Бекебай Толепберген Сейдульдаулы Токтамисова Жанат Еримбетовна Султанбекова Гулзия Серкебаевна



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата22.03.2024
өлшемі1.28 Mb.
#496286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1620468639 1

«Warming up» жаттығуы жатады . 
«Warming up» жаттығуы. «Do you know?» 
 
What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to 
see in Wash- ington D.C.? What would you like to see in London? 
Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік 
жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала 
ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының 
арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата 
түседі. Әдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады. 
Сөйлей алудың әдістерімен қорытындыланады. Әңгімелесу балалардың логикалық 
ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың 
ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету 
керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін 
дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын 
қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен 
әңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар 
қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу 
үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты 
жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының 
сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Ал бұл 
оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық 
материалдар бойынша талқылауға қатысып, мәтін бойынша түсінгенін еркін 
жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру және 


13 
сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу 
мен схема бойынша 
сөйлемдер 
құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады. 
Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты 
күрделендіріп, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан 
ауызша сөйлеуді меңгеруде мәтінмен жұмыстың да маңызы зор. Мәтінді ауызша 
мазмұндау үшін тіл үйренушілерді жазбаша сұрақтарға жауап беруге 
дағдыландыру, жоспар құруға, сондай-ақ белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, 
сол суретке қарап сөйлем құрауға, өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін 
әңгімелеуге үйрету, жаңа технологиялар және тәсілдерді қолдана отырып, ауызша 
сөйлеу дағдыларын дамыту әдістері қолданылады.Көлемді мәтінді оқып қана 
қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін 
айта білу. Сондай-ақ өз бетімен әңгіме құрап, мәтінге байланысты қанатты 
сөздерді, мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, 
ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары, теледидар 
хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары 
басшылыққа алынады 
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі 
кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау, 
пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе білуге 
дағдыландыру басты мақсат болып табылады . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет