№58 қазан педагог


МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет27/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
мамырова пед

МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
 
 
 
Сапарова Мадина Шокыевна 
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әйтеке би атындағы №26 жалпы 
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 
Шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде 
жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. 
Қазіргі тез өзгеріп тұратын заманда оқушының дүниетанымын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін 
дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып табылады. 
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады, осыған сәйкес мектептерге 
қойылатын талаптар да жоғары. Оқыту және тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін уақыт ағымымен үндестіріп 
отыру ұстаздың жаңашылдығын айғақтайды. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары сан алуан, оны таңдап алу 
мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру 
мұғалімнің сабағына назардан тыс қалмауы тиіс. 
Қабілеттілік, дарындылық дегеніміз- дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін 
емес. Оқушының қабілеті педагогтардың ықпалының аясында шыңдалады. Шығармашылықпен 
жұмыс жасауға мектеп қабырғасынан бастап баулу керек. 
Әр түрлі оқыту әдістерінің барлығының көздейтін түпкі мақсаты оқушылардың білім алуының 
тиімді жолын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін ғылыми-көпшілік әдебиеттерді дұрыс пайдалана білуі 
керек. Ал, сабақты ірілендірілген блок әдісімен өткізу оның өз бетімен ізденуіне көп мүмкіндік 
жасайды. Мәселен, математика пәнінде үлгі есептер шығарып көрсету арқылы оқушыларды өз 
беттерімен еңбектенуіне мүмкіндік туғызу керек. Берілген тапсырманың танымдық және 
шығармашылық сипаты болғанын да ойластырған жөн. Мұғалім сабағын қызықты өткізіп, тарихи 
мағлұматтармен байланыстырып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, ынтасы артады. 
Осы арады математика пәнінің күрделілігін ескере отырып, қосымша сабақтар жүргізудің тиімділігі 
зор. Мұғалім оқушыға тапсырма есептер беру кезінде оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, 
қабілетін де назарға алады. Есептер барлық оқушыларды қызықтыратын және оның күші жетерлік 
шамада болуы керек. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру, оларға логикалық тапсырмалар 
беру, сұрақтар қою, тесттік тапсырмалар құрастыру, эксперименттік есептерді шештіру, сыныптан тыс 
жұмыстар жүргізу, ойындар мен кештер өткізу, рефераттар қорғау, ой жұмбақтар мен сканвордтар, 
ребустар құрастыру арқылы іске асырылады. 
Өзім ұстаздық іс-тәжірибемде шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін өз алдыма 
мынандай мақсаттар қойдым: 
Есептерді шешу тәсілдерінде жаңалықтар енгізуге жетелеймін. 
Есепті шешу тәсілдерін ешкімнің көмегінсіз табу іскерлігін қалыптастырамын. 
Ойлау амалының қысқа жолын үйретемін. 
Есепті шешудің тиімді тәсілдерін іздестіріп отырамын. 
Алынған нәтиженің дұрыстығын анықтай білуге дағдыландырамын. 
Оқушының оқу материалын теориялық тұрғыдан терең білуін қадағалаймын. 
Пән аралық байланыспен тәрбие мәселесіне көбірек көңіл бөлемін. 
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытып отыруды ойластырамын. 
Қорыта келіп айтарым, мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре 
білу қажет. Сонда ғана мұғалім еңбегінің нәтижесіне жете алады. 
Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттырының бірі-оқушылардың таным белсенділігін 
арттыру. Оқушылардың, ой-өрісінің белсенділігінің, ізденпаздылығың арта түсуі олардың өздігінен 
ізденуін, өз бетімен қортындылар жасай білу қасиеттерін дамытады. Оқушылардың оқудағы танымдық 
іздем паздығы мен белсенділігін қалыптастыру 
проблемаларын іс жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар: 

танымдық іс әрекетінің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен оқу 
міндеттерін іріктеп шешу; 
32



танымдық іс әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру; 

іс- әрекеттердің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімде енгізу; 

оқытуға әдістемелік білімгер элементерін енгізу; 

іс- әрекеттерін өздігінше бақылауды дамыту. 

Оқушылардың танымдық қызуғушылығын дамытпай, оқытудың интессивтендіру процесін жүзеге 
асыру мүмкін емес, екені іс- жүзінде белгілі. Танымдық қызуғышылық белгілі компоненттерді 
қамтитын динамикалық жүйе. 

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын анықтаудың негізгі, мұғалімнін анықтауының негізі
мұғалімнің білімділігі мен пәнге деген қызығушылығы және педагогикамен психологияның 
проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің 
формаларының бірі-өзіндік жұмыс.Қазіргі кезде негзгі талап оқушылардың белсенді іс- әрекеттік 
сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше ізденуі арқылы білімін көтеруі, 
біліктілікке талпынуы, есептілікке дағдылануы оқ процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы 
екендігі ертеден белгілі. 

өзіндік жұмыс –оқушылардың ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс тәжірибесінен туындайтын оқу, тану 
әркеті. 
1. Дидактикалық мақсаттары бойынша оқып үйренетін, тексеретін алынған білімді баянды ететін және 
тағы басқа. 
2. Даралау дәрежесі бойынша мазмұны әр түрлі бірақ бірдей тәсілмен орындалатын, мазмұныдары әр 
түрлі тәсілдермен орындалатын. 
3. Білім материалдары бойынша : оқулық пен және оқу әдебиетімен жұмыс, есептерді шешу және 
салыстыру лобараторикалық және графиктік жұмыстар. 
4. Оқушылардың іздемпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар және т.с.с. 
Осы жіктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстардың төрт түрі қарастырылады. Олар мыналар: 
1. Үлгі бойынша орындалатын; 
2. Реконструктивті-вариативтік; 
3. Жаңалық ашатын 
4. Шығармашылық 
Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша белгілі бір іс-әрекеттің жолын 
ұсынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі формулалар , теоремалар арқылы орындайды. 
Реконструктивті-вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған білімдерін қолдануға 
ынталандырады, сонымен қатар білімін тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы 
принциптерін ғана көрсетеді. 
Мысалы: 1кг мақта ма, 4кг темір ауыр ма? Әтеш бір аяқпен тұрса,2,5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг 
болады? 
Шығармашылық өзіндік жұмысы оқушылардың математика пәніне деген ынтасын қалыптастырады, 
оқуға деген көзқарасын өзгертеді, математикалық ой-өрісін дамытады. 
1. Есепті шығару, теоремаларды дәлелдеуді әдеттен тыс, жаңа тәсілмен орындау; 
2. Есепті бірнеше жолмен шығару; 
3. Оқушылардың өз бетінше есеп, мысалдар құрауы; 
4. Баяндамалар және басқа жұмыс түрлері; 
5. Оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін анықтау. 
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижесі олардың білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге 
келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады. 
 
 
 
 
33


 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМГЕ ДЕГЕН 
ЫНТАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ РОЛІ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет