олардың жиырма бесінің есімін атаған. Олар: Адам, Идрис, Нұх,
Һуд, Салих, Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Лут, Шуғайб, Яғқуб,
Юсуф, Айюб, Зулкифл, Юнус, Мұса, Һарун, Илияс, Әлясағ,
Дәуіт, Сүлеймен, Зәкәрия, Яхия, Иса және Мұхаммед, оларға
Аллаһтың сәлемі мен игілігі болғай.
Сондай-ақ олардан басқа есімдері аталмаған, бірақ Құранда
қиссалары баян етілген пайғамбарлар да бар. Пайғамбардың
(с.а.с.) хадистерінде де кейбір пайғамбарлардың есімдері
кездеседі. Біз солардың барлығына иман келтіруге тиіспіз. Аллаһ
тағала Өзінің ардақты елшісі Мұхаммедке (с.а.с.): «Сонымен
бірге, хабарын саған алдын баян еткен елшілерді және
хабарын баян етпеген елшілерді де (жібердік)»
1
, – деген.
Пайғамбарлардың ішінде бесеуі ерекше орынға ие. Олар: Нұх,
Ибраһим, Мұса, Иса және Мұхаммед, оларға Аллаһтың сәлемі
мен амандығы болғай. Бұл бестік туралы Құран Кәрімнің екі
жерінде кездеседі:
«(Мұхаммед!) Біз пайғамбарлардан, сенен, Нұхтан,
Ибраһимнен, Мұсадан және Мәриямның ұлы Исадан серт
алған едік. Біз олардан қатаң серт алдық»
2
;
«Аллаһ сендерге діннен Нұхқа тапсырғанын, әрі саған
уахи
еткенімізді,
Ибраһимге,
Мұсаға
және
Исаға
тапсырғанымызды түсіндірді (немесе заң етіп бекітті)»
3
.
Үшінші: Аллаһ тағаланың кітабы Құранда пайғамбарларға
қатысты баяндалғандарға және олар туралы Пайғамбарымыздан
(с.а.с.) жеткен хабарларға сену.
Төртінші: Өзімізге жіберілген пайғамбардың шариғатымен
жүруіміз керек. Ол пайғамбарлардың соңғысы әрі ең абзалы –
Мұхаммед (с.а.с.).
1
«Ниса» сүресі, 164-аят.
2
«Ахзаб» сүресі, 7-аят.
3
«Шура» сүресі, 13-аят.
|