58
«Ей, жер! Суыңды жұт. Аспан, сен де тоқта» делінді де, су
тартылды. Іс бітті. (Кеме)
Жуди (тауына)
тоқтады. «Залым
қауымдар жоқ болсын!»
1
– делінді.
Су тартыла бастады. Сонда Нұхқа бір дыбыс келіп:
«Ей, Нұх! Саған және сенімен бірге болған адамдарға
Бізден (болған)
амандық һәм берекелермен (кемеден)
түс! Бір
халықтарды (дүниеден)
пайдаландырамыз да, сонан кейін
олар біздің күйзелтуші азабымызға ұшырайды» делінді»
2
.
Нұхтың кемеден түсуі туралы көптеген мәліметтер мен
деректер бар. Солардың бірінде
Нұх топан судың тоқтағанын
білу үшін көгершінді ұшырғандығы жайында айтылады. Бірақ
көгершін еш нәрсесіз қайтатын. Біразға дейін осылай жалғасты.
Сосын бір күні ол көгершінді қайтадан жіберді.
Сонда ол бір
зәйтун ағашының жапырағын алып келді. Осы арқылы Нұх
ағаштар
бой көрсетіп, судың тартыла бастағанын білді. Сонан соң
оны тағы да ұшырды. Бұл жолы
көгершіннің аяғы лай болып
қайтты. Сол кезде ол судың толық тартылғанын білді. Бұл әңгіме
тарихи кітаптарда кездеседі. Көгершіннің кейбір елдерде
«бейбітшілік рәмізі» ретінде танылуына мүмкін осы әңгіме негіз
болса керек. Аллаһ жақсы біледі!
Кемеден түсу
Нұх және онымен бірге болғандар кемеден түсті. Бүкіл Адам
ұрпағынан тірі
қалғандар осылар болғандықтан, жерде тек
Нұхтың ұрпақтары ғана тіршілік етіп қалды.
Сондықтан оны
«екінші Адам» немесе «адамзаттың екінші атасы» деп атайды.
Өйткені барлық адамдардың түбі Нұх пайғамбарға барып
тіреледі. Бұл туралы Құранда:
1
«Һуд» сүресі, 44-аят.
2
«Һуд» сүресі, 48-аят.