мандала техникасы) 
Мақсаты:
Топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты, оқушы-
лардың топтағы өзін-өзі бағалауын, рөлін анықтау.
Құралдар:
релаксациялық әуен, қылқалам, түрлі-түсті қа-
рындаштар, А2 форматты қағаз, акварель, алдын ала газет- жур-
налдардан қиып алынған немесе боялған күннің бейнесі, қажет 
жағдайда желім. 
Нұсқаулық:
А2 форматты қағаздан алдын ала шеңбер жасап, оқушылар-
дың алдына беріңіз. Қағаздың центріне алдын ала дайындаған 
күннің бейнесін қойып, оқушыларға күн жүйесіндегі ғаламшар-
ларды салып, топтың галактикасын құруды ұсыныңыз. Әр оқушы 
өзінің ғаламшарын салу қажет. 
Орындыққа өзіңізді ыңғайлы сезінетіней қалыпта отырыңыз. 
Көздеріңізді жұмып, бір сәтке өз ішкі жан дүниеңізге құлақ түрі-
ңіз. Енді көз алдыңызға, топтың галактикасын елестетіңіз. Ол 
қандай? Күн жүйесіндегі ғаламшарларға назар аударыңыз. Олар-
дың арасынан өзіңіздің ғаламшарыңызды тауып алыңыз. Ол қан-
дай? Оның көлемі, түсі қандай? Ол қайда орналасқан? Өз ғалам-
шарыңызға мұқият назар аударыңыз. Дайын болған уақытта, ға-
ламшарыңызды қағаз бетіне салып, басқа топ мүшелерімен бірге 
топтың галактикасын құрыңыздар. 
Топ мүшелері күн жүйесіндегі ғаламшарды салып, топ га-
лактикасын құрағаннан кейін, әр топ мүшесі топтың галактика-
сын құруда қосқан үлесін, өзінің ғаламшарын түсіндіріп, таныс-
тырады. 
Оқушыға таныстыру барысында жүргізуші тарапынан қойы-
латын сұрақтар: 
– өз ғаламшарыңызды сипаттап беріңіз. Ол қандай ғалам-
шар? Ғаламшарыңыздың ерекшелігі қандай? Оның тұрғындары 
бар ма? Олар кімдер? Оның жақсы және жаман қыры қандай? 


175 
Сізге ғаламшардың орналасқан орны ұнайды ма? Ғаламшары-
ңыздың аты бар ма немесе оны қалай атар едіңіз? Өз ғаламшары-
ңызға көңіліңіз толады ма? Немесе жұмысыңызды толық аяқтай 
алмауыңызға не кедергі жасады? Не сезіп тұрсыз? Ол сезімнің 
тууына не себеп болды? 
– қазір топтарыңыздың галактикасына қараңыз. Топтың га-
лактикасы ойыңыздан шығады ма? Не өзгерткіңіз келіп отыр? Не 
ұнады немесе ұнамады? Топтың галактикасын қалай атар едіңіз. 
Талдау:
Топтық мандаланы талдауда әр ғаламшардағы элементтер 
(адамдар, өсімдіктер, жануарлар, тау, су, басқа да құралдар), түс-
тер, көлемі күн жүйесінде орналасуы, басқа ғаламшарлармен ара-
қашықтығы ескеріледі. 
Сондай-ақ мандала құру барысындағы топ мүшелерінің өза-
ра қарым-қатынасы (вербалды, вербалды емес) ерекше көңіл бө-
луді қажет ететінін ескеру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет