Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Көркем күйдіру тәсілдері мен техникасы



Pdf көрінісі
бет32/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Көркем күйдіру тәсілдері мен техникасы
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• күйдіргіш аспаппен жасалатын жұмыс тәсіл-
дері мен техника жөнінде оқып біледі; 
• күйдіргіш аспаппен жұмыс істеу кезең-
дерімен және қауіпсіздік техникасымен та-
нысады; 
• күйдіргіш аспапта жұмыс істеп үйренеді. 
Ресурстар:
қарындаш, сызғыш, күйдіргіш аспап, лупа, ұшқат, 
оқушының зерттеу альбомы, слайдтаp және көркем 
күйдіру туралы бейнежазба, сызбалар мен суpет-
тер; күйдіру әдісімен жасалған суреттер мен әртүрлі
бұйымдардың үлгілері.
Сабаққа қатысты ескертулер
Сабақты күйдіргіш аспап құрылғыларын таныс-
тырудан бастаңыз. 
Суретке қара.
Бұл тапсырмада оқушылар өз беттерінше күй-
діргіш аспаптың құрылысымен танысады. 
Енді өзіңіз күйдіргіш аспаппен жұмыс істеу 
жолдарын көрсетіңіз. Күйдіргіш аспаптың даму 
тарихы туралы айтып беріңіз.
Оқушыларға күйдіргіш аспапты таныстыра 
отырып, жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техника-
сын міндетті түрде сақтау қажеттігін түсіндіру ке-
рек. 
Назар аудар!
Бұл тапсырмада оқушылар күйдіргіш аспап-
пен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік 
ережелерімен танысады. Ережені оқушылармен 
бірге талқылаңыз. Талқылау кезінде күйдіргіш ас-
папты қалай дұрыс қолдану қажеттігін көрсетіңіз. 
Қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын 
түсіндіріңіз. 
Суреттерге мұқият қара. 
Бұл тапсырма оқушылардың күйдіру техника-
сын өз бетінше оқып білуіне бағытталған. Оқу-
лықта күйдіргіш техникамен жиектеп, сызықша-
лап және нүктелеп күйдіру тәсілдері көрсетілген. 
Оқушылардан осы техникалармен танысуды 
және зерттеу альбомдарына оның суретін салуды 
сұраңыз.
Сен білесің бе?
Бұл айдарда АҚШ-тың танымал пирографы, 
суретшi Джули Бендер туралы қосымша ақпарат 
берілген. Автор күйдіру техникасымен салған 
иттің суретін оқушылар мұқият қарасын. 
Суреттегі сызықтар мен нүктелерге көңіл бөлсін. 
Бұл суретті бір қарағанда фотосуретке немесе 
қарын дашпен және бояумен салған суретке 
ұқсатуға болады. Автор күйдіру техникасын 
шебер қолданып, иттің шынайы бейнесін жасап 
шыққан. Суретші шығар машылығын мұқият 
зерттеу үшін алдын ала оның жұмыста рынан 
көрнекі құралдар даярлаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет