БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МАШЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Искакова Мөлдір Ертайқызы
Түркістан облысы, Түркістан қаласы,
Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
«Сауат ашу» пәні - бастауыш білім беру процесінде оқушыларға
ана тілінің байлығын
меңгертудің алғашқы сатысы. Пәннің негізгі мақсаты - оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру,
байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту болып табылады.
Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Оқушылардың
оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу тілін
дамыту жұмыстары әліппе
кезеңінің негізгі міндеттеріне жатады. Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық – әріптік талдау жасау,
дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі
буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын
мәтіндерді оқу, әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсіп,
мәнерлеп, шапшаң оқу секілді жұмыстар жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқу сабағында оқушының дағдысын қалыптастыру
негізінде оқығанды
қабылдау түсіну мүмкіндігін арттыру мақсатында көзделеді. Оқу - жазудың бірінші кезеңінде
балаларды жай оқыту керек. Бірақ балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара
байланыстыра алмай ақырында мәтінің мазмұнына түсінбей қалуы мүмкін. Сондықтан балалардың оқу
шапшаңдығын арттыра түсуіміз керек. Есте сақтайтын бір нәрсе оқу шапшаңдығымен сөздерді таза
қатесіз, әрі түсініп оқу қатар дамуы керек. Баланың түсінуі арта түссе, ол өзінен өзі шапшаң оқи
бастайды. Оқушы берілген тапсырманы асықпай, орындап ұқыпты үйренуге жөн. Оқу процесінде де
солай. Асығыс оқыған бала үнемі қате жібереді. Сауатты оқу - дағдысын қалыптастыру үшін оқушыны
оқуға ынталандыру керек. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға ынталандыратын шығарманың бір
түрі - ертегі. Ертегінің мәтіндері өте қолайлы, әрі қайыра оқытуға ыңғайлы. Өйткені ертегілерде бір –
біріне ұқсас қайталанып отыратын тұстары кездеседі. Оқушыны түсініп оқуға төселдіріп оқуға олармен
шығарманы оқымас бұрын дайындық әңгіме жүргізу. Балар үшін
белгісіз, таныс өмірден жазылға
әңгімені оқығанда балалар нақты ешнәрсені көзге елестете алмайды. Сондықтан мұндай жағдайда
алдын
ала
әңгіме
жүргізудің
орны
ерекше
деп
есептеймін.
Сонымен оқушы дұрыс түсініп, әрі мәнерлеп оқыған сайын оқытудың мәні арта түспек. Мәнерлеп оқу
бұл оқытудың әсіресе бастауыш сыныптар үшін мәні зор. Мәнерлеп
оқыған оқушы оқуды жете
меңгергендігін көрсетеді. Оқытудың шыңы оқушылардың мәнерлеп түсініп, сауатты оқуға үйрету деп
білемін.
Оқу машығын қалыптастыруда жетістікке жету жолдары. Дұрыс оқу - жеке тұлғаның
қалыптасуының ең басты қажеттілігі. Бір жағынан оқу құралы болса, бір жағынан оқытудың басты
құралы. Кітап оқу арқылы ғана бала көп деген қызықты мәліметтерді ала алады. Оқу машығын
қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Сондықтан осы кезеңде баланың дұрыс оқуын,
ғылыми танымдық және мәдени мәтіндерді оқып түсінуге үйрету маңызды. Тіпті осы бастауыш
сыныпта оқу техникасын жетілдіріп жіберуіміз керек. Жылдам оқу дегеніміз минутына 300 - 400 сөз
оқу. Бірақ бұған қол жеткізудің қажеті жоқ.. Бізге керегі түсініп дұрыс оқу.
Ал дұрыс оқу дегеніміз
адамың сөйлеген кездегі жылдамдығы, яғни 120 - 150 сөзді 1минутта оқу. Егер оқушы минутына 50
сөз оқумен 4 - сыныпты бітірсе, 7 - сыныпта 8 бетті шығарманы ( ал ол 6500 сөзден тұрады ) 130
минутта оқиды екен. Ал түсіну үшін 2 рет оқыса, жобамен 4 сағат керек. Мектептегі 6 сағат, басқа да
жазбазаша үй тапсырмалары бар, 10 сағаттан артық уақыт керек. Сонда бұл бала ештеңеге
үлгермейді. Бір сөзбен айтқанда үлермеуші атанады. Сондықтан, жақсы оқушы атандыру үшін, оқу
техникасын жетілдіру керек, яғни, оқу керек. Ол үшін не істеуге болады? Бірінші, дұрыс оқи
алмаудың себептерін анықтау. Оның себептері: Қызметтің табиғи баяулығы (оқығанын қайталап
оқу); (алдын - ала болжау), (сөйлеу апараттарының дұрыс жұмыс істемеуі) Дұрыс тыныс алмау,Көру
ауқымының аздығы,Назар аударудың жетіспеушілігі, Есте сақтау қабілетінің нашарлығы. Осы
себептерді анықтағаннан кейін, жүргізілетін жұмыстарға тоқталайық:
Қызметтің табиғи баяулығы жай қимылдайтын, үлгірмейтін, тез шаршап қалатын балалардан көруге
болады. Бұл жағдайда балардың еш кінәсі жоқ. Яғни, арнайы жаттығулар жүргізу арқылы оқу
жылдамдығын арттыруға болады. Оған мынадай жаттығуларды жүргізуге болады. Мысалы. Су-сулы-
сусыз-сулық, Ек-егін-егіншіегіндік. 4.Қиынсөздердіалдын-алабуындапоқыпалу. 5.Әр-түрлі
40
шрифтідегі сөздерді оқу. (алдын-ала болжау) Байқасаңыздар кейде не оқитыныңызды алдын - ала
біліп отырасыз. Осы болжаудың жоқтығы да оқу жылдамдығын төмендетеді. Болжауды жетілдіру
жаттығулары:Қалып қойған жалғауларды орнына қойып оқу. Мысалы: Жақсы қыз жағада...құндыз
Жақсы жі... аспандағы жұл...
Ұйқасын тап Мысалы: Ыр - ыр - ыр - ырылдайды (қасқыр)
Мір - мір - мір - қап - қара (көмір)
Көрінбейтін сөздер Мысалы: Сыртым жасыл, ішім қызыл. Қ - - - - -
Қорбаңдап жүремін, балды жақсы көремін. А -
Сөйлемді кері оқу. Жазылған сөйлемді кері оқу
Торша арқылы оқу.
Мәтін бетіне торша қойылады, сол кезде кейбір сөздер, буындар көрінбей қалады
соны тауып оқу керек. 5 минут торша арқылы оқу керек, 2 - 3 минут торшаны алып тастап оқу керек.
Мәтінді арасындағы сөздерді тастап кетіп оқу. Мысалы: Әміре күшігімен.......
алдында.жүрді.Атының өзі оқу жылдамдығының неліктен төмендейтінін айтып тұр. Сөйлеу
аппараттарының
дұрыс жұмыс істемеуі, дыбыстарды дұрыс айта алмауы әсер етеді. балалардың
артикуляциясын дұрыстайтын жаттығулар: Дауысты, дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы. Бұл
жаттығулар сөйлеу аппараттарының жұмысын жақсартады .
Достарыңызбен бөлісу: