130
үлгілері, сирек қолжазбалар, қолданбалы өнер үлгілері жатады. Сондай-ақ, ол
өз артынан ғылыми маңыздылығы зор тарихи, географиялық, этнографиялық,
публицистикалық, әдеби, т.б. еңбектерді мұра етіп қалдырды.
«Сот реформасы жайында хат» деп аталатын
еңбегінде қазақ даласында
жүргізілетін сот, әкімшілік реформасы Ресей империясы аумағында өмір сүрген
орыс емес халықтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ескере отырып жүзеге
асырылуы қажеттілігін баса көрсеткен. «... христиандарға, отырықшы орыс
тұрғындарының арналып жобаланған әкімшілік өзгеріс, егер Россиялық
Европалық, Азиялық бөлігінде көшіп-қонып жүрген бұратана халықты
басқаруға бүтіндей қолданылса, онда мұндай өзгерістен
ешқандай да пайда
келуі былай тұрсын, нағыз тұрпайлық болар еді», - деген тұжырымы осының
дәлелі. Сот реформасынан гөрі адами мүддені көздейтін өзгерістердің
маңыздылығын Шоқан былай жеткізген: «Біздің заманымызда халыққа етене
жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа –
экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық
істерді жүзеге
асыратын құрал ретінде көбірек, өйткені әрбір жеке адам және
бүкіл адам баласы қауымдасып, өзінің түпкі мақсаты материалдық әл-ауқатын
жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді. Осы ойға
жүгінгенде, адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл
мақсатқа қандай да болса кедергі келтіретін реформа зиянды болып табылады.
Кез-келген реформаның сәтті жүргізілу шарттарының бірін Шоқан мәдениетті
қоғамның қалыптасуы деп түсінді. Өз ойын білдіре отырып, сот реформасынан
бұрын халық арасында ағарту шараларын жүргізу қажет деп есептеді. «Күтім,
бап үй жануарларының тұқымын қалай жақсартатын болса, мәдениет те адам
организмін солай жақсартады. Ал қазақтың еуропалық қайта туындау идеясын
қабылдайтын қабілеттілігін арттыру үшін оған алдын ала білім беру арқылы ой
қабілеттілігі мен жүйке жүйесін жетілдіру керек. Организм өз деңгейіне
жетпеген нәрсені қабылдай алмайды». Сонымен қатар белгілі бір ауқымды
түбегейлі өзгерісті өндірмес бұрын оның
барлық қырларын тереңнен ойлап,
ұтымды тұстарына назар аудару қажеттілігі туралы пікір таныта отырып,
Шоқан Қазақ хандығын жою жөніндегі патша өкіметінің жарғыларын сынады.
«1822 жылы Сперанский Сібір заңдарының жинағын құрастырады, 1824 жылы
бұл заң қазақ даласында да қолданылды. Өзіндік әдет-ғұрпы, ой-тірлігі бар
көшпелі сауатсыз халық аты-жөні, күтпеген жерден толып жатқан сатылы
басшылығы, олардың көп бөлшекті бағынышты тармақтары, түрлі
атаулы
сатысы бар бюрократтық орталыққа бағынды. Бұл әкімшілік жүйесі осыған
дейін қазақ былай тұрсын, орысқа да түсініксіз еді». Ежелгі халықтық үлгідегі
билер сотын, билердің қазақ қоғамындағы орын мен рөлін ашып көрсеткен. «1.
Қазақтарды құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен
немесе халықты билеп отырған үкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең
білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану
үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-
жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі
желдей есіп, әлейім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне де таралған. Сөйтіп би
131
атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналды да, бидің балалары заңнан
тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала берді. Қазақ халқындағы
мұндай мұрагерлік жайында көптеген мысал келтіруге болады. Орта жүздің
қаракесек руында XVII ғасырдың ақырында Қазыбек деген атақты би болды».
Қарадан шығып, би болу мүмкіндігінің де ара жігін ашып берді. «Қазақтарда би
атағы мұрагерлік жолмен беріледі екен деп те ойлауға болмайды.
Шорман би
Қаржас руынан шыққан атақты әрі бай қазақтың баласы, бидің баласы емес.
Ата-бабасында би болмаған Шорман он үш жасында жиын топта топ жарып,
дау шешеді де, өле-өлгенше бала би атанып кетеді. Әкесі атақты би болса да,
балаларының ол атаққа қолы жетпеген талай қазақты білеміз».
Бодан болған далада қазақы салт-дәстүр мен осы билер кеңесін сақтап
қалудың себептері мен маңызын Шоқан былай көрсеткен: «Қазақты орыс
заңымен соттауға болмайды. Оның себебі мынада: біріншіден, өзге тайпалық
құрамдағы, өскен ортасы, тіршілігі бөлек
қазақтардың қылмыс пен жат
қылыққа көзқарасына, түсінігіне орыстармен, өзге еуропалықтармен қатар
қарауға болмайды; ақыры қазақтар тергеу кезінде қатар заңды білмейтіндігінен
бас тарта алмағанымен, олар орыс заңдарын білмейді, біле де алмайды. Орысша
бірауыз сөз түсінбейтін қазақ орыс заңын білмеймін деп аузын аша алмайды!».
Шоқан қазақтар арасында озбырлық нышаны болған барымта және оның
жазасы туралы пікірі қазіргі құқықтық қоғамға қол созған қазақстандық қоғам
үшін маңызды. «Біздің ойымызша,
жасырын барымтаны, ұрлық барымтаны
ұрлықтың түрі ретінде билердің сотына түсіру керек те, ашық, жария барымтаға
екшіріммен, яғни жеңілдеу қарау керек. Егер кісі өлімі болмаса, барымтаны би
сотына неге бермеске, өйткені бұл да мал тонау ғой».
Достарыңызбен бөлісу: