Қуаныш райын ақын «
жүрек тулайды» деп білдіреді.
Арнаулы одағай сөздермен де (түбір, шылау, тапсыз-ақ) көңіл райын
білдіруге болады.
Па, шіркін! Өмір болсаң, бол осындай!
Болалсаң, болып тұрсаң болатындай.
Шекспир, Пушкин, Байрон, Аристотель
Ойға ерік бере алмаған о да осындай
(Асқар)
Мырқымбай, Мырқымбай!
Бай-бай-бай ....
Жүрмейсің жай
(Бейімбет)
Бай-бай-бай – ызалануды білдіретін одағай.
Қап – опыну одағайы (
қап, байқамай қалған екем!).
Ишша – жиіркену (
ишша, күннің суығы ай!).
Алақай! – қуану одағайы (
алақай, әкем келді!),
Бәрекелде – ұнату одағайы (
бәрекелде, ризамын).
Бұлар көңіл одағайы, өйткені көңіл райын хабарлайды. Құрылысы жағынан –
жеке сөз, мағынасы жағынан – сөйлем.
Көңіл райын білдіретін амалдардың ең негізгісі – сөздің әні.
Сондықтан
бұлар осы одағайға арналып жасалғанмен, әніне қарай көңілдің әр райын білдіріп
кете береді.
Ойбай – шошыну одағайы; бірақ ол таңдану әнімен айтылса, таңдану
одағайы болады; «
бәрекелде» де өзгереді.
Мысалдар:
алақай, әттең, әттегене-ай, қап! Ойбай (жұлып алғандай айту,
жай айту);
қап, сені ме! қап, бәлем (кіжіну);
ойбой (таңдану орнына ұнатпау);
апырмай, япырмай, ойпырмай (әніне қарай: үрейлену, таңдану, күйзелу).
Пай, паһ,
па (таңдану);
ишша, ишшаһ (тоңу, жиіркену);
түу, түуһ (кейде таңдану, ұнатпау);
уһ (қайғыру, шаршау);
оһ, аһ (қайғыру, опыну, таңдану);
айхай (рақаттану);
әй, өй,
ей, ай, ой – тиісті әнімен айтылса таңдану, кемсіну, оңай көру т. б. мағыналарда.
Иә, пәлі – кейде кекесін;
омай! омай, шіркін! – кем тұту, кекету.
Тәуелдеулі, жіктеулі сөздерден жасалған:
қарағым, айналайын, қалқам,
сәулем сияқты тәуір көру, кекету одағайлары да бар; бұлар да,
осы тәрізді басқа
сөздер де тиісті әнінде тұрса ғана одағай болады.
Әні сай келсе таптасқан сөздер де, сөйлемдер де одағай болады.
Одағайланған атауыш сөздердің мысалы:
сабай-ай! қасқа-ай! cабылан-ай (саңлақ-
ай(?), сөз-ақ! мәссаған!
Одағайланған сөйлемдер:
ісің бар болсын! жүзің айдай болсын! келбетіңе
болайын!
(Автор жазушылардан көп мысалдарды теріп алған).
Достарыңызбен бөлісу: