жүрді. Құдықтан бір күні ол, ал екінші күні адамдар су ішетін де,
келесі күнге қажет мөлшерде су алып қоятын. Олар оны сауып,
сүтін ішетін. Сүті бүкіл ауылға жететін. Бірде түйе олардың көз
алдында бошалап, ботасы да құдды өзіндей болып туылды. Мұны
көрген олар таң-тамаша болысты. Бұл жерде күмәнданатындай
сиқырдың ешқандай белгісі жоқ еді. Бұл бір сәттік сиқырдың
бұлдыр елестері емес, ап-айқын мұғжиза болатын. Түйе олардың
арасында ұзақ уақыт өмір сүрді. Олар бұл мұғжизаны көріп,
әрдайым таңырқайтын. Бірақ басым көпшілігі мұны мойындамай,
сол баяғы қасарысқан кәпір күйлерінде қала берді.
Сонда халық жиналып, бас қосып ақылдасты. Олар: «Адамдар
бізді тастап, Салихқа еріп кете ме деп қорқамыз. Оның үстіне,
бұл түйе бізге пәле болды, суға бара алмай, мына түйені күні
бойы күтіп тұруымыз керек және оның алып денесінен
жануарларымыз үркіп қашады. Ол бізге зиянын тигізуде. Одан
құтылайық», – десті. Сөйтіп, оны өлтіру үшін араларынан біреуді
таңдады. Тарихшылар оны Құдар ибн Салиф ибн Жундуғ деген
кісі еді деп айтады. Олар сол Құдарды шақырып, онымен түйені
өлтіру жөнінде сөз байласты. Бұл жайында Құранда: «Сонда
олар жолдастарын шақырды да, (ол түйені) өлтірді»
1
, –
делінген.
Абдуллаһ ибн Зәмға жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) осы
Құдар туралы айтылған «Олардың ең сорлысы шыққан кезде»
2
аятын түсіндіріп: «(Түйені өлтіруге) орталарынан бір абыройлы,
көсем де, беделді кісі шықты»
3
, – деген.
Құдар өзінің бір серігімен түйені өлтіруге келісті. Сонымен
қоса олардың бірге арақ ішіп, бұзықшылық жасайтын бір топ
достары және бар еді. Олар тоғыз кісі еді. Әлгі Құдар олармен
бірге түйені қалай өлтіруді ақылдасты. Барлығы да Құдарға
1
«Қамар» сүресі, 29-аят.
2
«Шәмс» сүресі, 12-аят.
3
Хадисті әл-Бұхари, Муслим және Ахмад жеткізген.
|