Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет60/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Расында
хижрлықтар 
пайғамбарларды 
жалғанға 
шығарды. Біз оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда 
олар одан бет бұрды. Олар таулардан биік үйлер үңгіп 
алатын еді»
1
, – делінген. 
Олар өздеріне таулардан үй жасады. Аллаһ тағала:
«Сондай-ақ жазықтарда жартастарды ойған самуд 
еліне...»
2

«Сондай-ақ ад және самуд (елі). Сендерге олардың 
мекендері анық болды»
3
, – дейді. 
Құранда олардың тауларды қалай қашап үйлер соққаны 
баяндалған. Бұл – керемет шеберлік пен үлкен күш-қуаттың 
белгісі. Аллаһ тағала: 
«Естеріңе алыңдар! Сол уақытта Адтан кейін сендерді 
олардың орынбасары қылып, жер жүзіне орналастырды. 
1
«Хижр» сүресі, 80-82 аяттар. 
2
«Фәжр» сүресі, 9-аят. 
3
«Анкабут» сүресі, 38-аят. 


72
 
 
Жазықтарынан сарайлар тұрғызып, тауларды үңгіп үйлер 
жасайтын едіңдер. Сондықтан Аллаһтың нығметтерін 
естеріңе алыңдар да, жер жүзінде бүліншілік қылмаңдар»
1
, – 
деген. 
Яғни олар ад тайпасының өркениетін жалғастырды. Аллаһ 
тағала ад қауымына берген сияқты оларды да мол нығметтерге 
бөледі. Олар енді ад тайпасымен өткен уақиғадан ғибрат алса 
болар еді. Аллаһ тағала: 
«Сендер осындағылардың арасында қауіпсіз күйде 
қалдырыласыңдар ма, бақтарда және бұлақтарда, егіндерде 
және қауашағы нәзік құрма ағаштарында. Әрі таулардан 
шеберлікпен үйлер қашап аласыңдар. Аллаһтан қорқыңдар 
және 
маған 
бағыныңдар. 
Шектен 
шығушылардың 
бұйрығына бағынбаңдар – жер бетінде бұзушылық жасап


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет