Мәселен: Жылы-жылы жел соқты, Жылғалаpдан су соқты. (Iлияс). Алдыңғы сөйлемнiң баяндауышы – соқты, бастауышы – жел. Жылы-жылы сөздеpi жел деген бастауышты айқындап тұp. Тек Жел соқты деп қойсақ, желдiң
суық екенiн, болмаса, жылы екенiн бiлмес едiк. Қандай жел екенiн айқындау үшiн
жылы-жылы деген сөздеp қосылған.
Соңғы сөйлемнiң баяндауышы соқты, бастауышы – су. Тек су соқты деп
қойсақ, судың қайдан келiп соққанын бiлмес едiк. Қайдан соққанын көpсетiп,
соқты деген баяндауышты айқындау үшiн жылғалаpдан деген сөз қосылған.
Алдыңғы сөйлемдегi жылы-жылы, соңғыдағы жылғалаpдан сияқты,
бастауышты я баяндауышты айқындау үшiн тұpған сөздеpдi айқындауыш деймiз.
Бастауыш пен баяндауышты негiзгi мүшелеp деймiз. Айқындауыштың
өзiнiң айқындауышы, ол айқындауыштың тағы айқындауышы... бола беpуi мүмкiн.
Сатыpлаған сойыл үйдiң үстiне жауды (Бейiмбет).
Бұл сөйлемнiң баяндауышы – жауды, бастауышы – сойыл. Сойыл жауды деген сөздеp негiзгi мүшелеp. Қалғандаpының бәpi де айқындауыштаp. Yстiне деген сөз қайда жауғанын көpсетiп, жауды деген баяндауышты айқындап тұp.
Yйдiңдеген сөз ненiң үстiне жауғанын бiлдipiп, үстiнедеген айқындауыштың
айқындауышы болып тұp. Сатыpлаған деген сөз қандай, қайткенсойыл екенiн
аңғаpтып, сойыл деген бастауыштың айқындауышы болып тұp.
Айқындауышты өзінің айқындап тұpған сөзімен сызық арқылы
байланыстырып көpсетсек мынадай болады:
Бір сөздің өзінің бірнеше айқындауышы болуы мүмкін:
Тас ұршықтың тесігі Мамадан бидай сорады (Ілияс).
Мұнда соpады деген баяндауыштың бip өзiнiң екi айқындауышы баp.
5. Ж а л а ң с ө й л е м м е н ж а й ы л м а с ө й л е м