жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың
қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған
орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен
ережелерді игеруі тиіс.
Сондай-ақ мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын
арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге,
тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының
білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі
қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін
ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология бастауыш сыныптарда қайталау
сабағында, өзін-өзі тексеру барысында,электронды тест жұмыстарын жүргізуде уақытты
үнемдеуге үлкен септігін тигізеді. Үйден оқулықта берілген тапсырмаларды өздері жазып-
сызып дайындап, ақ қағаз бетіне шығарып келеді де, тек жауаптарына ойлануына мүмкіндік
туғызады.
Мысалы,
сурет, еңбек сабағында геометриялық фигуралардан үй, құстың ұясы
т.б.тапсырмаларды орындау керек болса, бала оны сызып жатпай, дайын түрде фигураларды
ақ қағаз бетіне түсіріп алуына мүмкіндік туғызады. Компьютер арқылы ақ қағазға дайындап
шығарып келеді де, бояу, қию жұмыстарын аяқтайды. АКТ бастауыш сыныптарда үнемі
пайдалана
бермейді, бала үшін зиянды жақтарын да мұғалімнің ескергені жөн. Заман
талабына сай ашық сабақтар беру барысында көрнекіліктерді интерактивті тақтамен
көрсетуге тиімді. Мұғалім мен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетіп, баланың
ойлануына, көзбен көріп, қолмен ұстап нәтижеге жетеді. Баланың сауатты жазуына көмегін
береді. Жіберген қатесін көзбен көріп, қолмен жазып түзете білуге үйретеді.
Мен өз
сыныбымда АКТ тиімді пайдалана отырып, көптеген нәтижеге, жетістіктерге қол жеткіздім.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бірқатар дағдыларды дамытып, бағалауда топтық жұмыс бірден-бір қолайлы тәсіл.
Өзге формалардағыдай бұл жағдайда да оқушылар табыс критерийімен алдын-ала
таныстырамын. Топтық жұмыс кезінде мұғалім сынып ішінде жүріп, барлық топтарды
тыңдап үлгеруі тиіс. Топтардағы кейбір оқушылар табыс критерийі талаптарына тез қол
жеткізеді. Сондықтан топтағы үлгермей отырған оқушыға көмектесуіне жағдай жасаймын.
Кей оқушылар ұяң немесе ұялшақ болады сондықтан оларға қосымша сұрақтар қойғаны
дұрыс (
Сен осы мәлімет туралы не ойлайсың? Осы мәліметі қалай талдар едің?)
Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет
екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді.
Сондықтан оқу
барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор. Құрбы-құрдастарын бағалау өзін-өзі
бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Құрбы-құрдастарын бағалау өте пайдалы,
себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал
оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін. Құрбы-құрдастарымен
бірге жұмыс істеу де маңызды, себебі пікір алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын
тілде жүреді, сонымен қатар оқушылар мұғалімнің рөлін ойнай отырып білім алады.
Оқушылар түсініктемені түсінбеген кезде, олар мұғалімнен емес, өзінің құрбысынан
сұрайды. Оның үстіне, бұл тәжірибе құрбы-құрдастарын бағалау ауыртпалығын оқушыға
салуға болатындығымен құнды. Сондықтан тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда
әр сабақта өзін-өзі бағалау мен өзара
бағалаудың әдістерін көрсетеп, әр сабақ сайын
түрлендіріп отырамын
Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам
өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай
білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп
нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - осы
62