Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Оның жолына шамасы келген адамдар, Аллаһ үшін Үйге



Pdf көрінісі
бет93/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Оның жолына шамасы келген адамдар, Аллаһ үшін Үйге 
(Қағбаға) қажылық жасауы парыз. Ал кім қарсы келсе, Аллаһ 
барша әлемдерден Бай»
2
, – деген бұйрық келді. 
Сондай-ақ Аллаһ тағаладан Ибраһимге: «Адамдарды 
қажылыққа шақыр»
3
, – деген әмір түсті. 
Ибраһим: «Уа, Раббым! Менің дауысым жетпейді ғой», – 
дейді. Аллаһ тағала: «Ей, Ибраһим! Саған тек шақыру керек. Ал 
оны жеткізу Бізге тән», – деп үн қатты. Сонда Ибраһим Арафат 
тауына көтеріліп, сол жерден адамдарды, Аллаһтың қасиетті 
үйіне қажылық жасауға шақырды. Сол кезде Аллаһтың 
кереметімен, оның дауысы жер-жердегі барлық адамдарға жетті
4

1
«Бақара» сүресі, 125-аят. 
2
«Әлі Имран» сүресі, 97-аят. 
3
«Хаж» сүресі, 27-аят. 
4
Хабарды Ибн Кәсир жеткізген. 


109
 
 
Сондай-ақ Аллаһ тағала адамдардың жүрегіне Қағба мен оны 
қажылық жасауға деген махаббатты екті. Аллаһ тағала: 
«Адамдарды қажылыққа шақыр. Олар жаяу және көлік 
үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді»
1
, – деген. 
Сонымен, адамдар бүкіл дүниежүзінен Аллаһтың үйіне 
қажылыққа 
келе 
бастады. 
Осылай 
Аллаһ 
тағаланың 
мұғжизасымен Қағбаны қажылық жасау және оны құрметтеу 
мұсылманшылықтың қасиетті дәстүріне айналды. 
Бұдан кейін Ибраһим Палестинада өмір сүрді. 
Аллаһ тағаланың Ибраһимге Өзінің өлілерді тірілту 
құдіретін көрсетуі 
Аллаһ тағала Өзі мен Ибраһимнің арасында болған ғажайып 
бір әңгімені баян етеді:
«Сонда Ибраһим: «Раббым! Маған өлілерді қалай 
тірілтетініңді көрсет», – деп (өтінді). Аллаһ тағала: «Сен 
сенбеймісің?» – деді. Ол: «Әрине, (сенемін). Бірақ жүрегім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет