БаоөЖ №2 Орындаған: Ерғабыл Д. Оқу тобы: сиб-23-1 п/я Қабылдаған: Қожақұлы Ө


Ақша айналымы. Ұлы Жібек жолының ежелгі дəуір мен ортағасырдағы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата28.03.2024
өлшемі229.23 Kb.
#496713
1   2   3
БАОӨЖ №2

2.Ақша айналымы. Ұлы Жібек жолының ежелгі дəуір мен ортағасырдағы
маңызы.
Ұлы Жібек жолының əлеуметтік-мəдени маңызы. Ұлы Жібек жолы
тармақтарының Қазақстан қалалары арқылы өтуі мəдениет пен өнердің дамуына
септігін тигізді. Саудамен қатар, Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы т.б.
елдермен дипломатиялық жəне экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол
болды. Жібек жолы жаңа технологиялар мен жаңалықтар, мəдени, ғылыми
жетістіктер алмасу жолы да еді. Қазақстан осы жол арқылы қағаз жəне оқ-дəрімен
танысты. Бүкіл əлем соғыс арбаларын жасауды игерді, басқа да əскери өнер
жаңалықтары тарады. Сақтардың «аң стиліндегі» алтын бұйымдарының таңғажайып
үлгілері осы жол арқылы бүкіл əлемге паш етілді. Жібек жолымен Қазақстанға басқа
елдердің сəулет құрылыстары, бейнелеу өнері, би, музыка сияқты мəдени ауысулары
ағылып жатты. Жергілікті халық киім-кешек пен қару-жарақ, сауыт-сайман,
дəмдеуіштер мен кептірілген жемістер сатып алды. Батыс пен Шығысты түйістіріп
тұрған сауда жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады.
Қазақстан аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы əртүрлі діндер мен
конфессияларға төзімді жəне келісімді өмір сүріп келгені – ежелден келе жатқан
дəстүр.
Ұлы Жібек жолының ортаазиялық бағытында халықаралық сұхбат үрдісі орнықты.
Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия түйісетін Ұлы Жібек жолында біріне бірі
ұқсамайтын мəдениеттердің өзара құндылықтар алмасулары үшін қолайлы жағдай
қалыптасты.


1987 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы
қабылданды.
1996
жылы
Ташкентте
түркі
мемлекеттері президенттерінің бірлескен
декларациясында Ұлы Жібек жолы басты нысан етіп алынды. 1997 жылы Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан
Республикасында Ұлы Жібек жолы бойында туризм инфрақұрылымын дамыту
туралы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын,
ЮНЕСКО мен ДСҰ жобасын іске асыру» туралы Жарлыққа қол қойды.
1998 жылы «Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес
мемлекеттердің мəдени мұрасын сақтау жəне дамыту, туризм инфрақұрылымын
жасау» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Қазіргі таңда Қытай мен Орталық Азия
елдері бойынша «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық бағдарламасы, «Жібек жолының
экономикалық белдеуі» бастамасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар біздің
жерімізден «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дəлізі өтеді. Бұл жоба
тасымалданатын жүктердің транзитінен Қазақстанға қаржылай мол табыс əкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет