І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


Сөздің негіздік мағынасы мен грамматикалық мағынасы



Pdf көрінісі
бет44/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151
. Қазақ тілі грамматикасының

Сөздің негіздік мағынасы мен грамматикалық мағынасы 
Сөздің құрылысы мағынаға сәйкес өзгереді. Бір мағынаның өзі әр жерде әр 
қырынан танылады. Сол мағынаның тарихымен байланысты сөз құрылысы сөз 
шығарғыштық әдетке ие болады.
Сөйлем – суждение (мысль) осының сыртқы түрі (көрінісі). Әр сөз өз алдына 
жеке ұғым (представление). Мысалы, «бор» дегеннің не екенін білмек болсақ, 
соның неше түрлі қасиеттерін біліп үйренеміз. Осы үйренуіміздің жинағы ұғым 
(представление) болады. Ал сол ұғымдардың жинағы сөйлем болады деген қисын 
бар. Бірақ бұл бұрынғы көзқарас, ол шындыққа сай емес. Себебі тіл дегеніміздің өзі 
де біркелкі емес, түрлі-түрлі ғой.
Сөз мағынасы екі түрлі болады: негіздік мағына, грамматикалық мағына.
Cөздің атау ретіндегі мағынасын негіздік мағына дейміз. Мысалы, бас 
(голова) деген сөзді алсақ, оның зат есімдік, жекелік, атаулық (септеусіз 
мағынасында), тәуелсіздік, болымдылық мағыналары бар. Осындағы соңғы 
мағыналарды грамматикалық мағына дейміз. Зат есімдік, әрі етістікке тән белгілер 
қатар келсе, оны да грамматикалық мағына дейміз. Себебі мұндай сөздер дербес 
сөз табына ажыратылмаған. Сөз таптары бұлайша әрі зат есім, әрі етістік болып
бір-бірінен айрылмаған кезде олардың есім не етістік екендігі қосымша арқылы 
ғана белгілі болады. Грамматикалық мағынаның түрлі болуы әр елдің тілінің 
өзіндік өзгешеліктеріне байланысты (бізде меншік – тәуелдік, арабтарда – термин 
сөздер арабша жазылған).
Түбір сөздің мағынасы толық болуы үшін ол сөйлем ішінде тиісті 
шылауларымен түгелденіп келуі тиіс. Өйткені сөздер тек ат болып аталуы үшін 
ғана емес, басқа сөздермен байланысуы үшін де жұмcалады. Демек, сөз дегеніміз – 
заттың (құбылыстың) аты + байланысу құралы. Сөз заттың атын ғана емес, басқа 
нәрсе мен құбылыстарға қандай қатынасы барлығын қоса білдіретін сілтеулер; сөз 
– жалаң ұғым емес, күрделі ұғым. Сілтеу амалы мен сөздің басқаларға қарым-
қатынастары тіл-тілде түрліше болуы мүмкін. Мысалы, темір, ұзын, оқы, екі, мен, 
кесе сөздерінің осы қалпынан-ақ объект, субъект, бірік, қарға деген, ұғымдарға 
қандай байланысы барлығы көрініп тұр (тәуелсіздігі, жекелік, көптігі белгілі 
жағдайда объект, субъект, предикат екендігін де білдіреді). Қысқасы, әр сөздің 


абсолют мағынасының үстіне реалатив мағынасы да бар (құбылысқа, затқа ат 
болу). Соңғылары реалатив, яғни грамматикалық мағына.
Сөз құр сөздің аты емес. Қандай қатынаста тұрғандығын қоса білдіретін 
сілтеу белгісі дедік. Мысалы, құр «жаздым» деп хабарлап, қағазды айтпасақ, 
«жаздым» жеке тұрып пайдаға аспайды. Сабақты етістік жеке тұрса, мағынасы 
толық болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет