№58 қазан педагог


ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
мамырова пед

ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс 
жасауға үйрету жолдары 
Оқыту арқылы тіл дамыту да өз бетінше жұмыстың маңызы зор. Бастауыш сыныптарда ана тілі 
пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға үйрету саут ашу кезеңінен басталады. Бұл кезде оқушылар 
әрбір дыбыстың ерекшеліктерімен танысу барысында дыбыстан буын, сөз құрап, оны дауыстап дұрыс 
оқуға жаттығады. Буын, сөз құрайтын дауысты дыбыстардың қасиетіне ерекше көңіл бөлінеді. Жеке 
оқушылардын дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық, дауыстап оқуы талап етіледі. 
Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы 
байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынасын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін 
біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді. 
Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту. 
Оқушылардың өздігінен оқуына берілетін тапсырмсалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күрделене 
түседі. Оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін 
оқушыларды оқулықпен, оқулықтағы жеке мәтінмен жұмыс жасауға үйрету қажет. Оқытудағы 
үйретудің әдіс-тәсілін шығарма жанрларына қарай, яғни көркем шығармалар ғылыми көпшілік 
мақалалар, ертегілер, мысалдар, өлеңдер ойластырған жөн. 
Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі 
кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралай оқу 
қажет. 
Кейбір түсінікті, жеңіл мәтінді сыныпта да, үйде де өз бетінше оқи беру балаларды жалықтырады. 
Сондықтан сыныптағы озық және үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс түрін әр сабақ сайын 
жоспарлап отырған жөн. 
Бастауыш сыныптарда оқу сабағын жүргізгенде мыналарды ескеру қажет: 
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын жетілдіруді оқушының дұрыс және мәнерлеп, 
тездетіп оқуын қамтамасыз ету. Онсыз оқушының мәтінді толық түсінуі де қиын болады. Сондықтан 
сабақта қолданылатын әдіс, тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа, оны оқуға 
деген ынтасын арттыратындай, бір мәтінді бірнеше рет өз бетінше жалықпай оқуға жағдай 
жасайтындай болуы керек. 
2. Төменгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан,оқу 
сабағында оқушының білімін толықтыра отырып,оның ойлануы, қызығушылығы, бір затты 
екіншісімен таныстыру, салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып, салыстыра отырып 
байқампаздығын тануға баулитын әдіс, тәсілдің сабақта көбірек қолданылуы қажет. 
3. Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті мәселені – образды 
түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп, оқушының шығармашылық қиялын ұштарлықтай 
тәсілдер көбірек қолдану қажет. Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап 
отыру керек. Оқу негізінен мынадай түрлерге бөлінеді: 
Өз бетінше дұрыс оқу 
Балалар өз бетінше сыныптың екінші жартысында және үшінші сыныпта бірнеше сөз 
тіркестерін тұтас сөз тіркестерін, фразалық тіркестерді оқи алатын болады. Бірақ оқу үстінде 
интонациялық қате жіберу немесе мағынасына сүйеніп сөз тіркестерін қысқартып, жобалап оқу көп 
кездеседі. Бұның себебі, үшінші сыныпта қойылатын міндет пен талап сөзді тұтас оқу болғандықтан, 
тұтас оқуға тырысу әрекетінің күшті болуынан, яғни оқуға деген ынта бар да машықтың әлі 
41


қалыптаспағандығынан белгілі бір фразаны, тіркестерді оқи білу машығы әлі жетілмегендігінен. Осы 
себептер әлі жетіле қоймаған оқушының оқуды дұрыс оқыды ма дегенді тексеріп отыруға міндеттейді. 
Бір буынды не бір сөзді оқушының неліктен қайталап оқитынын ілгеріде айттық. Сондықтан 
оқушының қайталауын мұғалім қадағалап ескерту жасап отыру керек. Мұғалімнен үнемі, үздіксіз 
ескерту естіген оқушы енді оны қайталмайды. 
Өз бетінше мәнерлеп оқу 
Бастауыш сырып оқушыларының дұрыс өз бетінше оқуын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық 
талаптың бірі оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады. 
Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай, сөз аяғын жұтып 
қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстарды анық етіп оқу. 
Көркем шығарманың негізгі ой тірегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде 
бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес. 
Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше оны мәдениетті сөйлеуге үйретеміз деп айта 
алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз-сөйлеудегі,жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, болып 
табылады. Осыларды үйрету негізгі бастауыш мектептен басталады және қаланады. 
Оқушы мектеп есігін ашқаннан бастап-ақ оқыған сөзінің мағынасын түсінуге бағытталған 
жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыс түрлері мәнерлеп оқуға жол ашып отырады. Мұғалім жеке сөзді, 
сөйлемдерді оқу кезінде оқушылардың тек оқып шықаннына қанағаттанбай, оның мағынасын ашуға 
арналған жұмыстар жүргізіледі. Яғни оқушы оқып тұрған сөзін, сөйлемін өзі түсініп тұр ма, соны 
анықтап, егер оқушы түсінбесе, мұғалім қосымша түсіндіреді. Осыдан кейін мұғалім оқушының 
берілген сөзді не мәтінді үстірт оқымай дауыс ырғағымен оқуын қадағалап отырады. Қазақ 
алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анық аталуына оқушыны жатықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы 
тіл, ерін, тіс, жақтарына жаттықтыру өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды 
орындауға және артикуляциялық, жаттығулырды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет