І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет50/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   151
. Қазақ тілі грамматикасының

Енді анықтауыш тарихына келейік: алдымен есте болатын нәрсе бірқатар 
тілдерде «қыз» деген атау «бала әйел», «кішкене әйел» деген мағынада 
қолданылатындығы. Монғол тілінде қызды кеукін дейді екен. Мұндағы -кін – 
«ботақан» дегендегі қан; қанкішкене; кішкене – сын есім; сын есім – 
анықтауыш.
Грузиннің кали швили деген сөзіндегі шв ұл, бала деген сөз екен; осы 
мысалдағы швқапшық сөзіндегі -шық; осы кішірейткіш -шықбала-шаға 
деген қос сөздегі шаға сыңарына тең; Қырым татарлар, түрікпендер, 
әзірбайжандар бала деген сөзді шаға дейді. Біздің тіліміздегі қызыл шақалақ 
(қызыл шақа) дегендегі шақалақ та жоғарыдағы шаға сөзіне қатысты екені даусыз. 
Олай болса, құлыншақ дегендегі шақ та сол бала мағынасындағы – шаға. Біздің 
«бала-шаға» деген қос сөзіміздің екі сыңары да – бала мағынасында. Демек, 
құлыншақ – бала құлын. Нәтижесінде құлыншақ, тоқтышақ, келіншек дегендегі 
«шақ» сыңарлары анықталатын сөзден соң тұрған анықтауыштар екенін көреміз. 
Кейінгі заманда шақ сөзі кішірейткіш қосымша болып қалған да, оның тұлғасы -
ша/-ше болып ықшамдалған: тайын+ша, өгіз+ше, ту+ша, құнан+ша, дөнен+ше 
(құнажын, дөнежін). 
Қазіргі кезде еркек қой, еркек тоқты деп сөйлейміз; бұл құрылымдағы еркек 
– анықтауыш. Ол анықталатын сөзден бұрын тұр. Енді осының бұрын қандай 
болғандығын тексерейік: «қошқар» деген сөздегі қош – қой дегенді білдіреді, қар – 
еркек; айғыр дегендегі ай – ат, соңындағы ғыр жоғарғы қар сөзінің редукциясы; 
кейінен осы қар сөзінің басындағы қ түсіп қалып, -ар болып ықшамдалған. Ал -ар 
тұлғасының -ер болуы әбден ықтимал (ар+лан – ит тұқымдас хайуанның еркегі). 
Олай дейтініміз бір замандарда түркі тілдерінің дауыстыдан басталатын сөздерінің 
бәрінде де дауыстының алдында дауыссыз (сонор дыбыстардың бірі болған; ар 
сөзінің басындағы а дыбысы «е» болып та айтыла беруі мүмкін. Өйткені бұрынғы
замандарда дауыстылар бірінің орнына екіншісі қолданыла берген. Нәтижесінде 
жоғарыдағы «қар» сөзі жүре келе «ер» болып кеткен демекпіз (айғыр дегендегі 
«ай» қазақ-қыпшақ тілінің нормасы; біз ай сөзін бөлек айтпаймыз, ат дейміз; ат – 
якут тілінің нормасы, ай – біздің тіліміздің нормасы. 
Бұл келтірілген мысалда ерте уақытта анықтауыштың анықталатын сөзден 
бұрын орналасатынын көрсетеді.


XI ғасырдағы Қашғари сөздігінде еркеж деген сөз ұшырайды. Бұл – теке 
дегенді білдіреді; ер – еркек, кеж – ешкі (түрікте кежі, татарларда казакәй, орысша 
коза).
Бізбен тілдес татарларда атасарық, атақаз деген сөздер көп ұшырайды: ата 
– еркек. Татарлардың әтеш деген сөзіндегі әте-ата, соңындағы ш кішкене дегенді 
білдіреді. Бұл да жоғарыдағы айтқандарымызды дәлелдейді. 
Қытай тілінде дао – қылыш, дза – бала, осы екеуі қосылып дао+дза болса, 
пышақ деген сөз болады; Ал, сияо – дао + дза = кездік (кішкен пышақ) болады. 
Қытайша жөн – адам, жөн – дза – сурет; дза – кішрейту, дзы – бала (кәдімгі бала). 
Нәтижесінде, қытай тілінде де анықтауыштың анықталатын сөзден соң 
келетіні анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет