Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Ол (Шуғайбқа) келіп, уақиғаны әңгімелеп берген кезде



Pdf көрінісі
бет156/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Ол (Шуғайбқа) келіп, уақиғаны әңгімелеп берген кезде, 
ол: «Қорықпа! Залым елден құтылыпсың»
1
, – деді. Әңгіме 
барысында екі қыздың бірі әкесіне:
«Әкетайым! Оны жалдап ал! Расында, жалданған 
адамдардың ең жақсысы – күштісі әрі сенімдісі»
2
, – деп 
ұсыныс тастады. Әкесі одан бұл жігіттің күшті әрі сенімді екенін 
қайдан білгенін сұрағанда, қызы оның мал суару барысында 
бірнеше кісі атқаратын жұмысты жалғыз өзі істегенін және 
осында келерде артына түспей, алдында жүргенін әңгімелеп 
берді.
Сахаба Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Аса 
қырағы үш адам бар: әйеліне «Оны құрметте» деген Юсуфтың 
қожайыны, «Әкетайым! Оны жалдап ал! Расында, жалданған 
адамдардың ең жақсысы – күштісі әрі сенімдісі» деген Мұсаның 
әйелі және Омар ибн әл-Хаттабты (Аллаһ оған разы болсын) 
өзінен кейін халифалыққа тағайындаған Әбу Бәкір (Аллаһ оған 
разы болсын)», – деп айтқан. 
Сонда Шуғайб бұл ұсынысты мақұл көріп Мұсаға:
«Маған сегіз жыл жалға жүруіңе қарымта ретінде мына 
екі қызымның бірін саған некелегім келеді. Егер он жылға 
толтырсаң, ол өз жаныңнан болады. Саған қиындық 
тудыруды қаламаймын. Аллаһ қаласа, мені ізгілерден 
табасың»
3
, – деп шарт қойды.
1
«Қасас» сүресі, 25-аят. 
2
«Қасас» сүресі, 26-аят. 
3
«Қасас» сүресі, 27-аят. 


184
 
 
Шуғайбтың бұл шартына келіскен Мұса: «Осы – мені мен 
сенің арамыздағы (келісім). Екі мезгілдің қайсысын өтесем де, 
маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Аллаһ Кепіл»
1
, – деп, 
оның қызының біріне үйленіп, қалыңмалы ретінде он жыл қойын 
бағып береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет