12
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика,
географияға, ал
жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия
мен картографияғылымдарына сүйенеді.
Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның
немесе картаның масштабына байланысты болады.
Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау
және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда
картаға географиялық
тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше
көбірек қамту көзделеді.
Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де
маңызды рөл атқарады.
Топогеодезиялық құжаттарда (карта, план, профиль) міндетті түрде сандық,
атаулық және сызбалық масштабтарда көрсетіледі.
Сандық масштаб – алымы 1 санына тең тұрпайы бөлшек 1:М.
Атаулық масштаб – сандық масштабқа қатысты 1см кесінді ұзындығына
жер беінде неше метр салынды ұзындық сәйкес келетіндігінің есебі.
Сызбалық масштаб – бұл сандық пен атаулық масштабтардың
ұштастырылған түрі. Ол бойлық немесе көлденең бейнелі болып келеді.
Масштаб бойынша есеп (тура және кері есептер) шығару оның
атаулануынан басталады. Сондықтанда атаулау
іс-әрекетіне өте зерек болу
керек.
Топокарталар мен пландар үшін жалпы қабылданған сандық және атаулық
масштабтар мынандай(1-кесте).
1 Кесте-Сандық және атаулық масштабтар.
Сандық масштабтар
Атаулық масштабтар
Топокарталар үшін
1:1000000
1 см – 10000 м немесе 1 мм – 1000 м
1:500000
1 см – 5000 м немесе 1 мм – 500 м
1:200000
1 см – 2000 м немесе 1 мм – 200 м
1:100000
1 см – 1000 м немесе 1 мм – 100 м
1:50000
1 см – 500 м немесе 1 мм – 50 м
1:25000
1 см – 250 м немесе 1 мм – 25 м
Топопландар үшін
1:10000
1 см – 100 м немесе 1 мм – 10 м
1:5000
1 см – 50 м немесе 1 мм – 5 м
1:2000
1 см – 20 м немесе 1 мм – 2 м
1:1000
1 см – 10 м немесе 1 мм – 1 м
1:500
1 см – 5 м немесе 1 мм – 0,5 м
13
Топокарта
бетінде
кескінделетін
километірлік
тордың
жиілігі
масштабтылыққа байланысты былай жазылады(2-кесте).
2 Кесте-Масштабтылыққа байланысты километірлік тордың жиілігі.
Масштабтар
Карта бетінде, см
Жер бетінде, км
1:1000000
Километірлік тор құрылмайды
1:500000
- -
1:200000
5
10
1:100000
2
2
1:50000
2
1
1:25000
4
1
1:10000
10
1
Топографиялық түсіріс - жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен
бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу
мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені.
Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000
және одан ірірек
масштабтарда жасалады. Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік
тораптар пункттері Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі
болады. Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар: түсіру торабын құру;
аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін жүргізу;
геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен
жергілікті жердегі
заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке
түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу; жергілікті
жердің бедерін
горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің,
көлдердің, шатқалдардың және т.б. өз атауларын анықтау; картада көрсетілетін
жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс
жылдамдығын
және терендігін, көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін,
батпақтан өтпелерді және т.б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау.
Топографиялық түсіріс нәтижелерінің планшеттері түсіріс масштабында
шығарылатын топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ
масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады. Инженерлік
құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер
инженерлік геодезия саласына жатады.
1-суретте 2019 жылы Райымбек ауданы, Нарынқол елді-мекенінде жасалған
топографиялық түсіріс көрсетілген. Түсіріс 1:500 масштабта жасалған.
Топографиялық түсіріс орындау кезінде тахеометр «LEICA» TS 06 plus аспабы
пайдаланылды.