І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет58/151
Дата22.03.2024
өлшемі1.97 Mb.
#496308
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   151
. Қазақ тілі грамматикасының

Таптасқан сөздер – атау сөздер. Бұлар заттың өзін, сипатын, ісін айырып 
атау үшін қажет; таптасқан сөздер жеке тұрып хабар беру үшін емес, бірнешеуі 
қосылып барып, хабар беру үшін жасалған.
Таптаспаған сөздер – заттың өзін, ісін, сипатын, түйдегін жазбай атау үшін 
қажет. Олар хабарлауыш сөздер, жеке тұрып-ақ хабар беру үшін жасалған. Бұлар 
құрылысы жағынан жеке сөз, атқаратын қызметі жағынан сөйлем, не сөйлемдер 
жинағы.
Таптасқан сөзді сөйлемдерде бұлар одағайланып тұрады – одағай. Оның 
түрлері мыналар:
1. Шаруашылық одағайлары. 
2. Қатынас одағайлары. 
3. Көңіл одағайлары. 
I. Шаруашылық одағайлары. Тіл адамдар арасында жұмсалады, ол 
адамның өз ойын жеткізу, сөйлесу құралы. Шаруашылық одағайы тілге тән сөз 
емес, өйткені ол адамдар арасында қолданылмайды. Адамнан басқа жан-
жануарларға қолданылады. Шаруашылық одағайының мысалы: жылқыға 
айтылатын одағайлар: құру-құру! (шақырғанда); құр-құр, лық-лық (асауды 
тоқтатқанда), маһ-маһ (жемге шақырғанда), кіш-кіш (суарғанда), жазуға 
келмейтіндері де бар.
Сиырды шақырғанда – ау-хау; тәуір көргенде – әукім-әукім; қайтарғанда – өк 
(әк), суарғанда – шәуім-шәуім; саууға шақырғанда (шәуім-шәуім); боразданың 
басына шыққасын жегулі өгізге – соп-соп


Түйені шақырғанда – көс-көс, кәуіс-кәуіс; қайтарғанда – ..........
*
, шөгергенде – 
шөк-шөк!; суарғанда – сорап-сорап.
Қойды шақырғанда – сыбыс береді, қайтарғанда – шәйт! қош! суарғанда – 
құрай-құрай! 
Ешкіні шақырғанда – шөре-шөре! қайтарғанда – шек-шек! 
Итті шақырғанда – кәһ-кәһ! күш-күш! көйт-көйт! 
Аң құсын қайта шақырғанда – паһ-паһ! қайт-кел! 
Мысықты шақырғанда – мыш-мыш; тәуір көргенде – мышым-мышым
қайтарғанда – пырс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет