Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева


Organization of business communication in modern world and its basic specificity



Pdf көрінісі
бет112/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   193
    Бұл бет үшін навигация:
  • Key words
Organization of business communication in modern world and its basic specificity 
 
Mastering the methods and abilities of business communication is important for future business people. Such 
abilities play a great role in making contracts or dealing with business matters nowadays. To research the importance 
and specificity of business communication in details has become the main objective of modern world.
The article under research deals with the identification, the necessity, specificity and main functions of business 
communication, gives differentiating features of business communication from other types of communication. The 
given article points out the aim, objectives, nature and requirements of business communication. It have been 
suggested the conditions and rules to identify the nature and specificity of business communication.
Key words: communication, context, business discourse, verbal communication, process, cooperation 
_______________________________
Іскерлік қарым-қатынас немесе байланыс 
қазіргі таңда, жаңа заманда қоғамның барлық 
салаларында кездесіп отыр. Қоғамның коммер-
циялық, іскерлік салаларында өнеркəсіптің бар-
лық түрлері мен формаларында сондай-ақ жеке 
іскерлер мен кəсіпкерлер ретінде жеке тұлғалар
кірісе бастады. Іскерлік байланыс саласындағы 
құзырлық кез-келген білім, ғылым, өнер, өнер-
кəсіп, сауда сияқты салаларда сəттілікке жету 
немесе жетпеуге байланысты болып отыр.
Адамдармен дұрыс қатынас жасай алу іскер-
лік салада, қызметттік жəне кəсіпкерлік іс-əре- 
Г. С. Асанова 


133
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
кетте сəттілікке жетудің ең маңызды фактор-
ларының бірі болып отыр. Дейл Карнеги 30 
жылдарда ақ адамның қаржылық мəселесіндегі 
сəттілігі тіпті техникалық немесе инженерлік 
салада болса да 15 пайызға оның кəсіби шебер-
лігіне байланысты да 80 пайызы оның адам-
дармен қатынас жасай алуына байланысты екенін 
аңғарған.
Іскерлік қатынас адам өмірінің ең маңызды 
бөлігі жəне бөгде адамдармен қатынас жасау-
дың негізгі түрі. Мұндай қатынастардың басты 
қағидаларының бірі болып этникалық нормалар 
есептеледі, онда адамның ой өрісі, пайымдауы, 
жақсылық пен жамандық, шындық пен ақиқат-
сыздық, дұрыстық немесе бұрыстық сияқты 
қылықтары беріледі. Адамның моралдық нор-
маларды түсінуіне, оның мазмұнына байла-
нысты оның іскерлік қарым-қатынасқа жеңіл 
немесе қиын немесе тіпті қиындатып алуы бай-
ланысты. 
Байланыс немесе қатынас дегеніміз қоғам-
дық субъектердің, əлеуметтік топтардың, халық 
немесе жеке тұлғалардың арасында ақпарат
тəжірибе, іс-əрекет қабілеттері мен нəтиже 
алмасуы жүретін өзара қатынас жасау үрдісі.
Іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігі нақты 
бір іс-əрекет мақсатында немесе негізінде пайда 
болатын, қандайда бір өнім немесе іскерлік 
қажеттілікпен байланысты. Байланыстың басқа 
түрлері сияқты іскерлік коммуникацияның тарихи 
сипаты бар, ол қоғамның түрлі жүйесінде түрлі 
формада байқалады. Оның айырмашылығы іскер-
лік коммуникация басқа мақсаттарға қол жет-
кізудің құралы болып табылады.
Сондықтан берілген мақалада іскерлік қарым-
қатынас терминіне анықтама беріп оған талдау 
жасау біздің міндетіміз.
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз қарым-
қатынастың прагмалингвистикалық, прагмапсихо-
логиялық сипатын анықтаушы мінезқұлықтың 
перцевтивті, коммуникативті жəне интерактивті 
дəрежесін қамтитын кəсіби коммуникацияның 
тұлғааралық мəдениетаралық зонасы [1, 125].
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз ресми қа-
рым-қатынас саласында болатын коммуникант-
тардың жалпы құқығы мен мақсаттарына бай-
ланысты нақты мəселені шешуге қабілетті
жəне қажетті нəтижеге бағытталған коммуника- 
ция. 
Іскерлік қарым-қатынас деп қызметтік сала-
да адамдар арасындағы байланысты дамытуға 
бағытталған күрделі де көпжоспралы үрдісті 
атаймыз.
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз кəсіби, 
ғылыми, педагогикалық сала қызметінің осы 
салаларда пəндік қызметті ұйымдастыру мен 
оптимизациялауға бағытталған іскерлік серік-
тестердің өзара байланысы үрдісі болып табы-
латын коммуникацияның бір түрі.
Іскерлік коммуникация дегеніміз бизнестің 
кəсіби саласында нақты мақсаттарға жетуге итер-
мелейтін қызмет немесе əрекет.
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз кəсіби, 
ғылыми, коммерциялық жəне басқа қызметтер 
саласында қолданылатын жəне сол саладағы 
туындаған мəселелерді ұйымдастыру мен ортақ 
шешімге келуге қызмет ететін қатынас немесе 
байланыс түрі.
Іскерлік қарым-қатынас (байланыс, комму-
никация) дегеніміз қызмет саласында адамдар 
арасында байланысты дамытудың күрделі, көп-
жоспарлы үрдісі, яғни, бірлескен істе нақты 
нəтиже мен нақты мəселелерді шешетін іскер-
лік ақпарат мен тəжірибе алмасу үрдісі [2]. 
Іскерлік қарым-қатынас деп зерттеу нысаны 
іскерлік салада адамдардың қарым-қатынас ас-
пекті мен іскерлік байланыс тиімділігін қамта-
масыз етуші факторлар болып табылатын ғы-
лымды атаймыз. 
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз салалық 
жəне нақты мақсатқа бағытталған іс-əрекет, əр-
бір коммуникация формасының мазмұны (лек-
ция, баяндама, талқылау, əңгіме), əрбір сөйлеу 
құрылымы ( қорытынды, ойы, сыни ескертулер, 
жауап қату) коммуникация мақсаты мен күті-
летін нəтижеге байланысты үрдіс. 
Іскерлік байланыс деп жиналыс, келіссөз, 
презентация барысындағы коммуникацияны 
айтамыз. Іскерлік қарым-қатынас əлеуметтік 
маңызы бар ұйымдарда, яғни, ғылыми, өнер-
кəсіп, мекеме, басқару жəне əлеуметтік, ком-
мерциялық, кəсіби деңгейлерде қолданылады. 
Іскерлік қарым-қатынас өнеркəсіпті ұйымдас-
тыру мəселесін талқылау, қызмет міндеттерін 
орындау, іс-əрекетті жоспарлау, сыртқы байла-
нысты орнату, шешім қабылдау, келісім-шарт-
қа отыру, құжаттарды рəсімдеу мақсатында 
қолданылады [3]. 
Егер PR дегеніміз мекеменің аудиториямен 
нақты байланыс орнату, сеніміне кіру, оны тү-
сіну мақсатында коммуникацияны басқару бол-
са, іскерлік қарым-қатынас деніміз осы функ-
цияның практикалық маңызы, оны іскерлік бай-
ланыста жүзеге асырушы болмақ. Іскерлік қа-
рым-қатынас саласындағы əрбір коммуника-
цияның мазмұны мен формасы жəне əрбір сөй-
Қазіргі таңда іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру мен оның негізгі ерекшеліктері 


134
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
леу конструкциялары коммуникативті мақсаты 
мен күтілетін нəтижесіне байланысты.
Іскерлік қарым-қатынас төмендегідей функ-
циялар атқарады: инструменталды (басқарудың 
əлеуметтік механизмі); интегративті (іскерлік 
серіктестерді байланыстыру); өзіндік презента-
ция (жеке потенциалын көрсете алу); трансля-
циялық (іс-əрекеттің нақты тəсілдерін бере 
алу); əлеуметтік бақылау (мінез-құлық пен іс-
əрекеттерін шектеу); əлеуметтену (іскерлік 
қарым-қатынастың мəденитеі тəсілдерін жетіл-
діру); экспрессивті (эмоционалды əрекеттесу). 
Іскерлік қарым-қатынас өте тиімді болуы 
үшін барлық компоненттерді, соның ішінде 
коммуникативті құзырлықты жете білу мін-
детті. Коммуникативті құзырлық деп қоршаған 
адамдармен, топтармен, аудиториямен өзара 
қарым-қатынас жасай алу, келіссөз жүргізе алу 
тəсілдері мен білім жинағы. Коммуникативті 
құзырлық білімі деп коммуникация функция-
ларын, коммуникация үрдісі ерекшеліктерін, үн 
қату, серіктестердің психологиялық типтері 
жəне əлеуметтік ролдерін, презентация жасай 
алу тəсілдерін, коммуникацияның вербалды 
немесе вербалды емес құралдарын айтамыз. 
Іскерлік қарым-ұатынас практикалық пəн болып 
есептеледі, дегенмен, əлеуметтану, психология, 
антропология, менеджмент теориялары мен 
пайымдауларын оқып үйрену жəне қолдану 
практикалық тəсілдерді түсіну мен ұғынуды 
тереңдетеді.
Іскерлік қарым-қатынас ғылыми сараптама 
мен теориялық зерттеулер пəні ретінде сан 
түрлі концептуалды əдістері арқылы ерекше-
леніп пəнаралық байланысқа ие болады. Сон-
дықтан іскерлік қарым-қатынас əлеуметтік, 
психологиялық, мəдениетаралық, лингвистика-
лық, лингвомəдениетаралық тұрғыдан қарасты-
рылады.
Іскерлік коммуникация іскерлік байланыс 
саласына қызмет ететіндіктен оған қойылатын 
талаптар өте қатаң, əсіресе, ең алдымен сөйлеу 
сапасы (дұрыстығы, дəлділігі, нақтылығы) жəне 
этикалық нормаларды қатаң сақтау. Көп жағ-
дайда «байланыс» жəне «коммуникация» тер-
миндері ортақ мағынада синоним ретінде қол-
данылады. Дегенмен, зерттеуші ғалымдардың 
пайымдауынша коммуникация дегеніміз ақпа-
рат беру үрдісі орын алатын байланыс. Сон-
дықтан ақпаратты қабылдаушы нысан тек адам 
ғана емес, сондай-ақ машина, жануар болуы 
мүмкін. Ал байланыс деп байланыс субъектері 
тең дəрежелі серіктестердің өзара қарым-қаты-
насына негізделген екі жақты үрдісті атаймыз. 
Байланыс коммуникативті (ақпарат жеткізу) 
қызметінен басқа да қызметтер атқарады, мəсе-
лен, регулятивті (мінезқұлықты реттеу қыз-
меті), перцептивті (қарым-қатынасқа түсуші-
лердің бір-бірін қабылдау қызметі), суггестивті 
(сендіру қызметі). Сондықтан «байланыс» жəне 
«коммуникация» терминдерін синоним ретінде 
қолданған дұрыс, тұлғааралық байланыста ком-
муникация дайын түрде мүлдем кездеспейді, 
ақпарат жеткізу негізінен қоғамда екі жақты 
үрдіс, яғни, сөйлеу əрекеті. 
Іскерлік келіссөздерді тиімді жүргізу, іскер-
лік құжаттарды дұрыс жəне сауатты құрастыру 
қазіргі таңда менеджерлердің, барлық деңгей-
дегі басшылардың, референттердің, хатшылар-
дың, қоғамдық қызметкерлердің, қоғамдық 
мекемелер көшбасшыларының кəсіби мəде-
ниетінің ажырамас бөлігі болып отыр. Басқару 
қызметінің барлық салаларында дерлік жоғары 
нəтижеге жету үшін нақты білім, ақпарат қажет 
жəне коммуникация ережелері, оны жүргізу 
формалары мен тəсілдерін меңгеру қажеттілік 
болып отыр.
Іскерлік қарым-қатынастың өзі белгілі мақ-
саттарға бағытталған. Яғни, іскерлік қарым-
қатынасты ұйымдастыру, коммуникация стра-
тегиялары мен тактикаларын таңдау, іскерлік 
қарым-қатынаста тілдік құралдарды қолдану 
нақты бір мəселені шешуде тиімді нəтижеге 
жетуге бағытталады. 
Іскерлік қарым-қатынастың ең негізгі ерек-
шеліктерінің бірі коммуникацияға қатысушы-
лардың əлеуметтік ролін қатаң сақтауы, яғни, 
басшы-жұмысшы, серіктестер, əріптестер тб. 
Егер іскер адамдар қызмет саласының түрлі 
сатысындағы тұлғалармен жиі коммуникация 
жасайтын болса онда байланыстың вертикалды 
жəне горизонталды түрін қолдануға тура ке-
леді. Байланыстың вертикалды түрі деп комму-
никацияға қатысушылардың əлеуметтік жағ-
дайына, əкімшілік-құқықтық нормалармен жəне 
төмен дəрежедегі жай жұмысшы өзінен қыз-
меті бойынша жоғары дəрежедегі тұлғаға бағы-
ныштылығымен сипатталатын субординация-
лық қарым-қатынасты атайды. Байланыстың 
горизонталды түрі деп жалпы мақсаттарына сай 
коммуникацияға қатысушылардың серіктестік, 
өзара түсіністік мақсаттағы бірлескен іс-əре-
кеттерін атайды. 
Іскерлік қарым-қатынастың ұйымдастыры-
луының өзі, коммуникативті іс-əрекеттер мен 
тəсілдер, іскерлік сөйлеуде тілдік құралдарды 
дұрыс қолдану нақты бір мəселені шешуде 
оңтайлы нəтижеге жету мақсатына тəуелді.
Г. С. Асанова 


135
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктері болып 
төмендегі принциптер есептеледі: 
- серіктес іскерлік қарым-қатынаста əрқа-
шан тұлға ретінде қатысады; 
- коммуникацияға қатысушыларды іскерлік 
мəселені өзара ұғыну жəне түсіну ерекшелен-
діріп турады; 
- іскерлік қарым-қатынастың негізгі мақ-
саты сапалы жəне тиімді серіктестік [4, 512]. 
Кейде іскерлік қарым-қатынас тар мағынада 
іскерліктің кəсіби саласында нақты мақсаттарға 
жетуге бағытталған іс-əрекет ретінде қолда-
нылуы мүмкін. Іскерлік қарым-қатынас нақты 
контексте туындап соған тəуелді болады. Нақты 
жағдаят, коммуникацияға қатысушылар саны, 
алға қойған мақсаттар сипаты, рецепиенттер 
арасындағы байланыс деңгейі іскерлік қарым-
қатынастың соған тəн сипаттары болып табы-
лып оның орын алуының бірнеше формаларын 
анықтауға көмектеседі. Іскерлік қарым-қатынас 
түрлеріне іскерлік сұқбат, іскерлік жиналыс 
немесе отырыс, іскерлік қоғамдық презента-
циялар мен қаратпалар жатады. 
Іскерлік қарым-қатынастың тағы бір ерек-
шелігі экономикалық мақсаттардың өзара бай-
ланысы мен əлеуметтік реттеу құқықтық шең-
берде орын алады. Көбінесе тұлғалар іскерлік 
коммуникацияға өздеріне қатысты салада қаты-
настарын құқықтық жолмен рəсімдеу үшін 
түседі. Өзара байланыс пен байланысты құқық-
тық рəсімдеудің ең оңтайлы нəтижесі болып 
өзара түсінушілік мен сенімге негізделген серік-
тестік қатынастар есептеледі. 
Іскерлік қарым-қатынастың тағы бір ерек-
шелігі оған қатысушылардың ролдік норма-
ларын қатаң сақтауы. Өзара қарым-қатынас жаса-
ғанда іскер адамға түрлі жағдаяттарда түрлі 
ролге енуіне тура келеді, сондықтан осыны ескере 
отырып коммуникацияға қатысушы өзін осы-
ған сай талаптарға, нақты жағдайға байланысты 
ролге енгені абзал. Іскерлік қарым-қатынаста 
ролдік норманы сақтау жұмыс үрдісін реттейді, 
тұрақтандырады.
Іскерлік қарым-қатынастың тағы бір ерек-
шелігі оған қатысушылардың оның нəтижелі-
гіне жоғарғы жауапкершілігі. Сəтті іскерлік 
қарым-қатынас байланыстың таңдап алған əдіс-
тері мен тəсілдері, яғни, коммуникацияның мақ-
саты мен міндеттерін дұрыс ұйымдастыру, 
серіктердің мақсаттарын айқындау, өзінің жеке 
ойын негіздеуге байланысты болмақ. Егер іскер-
лік қарым-қатынас тиімді болмаса істің нəти-
жесіз болуына əкеліп соғады. Сондықтан іскер-
лік қарым-қатынаста міндеттілік, ұйымдастыру-
шылық, сөзге сенімділік, этикалық нормаларды 
сақтау сияқты іскер адамның маңызды сипат-
тары негізгі болып қалыптасады. 
Іскерлік қарым-қатынас оған қатысушылар-
дың тілдік құралдарды дұрыс қолдануын талап 
етеді. Іскерлік қарым-қатынаста жай сөздер, 
балағат сөздер мен сөз тіркестері, қолданылуы 
шектеулі сөздер, мəселен, жаргондар, диалек-
тер, архаизмдерді қолдануға болмайды. 
Жалпы іскерлік қарым-қатынас ресми емес 
байланыстан нақты мақсаттар мен міндеттер 
қоюуымен ерекшеленеді.
Іскерлік қарым-қатынас қазіргі заманға сай 
заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Бірінші-
ден, сөйлеу конструкциясының қарапайымдығы 
мен қысқалығы; екіншіден, сөйлеудің кəсіби 
лексикасын қолдану; үшіншіден, сөйлеу логи-
калық тұрғыдан нақты ұйымдасқан, аргумент 
беруде ретін қадағалау. Іскерлік қарым-қатынас 
серіктестердің алға қойған мақсаттарына жету-
де тиімді құрал болып табылады. Іскерлік қарым-
қатынаста қажетті нəтижеге жету үшін келесі-
дей психотехникалық тəсілдер қолданылады: 
ойластырылған диалогизация (серіктесті адас-
тыру мақсатына диалогты ұйымдастыру); эмо-
ционалды екпін (келіссөз құралдарына назарды 
аударту); сұрақ-жауап тəсілі (серіктестің наза-
рын аударту мақсатындағы риторикалық сұрақ-
тар); эвфемизимдер (келіссөз барысында пози-
тивті орта қалыптастыру жəне негативті эмо-
цияның деңгейін төмендету мақсатында тура 
мағыналы тұрпайы сөздердің майда баламалары). 
Іскерлік қарым-қатынаста байланыс пəні 
болып бірлескен іс-əрекет есептеледі, ал серік-
тес тұлға ретінде қатысады. Нəтижелі серіктес-
тік, мақсаттары мен позицияларын жақындас-
тыру, серіктестік қатынасты жақсарту іскерлік 
қарым-қатынастың негізгі міндеттері. 
Іскерлік қарым-қатынаста бірлескен іс-əре-
кетте бірнеше міндетті элементтерді атауға бо-
лады, олар: ортақ мақсат, тұлғаларды бірлескен 
іс-əрекетке шақыру; коммуникацияға қатысу-
шылардың өзара байланысы; жеке əрекеттерді 
жасауға кеңістік пен уақыттың ұқсастығы; бір-
лескен іс-əрекетті жеке функцияларға бөлу 
жəне оларды қатысушылар арасында бөлу; жеке 
əрекеттерді бақылау жəне оларды басқару; мақ-
саттарының сəйкестігі. 
Іскерлік қарым-қатынастың ерекшеліктері 
төмендегі ұйымдастыру құрылымының негізгі 
сипаттары анықтайды: 
- Коммуникацияға қатысушылардың бір-
біріне симпатия немесе антипатияларына, ресми 
қатынастарына қарамастан міндеттілігі; 
Қазіргі таңда іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру мен оның негізгі ерекшеліктері 


136
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
- Конвенционалды шектеуліктер, яғни, құ-
қықтық, əлеуметтік нормаларды сақтау, регла-
ментацияны сақтау. 
- Коммуникацияға қатысушылардың қыз-
меттік ролдерін, құқықтары мен функционалды 
міндеттерін ескере отырып субординация мен 
іскерлік этиканы сақтай отырып ресми-ролдік 
принциптерін сақтау. Іскерлік байланыс белгілі 
дəрежеде формалды, шектеулі болып отыр, 
оның себебі мақсаттардың қатаң регламент-
тілігімен, қатынас мотивіне, байланыс орнату-
дың тəсілдеріне байланысты болып отыр. 
- Іскерлік байланыс ұйымдардың иерар-
хиялық құрылымына байланысты арнайы ор-
тада жүзеге асады. Иерархиялық пирамиданың 
деңгейлерінде қайта байланыс пен толық жəне 
нақты ақпарат беру сияқты тиімділік мəселе-
лері туындайды. Кейбір ақпараттарға сүйенсек 
жоғарғы басқарушы жақтан келген ақпараттың 
20-25 пайызы ғана оны орындаушыларға жетеді 
екен. Мұның себебі бір жағынан ақпараттың 
бұзылуы, екінші жағынан өнеркəсіп саласында 
болып жатқан іс жөнінде басшылардың жұмыс-
шыларды толық ақпараттандырмау тілегінен 
болады. Қызметтік-іскерлік коммуникацияның 
мұндай ерекшеліктерін ескеру үшін қаулылар-
ды, шешімдерді жазбаша бекіту қажет жəне оған 
жауап қатуды іскерлік байланыстың тиімділі-
гін жақсартудың негізгң құралы деп түсіну қажет.
- Іскерлік қарым-қатынасқа қатысушылар-
дың соңғы нəтижеге жету үшін бір-бірлерімен 
байланыстығы. Іскерлік қарым-қатынаста адам 
нақты тұлға жəне мекеме атынан өкіл ретінде 
қатысады, яғни, нақты кəсіби жəне ролдік 
функция атқарады. Іс-əрекет кезінде немесе 
адамның өз ойы мен мінез-құлық мəнері топ-
тық нормалармен сəйкес келмесе конфликт 
орын алуы мүмкін.
- Коллектив мүшелерінің бірлескен іс-əре- 
кет шарты ретінде сəйкестігі мен бірлесе іс-
тесуі. Бірлесе іс-əрекет жасағанда жеке таным 
процесстері динамикасын реттеудің арнайы 
механизмдері, мəселені шешудің бірлескен стра-
тегиялары, топқа тəн іс-əрекет мəнері қалып-
тасуы мүмкін. Жеке қабілеттер алмасу, өз мақ-
саттарын мен қабілеттерінді, ойларынды, іс-
əрекеттерінде басқа тұлғаның іс-əрекеттерімен, 
мақсаттарымен сəйкестендіру орын алады.
Іскерлік қарым-қатынастың табиғаты мен 
негізгі ерекшеліктері болып төмендегі ереже-
лер немесе шарттар есептеледі: 
- этикет нормасы (құрмет, тең құқықтылық, 
тұлғаның жетістіктерін бағалау, ілтипат көр-
сету, сөйлеу мəнері)
- регламенттілік (коммуникация өтіп жат-
қан аумақтың ұлттық-мəдениет дəстүрлерімен 
анықталған белгіленген ережелер мен заңдарға 
бағыну жəне берілген кəсіби ортада белгілен-
ген кəсіби этикалық принциптер, уақыт нормасы) 
- коммуникация жасау саласындағы термин-
дер мен кəсіби тілді жетік білу жəне оны меңгеру 
- коммуникацияға қатысушылардың түр-əл-
петі (визуалды байланыс, тұлғаның əлеуметтік 
жағдайы, жеке мінез-құлқы, өзіндік бағалауы ) 
- коммуникация барысында оған қатысушы-
лардың мақсаттары мен құқықтары (конфликт 
мəселесін болдырмау мақсатында, оларды көн-
діру) 
- іскерлік қарым-қатынас жазбаша жəне 
ауызша түрлерінде де өзінің жоғары дəрежелі 
конвенционалдығымен, яғни, белгілі бір қатаң 
тəртіпке, ережелермен нормаларға сүйенуіне 
тура келеді 
- іскерлік қарым-қатынастың ресми немесе 
формалды қалыпта болуы, яғни, тұлғаның ком-
муникативті құзырлығы 
- іскерлік қарым-қатынаста оған қатысушы-
лардың ролдік мақсатын қатаң сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет