Хабарлағалы тұрған оқиғасының жәйін де, сөйлеушінің көңілін де, талабын
да білдіру – тілдің кәрі әдеті. Келе-келе көңіл білдіруге арнап бір нәрсенің затын,
сипатын, ісін танытатын біраз атаулар жасаған. Мұның үстіне зат, іс, көңіл күй деп
бөлшектемей бүтін образ, тұтас хабар беретін одағай есебінде хабарлауыш сөздер
жасап алған. Атауыш сөздер тілге қандай керек болса (бір
нәрсенің анықтығын,
дәлдігін білдіру үшін), одағай хабарлауыш сөздер де тілге сондай керек (өткірлігін,
әсерлілігін күшейту үшін).
Атауыш сөздер де, одағайлар да тілдің өз материалынан жасалады.
Одағайлардан атауыш сөздер, олқы сөйлемдер жасалып отырады. Атауыш
сөздерден, олқы сөйлемдерден жасалған одағайлар мысалы:
құр-құр – құрық; шөк-
шөк – шөгу, шөгер; аһ-уһ – ахылау, ухілеу; ай-қай (ай-хай); бұлар –одағайдан
жасалған атауыш сөздер.
Араб сөзі қазақ тіліне беріде араласқан. Бірақ
сол араб сөздерінен де
одағайлар жасалған. Бұдан одағайлардың тіліміздің алғашқы дәуірінен сақталып
қалған сөздер еместігін, одан беріде жасалғандығын осы күнде де жасалып жатқан
тіл элементтерінің бірі екендігін көреміз.
«
Тек» – тек тұр –
сен тек тұр (бастауыш, айқындауыш, баяндауыш). Cоңғы
нұсқада сөйлем толық күйінде тұр,
тек – айқындауыш. Алғаш
тек өзін де, басқа
мүшелерді де жалғыз тұрып аңғартады. Демек, ол мағынасы жағынан – сөйлем,
хабарлауыш сөз. Одағай – бас-аяғы түгелденбей, шала-шарпы айтылған сөйлем, не
сондай сөз. Құрылысы кеміс болса да одағай толық мағына береді. «
Тек!» – сен тек
тұр. Cоңғы «
тұр» сөзінен
сен деген екінші жақтық мағына байқалады. «
Тек» сөзі
сөйлем ішінде қимылдама деген мағынаны береді: қимылдамау – тұру ғой. Демек,
«
тек» – тек тұр. Бірақ
тек сөзінде сен ұғымы жоқ, бұйыру жоқ (
тұр етістігінде бұл
екі сапа да бар.
Тұр етістігіне
сен деген екінші
жақ мағынасы шығатын себебі
тұруға тиісті болған адам осы сөзді тыңдап тұрған адам болатындығы. Cөз соған
қарата айтылғандығы,
тек жекіруінде бұл да бар).
Тұр етістігінде бұйыру
мағынасы бар;
бұйыру мағынасы тек сөзіне телулі. Демек, бұйыру әні сол
тек
сөзіне тиесілі («
Ғалымдар далада тұр» дегендегі
тұр сөзінде бұйрық әні жоқ,
сондықтан ол үшінші жақты білдіреді –
ол тұр).
Тек одағайының олқылығы
осылай толады.
Одағайдың кемістігін толтыру үшін осындай жағдай қажет, керекті әні
болмаса, одағай пайдаға аспайды.
Қап! – қапы қалған екенмін, демек, қап! – әрі шала сөйлем, әрі шала сөз
(соңғы
ы дыбысы түсіп қалып тұр).
«
Айналайын» сөйлемдік жағынан да, сөз мағынасы
жағынан да кеміс емес
(алдыңғы айтылғанның керісінше), бірақ мағына жағы шала, тасада тұрған
«
садақа» – құрбандықтың образы. Бұл – шырқ көбелек айналу емес: «
мен сені
сондай жақсы көрем, сен үшін өліп кетуге дайынмын» деген мағынада. Ол мағына
«
айналайында» түгел емес.
Бір одағайға бір түрлі жағдай керек, ал екіншісі – басқа жағдайды керек етеді.
Мысалы,
тек, тәйт, қой, әй, а? сөздері тыңдаушысы болмаса,
одағай болмайды,
әрине, ия, пәлі, жақсы, мақұл, дұрыс, рас, жарайды, жөн сияқты қоштау
одағайларына тиісті сөз алқасы керек;
ал, мә одағайларының пайдаға асуы үшін
тыңдаушы да, беретін нәрсе де, оны ұсыну да керек, бұл соңғылары болмаса,
ал, мә
сөздері сорақылық одағайы болады. Онда да сорақылық одағайының әніне салу
керек, ал оған салмаса және алдыңғы үшеуі де болмаса, бұл сөздер босқа қалады.
Достарыңызбен бөлісу: