4.2 Абайдың онтологиясы
Абай сынды бүкіл әлемдік ауқымдағы ақыл-ой алыбының тарих сахнасына
шығуының өзі XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында болып
жатқан түбірлі өзгерістерімен тікелей байланысты болатын. Ол қазақ даласына
белсенді түрде араласа бастаған алғашқы капиталистік қоғамдық қатынастарды
бірінші болып аңғарған адам. Соның арқасында ұлы ақын рухани
қазыналардың жаңа жүйесін түзіп, елдікке апарар жолда етектен тартар
ескілікпен күресе жүріп, өмір мен адамның, мәдениет пен қоғамның парқы мен
268
мәнін ұғындыратын философиялық жаңа ұғымдар мен принциптерді қа-
лыптастырды.
Абайдын рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идея-
ларға толы: ол күллі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын
«жетілген адамды» өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған ай-
рықша көңіл бөледі, адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды
адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін ашып, ұлттық эс-
тетика мәселелерін алға тартады, адамның шексіз танымдық мүмкіндіктерін
байқап, надандықпен күресін бағалап, білім мен ғылымның олардың әлеуметтік
өміріндегі рөлін анықтап, адамтануды жүйелі қарастырады.
Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын
мәнісінде қазақ халқының зерделі ойы мен өмірінің энциклопедиясы секілді.
Олай дейтін себебіміз, Абайды танып, оның шығармаларын игере отырып, сол
кездегі қазақ қоғамының экономикалық, саяси, құқықтық, отбасылық, мәдени-
тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да анық және дәл мағлұматтар алуға
болады.
Абай қаламынан шыққан барша қазынаны, оның рухани мұрасын (лири-
касын, поэмаларын, қара сөздердерін) жүйелі зерттеп, тануда айрықша еңбек
сіңірген адам Мұхтар Омарханұлы Әуезов болды. Ол әлемге әйгілі эпопеяны
дүниеге келтіре отырып, сол арқылы оны дүниежүзілік мәдениеттің ауқымына
көтерді, Абай өткен жолдың бүкіл адамзаттық маңызын сындарлықпен аша
білді. Ұлағатты ғалым, абайтанудың негізін салушы өзінің аса шабыттанып
жазған «Абай Құнанбаев: мақалалар мен зерттеулер» атты ғылыми еңбегінде
қазақтың ұлы ойшыл ақынының рухани мұрасын өмір бойы жүйелі түрде
зерттеу үстінде болғанын керсетеді. М. О. Әуезов осы еңбегінде айтқандай:
«...жақын заманда қазақстандық әлеуметтік, философиялық ойдың өсу тарихын
зерттейтін... жаңа философтарымыз Абайдың жаңағыдай мұраларын түгелдей
теріп, тереңдеп талдап тексеруге мейлінше баратын болады» /1/.
Қазіргі таңда жалпы саны төрт мыңға жуық атаудан тұратын Абай жайлы
әдебиеттер тізімі – бұл ұлы ақын-философқа, оның рухани мұрасына деген
терең де ауқымды іңкәрлікті ғана білдірмейді, сонымен бірге өз дәуірінің ай-
насы бола білген жанның рухани қазынасы назар салмай, қазақ халқының
шынайы тарихы мен дәстүрін, идеялық ынтасы мен ділін, өткені мен келешегін
тану мүмкін еместігінің кепілдігі де.
Сонымен бірге бүгінгі күні Абай қолынан шыққан қастерлі ғақлиялы
сөздерді оқи отырып, қазіргі Қазақстан басынан кешіріп отырған қайшылығы
мен тартысы мол өтпелі кезеңнің мазмұны мен мәнін де дұрысырақ, тереңірек
түсінуге болады. Қазір Абай философиясы мен дүниетанымы, ол айтқан дана
пікірлер адамнын қадір-қасиетін көтеруге, ұғуға бағыттайтын өміршеңдігімен
егеменді еліміздің мемлекеттік идеологиясы болып табылады.
Талай жылдар «ақтаңдақтар» қатарында болып келген қазақтың қоғамдық
ойының зерделілері Ш. Құдайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов, М. Жұмабаев Ж. Аймауытов секілді Абайдың шәкірттері мен ізба-
сарларының өсімдері мен шығармаларының халқымызға қайта оралуы ұлы
ойшылдың дүниетанымына тыңнан, жаңаша қарауға мүмкіндіктер береді.
269
Олардың Абай шығармашылығына арналған еңбектері таптық көзқарасты
негізгі принципке айналдырған бұрынғы тоталитарлық идеологияға қарағанда,
өздерінің жалпыадамзаттық тазалығымен тың да жаңа. Ал, абайтануда
пайдаланылып, жазылып келген бұрынғы еңбектер таптық ерекшеліктерді
асыра дәріптеумен болды. Бул тұрғыда біздің халқымыздың бай рухани жан-
дүниесін байытқан ақын-жазушылардың қуғын-сүргіннің құрбаны болуы,
бүгінгі таңда барынша өзекті болып отырған құндылығы шексіз асқақ
идеялардың қуғынға ұшырауы дүниені танудың, оны сипаттаудың, қабылдап-
көріп, әлемдік қатынастарды бағамдаудың бүтіндей бір жүйесінің тәрк болып,
тәлкекке айналғандығы еді. Мұны ерекше атау қажет. Бүкіл адамзаттық
идеялар мен адамды ең биік қастерлі қазына деп жариялап отырған қазіргі
өтпелі кезеңнің рухани ахуалы Абайдың өміріне, туыстарына, оның күллі
шығармасы мен дүниетанымын қалыптастырған кездерге байланысты тарихи
шындықтың бетін айқындап, пікір қорытуға шынайы мүмкіндіктер туғызып
отыр. Абайдың дүниетанымын қалыптастырған қоғамдық-мәдени жағдайлар
бір қарағанда әбден жан-жақты қамтылып, зерттелген секілді болып көрінеді.
Әйтсе де бұл мәселе бүгінгі егеменді күннің талабы тұрғысынан өзіне қайта
назар аударуды қажет етеді.
Абайдың шығармашылық бетін, дүниеге деген көзқарасын айқындаған үш
қайнар көз туралы сонау отызыншы жылдардың өзінде-ақ М. О. Әуезов «Абай
Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны» атты еңбегінде белгілі бір жүйелі
пікір қалыптастырған. «Ұлттық және бүкіл адамзаттық мәдениеттің үш түрлі
мол арнасы данышпан ақынның творчестволық ісіне рухани азық болды.
Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлеуметтік, ақындық ісіне дем беріп, шапағатты
нәр алған арнаның бірі – халықтың өзі жасаған, ауыздан ауызға тараған, баспа
жүзінде сақталып келген қазақтың бағзы заман халық мәдениетінің бай
мұрасы... ақындығына рухани дем беріп, азық болған екінші арна – шығыс
мәдениетінің тамаша мұрасы, араб – иран және түрік халықтарының
классикалық поэзиясы, – дей келіп ол, – үшінші арна – орыс мәдениеті Еуропа
мәдениеті /2/, – деп жазған-ды.
Әйтсе де Мұхтар Омарханұлы сол кездегі әкімшіл-әміршіл қоғамдық
жүйенің салдарынан Абайға қатынасты айтқысы келген терең ойларын толық
айта алмағаны белгілі. Одан бұрын абайтану бойынша жарияланбай келген, тек
1988 жылы ғана баспадан шығуға мүмкіндік алған еңбектері куә.
Өйткені, Абай қазақ елінің ұлттық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті
арманы мен данагөй ойларын абыздық көрегенділікпен өлеңмен өрнектеуді
қазақ эпосынан үйренді. Себебі, өмір мен өлімнін мән-мағынасын, қазақ
халқының бірлігі мен тұтастығын, жеке адамның тәуелсіздігі үшін күресін,
адам құқы және оның сүйіспеншілігі мен отаншылдығын өзінің басты
тақырыбы етіп жырлаған «Ер Тарғын», «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр»,
«Қамбар батыр», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
сынды ауыз әдебиетінің көркемдігі кемел, алып туындылары ұлы ойшыл
ақынның дүниеге деген көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпалы
болғандығы даусыз.
Сондай-ақ, Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасын қалыптастыруға
270
Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз.
Өйткені, ол күллі араб пен парсының батырлық жырларын, Шығыстың атағы
жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, ат-Табари, Рабғузи, Рашид-ад-Дин,
Бабур-Захиред-дин, Мұхамед, Абылғазы-Баһадур ханның тарихи еңбектерін,
сондай-ақ логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқ, Шығыстың
шариғат қағидаларын ұғындырар ғұламаларының еңбектерін жетік меңгергенді.
Сол еңбектерді түп нұсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болатын-
ды.
Исламның қазақ даласындағы жетістіктері мен нығаюына орай жаңа заманға
байланысты араб, парсы, түрік тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл
аударады. Өзінің айырықша қабілетінің арқасында өз бетімен жүйелі түрде
оқып, араб, парсы тілдерін игереді. Сөйтіп, ол Ә. Бөкейханов айтқандай,
қасиетті кітаптардың білімпазы атанады.
Шығыстың Абайға тигізген ықпал-әсері туралы кезінде әртүрлі пікірлер
болғаны белгілі. Олардың ішінде ақынның дүниеге деген көзқарасын қалып-
тастыруда Шығыс мәдениеті орнының елеулілігін мойындаудан бастап, сол
пікірді мүлдем теріске шығаруға дейінгі аралықтағы пікірлер бар. Отырардан
шыққан және Шығыстың екінші ұстазы атанған алғашқы кәсіпқой философ,
ғұлама ғалым Әл-Фараби философияның барлық саласы бойынша 164 трактат
жазған. Біз олардың отыз шақтысын ғана білеміз, калғандары әлемнің әр
түкпірінде шашылып жатыр. Осыған байланысты орта ғасырлық араб-парсы
тіліндегі философиялық еңбектер мен араб мәдениетінің, жалпы араб-
мұсылман Шығысының Абайдың дүниеге деген көзқарасын қалыптастырып,
дамытуда соңғы кездерге дейін абайтануда қалыптасқан пікірден әлдеқайда
елеулі болғандығын ерекше атау орынды. Бұл тұрғыда біздін рухани арнала-
рымыздың негізгі көздерінің бірі – араб-мұсылман Шығысымен арадағы алтын
көпір сскілді деп есептеуге боларлық «Әл-Фараби және Абай» сынды келелі
тарихи сабақтастық мәселесінің қарастырылуы ел көңілін аударары анық.
Өйткені, бұл мәселе арқылы екі алыптың кейбір идеяларынан өзара белгілі
үндестіктер табылатындығы хақ. Қазақ даласындағы ой тарихы үздіксіз жүріп
жатуы заңды процесс.
Соңғы уақытта бұл мәселені тереңдей оқып-білуге ұмтылыс байқалуда. М.
Мырзахметовтың еңбегі үлкен қызығушылық туғызады. Зерттеуші көбінесе
Абайдың философиялық көзқарасының қайнар көздері Шығысқа көбірек
саятынын атап көрсетеді, «Шығыс ойшылдары мен ақындарының идеяларын
игеру Абайдың көзқарасының гуманистік жақтарының қалыптасуына әсер етті»
/3/. «Әл-Фараби және Абай» проблемасының қойылуы маңызды әрі қажетті
болып табылады.
Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс – бұл Әл-Фараби мен Абай
үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау, үндестік,
кейбір идеяларының бір-біріне тіл қатып тұрғандығы, байланыстылық
болғандығын растайды. «Әл-Фарабидің этикалық ойларының дамуының
бастауы болып табылатын негізгі проблема, – дейді А. X. Қасымжанов, – бұл
сұлулық пен бақытка адамның жетуі...» /4/. Атап айтсақ Абайдың және барлық
қазақтың ағарту ісінің этика-әлеуметтік тұжырымдамасы өз бастауын адамды
271
бағалау, оның бақыты мен адамдық болмыстың мәнін қарастырудан алды. Абай
мұрасы «ұлы ақынның шығармашылығының өзегінде жатқан әсемдікке
ұмтылумен бейнеленеді» /5/, – деп академик Ә. X. Марғұлан әділ бағалаған
болатын.
Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары, космогониялық
және космологиялық түсініктері үндес. Әл-Фараби өзінің математикалық
трактаттарында «8» санына баса назар аударған, ал Абай «Сегіз аяқты» жазған.
Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны
жаңғыртады: «Сен де бір кірпіш дүниеге» /6/. Идеялардың мұндай өзектестігін
жалғастыруға болады. «Әл-Фараби және Абай» проблемасын зерттеумен
шұғылданушы А. Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен
жалғастырушы Әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары
туралы трактаттарына кеңірек тоқталған мұсылман-діншіл Шахабутдин
Маржани деген пікірге келеді. Ш. Маржанидің шәкірттері Абайға медреседе
оқыған жылдарында дәріс берген. Абайдың Маржаниды көп оқығандығы
жөнінде мәліметтер бар. Бұл мәселе нақтылауды әрі байыпты зерттеуді талап
етеді, бірақ оның қойылуының өзі маңызды және қажетті, өйткені араб-
мұсылмандық Шығыстың, сондай-ақ әл-Фарабидің Абай дүниетанымына
ықпалы – проблеманың әлі жете зерттелмеген жағы.
Абай Шығыстың ұлы ақындары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди,
Науаи, Сәйхали және басқа да алыптардың сиқырлы әуез, биік рух, қиыннан
қиындасқан шынайы шеберліктің үлгісіндей ғажайып поэзиясының аясында
тәрбиеленіп, өмір бойы солардың дәстүрінен қол үзген емес. Өйткені, Шығы-
стың сұңғыла ойшыл ақындарының адамның табиғатын тереңнен ұғатын
ерекше қасиеті, оның болмысына, рухани жан дүниесіне, адамдағы адамшы-
лыққа сүйіспеншіліктері Абай поэзиясынан көрініс тапқан. Барлық Шығыс
ойшылдары секілді ақынның «Адам бол!» дейтін үндеуден өріс алатын, оның
бүкіл шығармашылығының өзегіне айналған, адамды адамгершілік тұрғысынан
жетілдіруге, сол арқылы қоғамды сындарлы кейіпке жеткізуге ниет ететін
еңбектері ежелгі алып ой өкілдерімен рухани туыстығына куәлік береді.
Сонымеи бірге ақынның небір шұрайлы философиялық көреген ойлары да
негізінен Шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел де кемеңгер пікірлерін
шығармашылық айрықша шеберлікпен игергендігіне байланысты.
Абайдың рухани әлемін қалыптастыруда ақынның әкесі Құнанбай ақ-
сақалдың кемеңгер тұлғасы да аз рөл атқармаған. Өйткені, осынау жарқын
тұлғаның елді үйірген терең ойлы кеңес-маслихаттары арқылы – шешендік
өнер, қазақтың әлеуметтік құқ және Ресей патшалығының заңдары мен
тәртіптері жайлы алғашқы рет дәріс тыңдаған шәкірттей күй кешті. Атақты
ақын Адам Мицкевичтің досы, біздің халқымыз туралы шындықты бұрмала-
майтын шынайы естеліктер қалдырғандығымен еліміздің тарихында
сүйіспеншілікпен еске алынатын, поляктың жер ауып келген азаматы Адольф
Янушкевичтің Құнанбай туралы ерекше ілтипатпен жазып, оны алып ойдың
иесі, үлкен ұйымдастыру қабілеті бар, қара қылды қақ жарған тура би, айы-
рықша сыпайылыққа ие, қазақтың әр атырабынан оның ақыл-кеңесін, әділ
төрелігін есту үшін күндіз-түні жас пен кәрі де, бай мен кедей де үзбей ағылып
272
келіп жататын айтып, оны «Даланың Цицероны» деп өте жоғары бағалауы
тегіннен тегін емес.
Орыс мәдениеті мен қоғамдық-философиялық ой жүйесінің Абайдың
дүниетанымына еткен әсері Халиолла Өскенбаев пен Семей бойына жер ауып
келген саяси тұтқындар, сондай-ақ, орыс әдебиеті мен мәдениетінің тұрқы биік
ірі тұлғаларының төл шығармалары арқылы қалыптасқаны белгілі.
Осы кезге дейін белгісіз бір себептермен Абайдың дүниетанымына ерекше
әсер еткен туысы Халиолланың сіңірген еңбегі өз дәрежесінде айтылмай келді.
Ал, шын мәнісінде Абайдың алғаш рет Пушкин, Лермонтов, Тургенев т.б. орыс
қаламгерлерінің шығармаларымен таныстығы Халиолла арқылы жүзеге
асқандығы мәлім. Ал, Халиолланың кім екендігі белгілі: ол өз кезінде Сібір
кадет корпусын бітірген, еуропалық білім қайнарынан барынша мол
сусындаған, тіптен сол тұстағы білімі жоғары қазақтардың арасында да ерекше
озық тұрған, өз халқының бел баласы ретінде ұлтына беріле қызмет еткен
азамат. Халиолла туралы академик Ә. X. Марғұланның: «Ол өзінің қандастарын
«қазақтан да» басқа әлем бар, білім мен ғылымның, рухани есеюге
талпыныстың әлемі бар екендігіне үйреткен адам... Халиолла данышпан ақын
Абайға үлкен ықпал еткен», – деп жазуы тегін емес.
Абайдың Семейге жер аударылған саяси тұтқындармен достығы және
олардың ұлы ақынға жасаған әсер-ықпалы туралы аз жазылып жүрген жоқ,
әйтсе де біздің ойымызша, осы тарапта қалам тартқан Ә. Бөкейханов, А.
Байтұрсыновтардың еңбектері осыған дейінгі пікірлерден мүлдем тың көзқа-
растары болуымен ерекшеленеді. Олар Е, П. Михаэлис пен С. С. Гросстыц
Абайдың ақындық һәм философиялық шығармасына төтенше әсер етіп, оның
дүниетанымын түп-тамырымен өзгерткенін баса көрсетеді. Абай өркениетті
халықтарда поэзиялык және философиялық шығарманың ерекше кұрметте-
летіндігін, ал онымен айналысатын адамдардың сыйлы кісілердің санатында
жүретіндігін білгенде, шын мәнінде казақта ақындық өнер ондай құрметке ие
болмаса, оған кінәлі өнер емес, сол өнерді тілемсектік-сұрамсақтық, мал та-
будың көзіне айналдырған ақындардың өзі екендігіне әбден көзі жетеді. Сөйтіп,
ол Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтқанда: «Ғылымды жұртта өлең жазу, сөз
жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін ұққан». Сөйтіп, «білім ал!» атты ақынныңң
ұраны қазіргі өтпелі замандағы жастар үшін нарық туралы ғылыми білімді
игеруде де өте маңызды орын алады.
Орыстың коғамдық-философиялық ақыл-ойы Абайдың эстетикалық
көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етті. Сондай-ақ, басын сонау анти-
калық ежелгі заман мәдениетінен алатын батыс Еуропа мәдениеті Абай
дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Қазақ
кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс бола білді.
Оған ақын қаламынан шыққан туындылар куә. Сонымен қатар ол Спенсердің
«Тәжірибелерін», Льюистің «Позитивтік философиясын», Дрепердің «Еуропа
ақыл-ойының даму тарихы» атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және
тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Бұл Ә. Бөкейханов
пен Д. Кеннандардың өз кезінде жазғандарынан мәлім жай. Ақынның Байрон,
Гете, Шиллер, Мицкевич және орыс ақындарының шығармаларын да қазақшаға
273
аударғаны белгілі.
Абай Гетенің «Жолаушының түнгі әнін», Лермонтовтың «Таулы шыңдары»
арқылы «Қараңғы түнде тау қалғып» деген керемет аударма жасады. «Гете
және Абай» атты өте қызықты эссе-еңбек жазған Г. К. Бельгер Абай
поэзиясының терең философиялылығын ашады және ол осы өзгешелігімен
Гетеге керемет жақын деп есептейді. «Гете және Шығыс», «Абай және Батыс» –
осы жолдардын түйіскен жерінде зерттеушілерді жаңалықтар күтіп тұр деп әділ
бағасын береді Г. Бельгер /7/.
Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың үздіксіз тарихы,
ғылымы мен мәдениеті қазақ деңгейінің рухани есею жолында елеулі рөл
атқарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін өз дүниетанымында тамаша ұшта-
стырды.
«Алып данышпан екінші бір алып данышпанның жәрдемімен қалыптасады,
бірақ ол ассимиляция жолынан гөрі, алмасты алмастың үйкелеп жалтылдаған
күйге түсіретіні секілді, ықпал ету арқылы жүзеге асады. Декарт философиясы
Спиноза философиясын дүниеге келтірген жоқ, бірақ ол соның өмірге келуіне
ықпал етті», – деп данышпан Гейне қорытынды жасағандай Абайдың да
философиялық тұғырлы ойларының, дүниетанымының қалыптасуында
дәстүрлілік пен сабақтастықтың маңызы болды. Данышпанды данышпан ғана
тани алады. Ендеше Абайды туғызған халық та данышпан халық, ал Абайды
танып, әлемге қазақты танытқан Әуезов те данышпан.
Абайдың арнайы философиялық трактаттар жазбағаны мәлім. Бірақ, ол –
философиялық терең толғаныстарға, тосын пікірлі идеяларға толы поэзиялық
туындылар мен қара сөздердің авторы. Ақынның осы ерекшелігі алғашқы-
лардың бірі болып аңғарған қазақтың аса көрнекті жазушысы Жүсіпбек Ай-
мауытовтың «Журнал туралы» атты 1918 жылғы мақаласында ұлы қаламгердің
ақылы мен білімі, дүниені дұрыс философиялық тұрғыдан түсінуі, ой
толғаныстарының тереңдігін бағалап, данагөй философ деп танығандығы осы
ойымызға дәлел.
Абайдың рухани әлемі – ерекше бір тылсым дүние, ол оның негізгі зерттеу
объектісі – адам. Сол адамның эстетикалық, этикалық бет пернесі, арман-
мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау
ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Олардың негізінде адам
және кісілік философиясы жатыр. Абай былай дейді:
...Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес...
Өйткені, адам мәселесі, оның дүниемен қатынасы, адамның өмірі мен
тұрмысының мәні философияның негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды.
Мәселен, бүгінгі таңда біз бастан кешіп отырған жүйелі дағдарыстың өзі де –
сайып келгенде осы адамның дүниеге деген түбегейлі қатынасының дағдарысы.
Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күрделі адам проблемасы
үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық
жақтарда қаралады. Ал, бұл мәселелердің қайсысының да бір-бірімен тығыз
274
байланысты екендігі күмәнсіз. Абай адам табиғатын этикалық тұрғыда қарай
отырып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, «сегіз қырлы, бір
сырлы» сырбаз адам, яки кемеліне жеткен «толық адам» кейпінде алға тартады.
«...Адам деген даңқым бар», – дейді Абай. Сол арқылы ол неден қашық, неге
асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз
адамның шынайы мәнін ашады. Мысалы, ақынның мына сөзі де осының бір
дәлелі: «Тілеуді құдайдан тілемей, пендедеп тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр
демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Кұдай біреу үшін
біреуге жәбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не
ғылымы жоқ тұра, өзімдікін жөн кыламын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа
бергеннің несі сөз? Оның иесі адам?.. Оларды мұсылман деп қалайша иманы
бар ғой дейміз?».
«...Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз», —
деп атап көрсетеді Абай. Абайдың ойшыл-дана ретінде негізгі ұсынар этикалық
принципі – «Адам бол» деген сөздермен кірігіп келетін кісілікке, адам-
гершілікке, имандылықка жетелеу. Бұл – ақын шығармаларының басты өзегі.
Осы арқылы ол адамның қоғамдық өмірдегі басты рөлі мен орнын анықтайды,
ондағы сыншыл ақылды жоғары бағалайды. Соған ерекше мән береді.
«Әсемпаз болма әр неге» атты жастарға арналған өлеңінде Абай:
«...Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!» -
дейді. Ақын философиясында адам ақыл-ой мен кісіліктің, еңбек сүйгіштік пен
білімділіктің, достық пен махаббаттың тоғысқан үлгісі болуға тиіс. Сондықтан
да ол «Күн менен айдың – аспанның, ағаштар мен жемістердің – таулардың сәні
болғаны секілді, адам – жер бетінің сәні» деп ұғып, өзінің адам болып
жаратылғандығын мақтан тұтады. Тіпті мына бір өлең шумағында Абай қазіргі
өтпелі кезең адамдарымен сырласқандай, оларға барлық ішкі сырын ақтарып
бергендей:
...Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай адамды жаратушының қаһарынан қаймыққаннан емес, өзінің арының,
ұятының, халқының алдында сол істеген қылығы үшін жауапты болғандықтан
да қайырымды, мейірімді болуға тиісті деп біледі. Қазіргі біз бастан кешіп
отырған кезеңді, әдетте, адамдардың қылықтарының кезеңі деп атайды. Сөйтіп,
әңгіме қылықтардың философиясы туралы қозғалады.
Абайдың этикалық тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше
орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ», – деп қандай еңбекті
дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам
өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да
болады. Өйткені, еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани
тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп
есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді,
275
ал, оның қадірін білмейтін салбөксе жалқаулар көбіне теріс қылықты болып
келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол: «Еріншектік – күллі дүниедегі
өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осылай
шығады», – деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті ең жоғары игіліктің көзі, адам
қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-
мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді.
Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің
рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жүйелі түрде
тәрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші
сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: «Егерде есті кісілердің қатарында
болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында
бір – өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай
өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің
өкіибестсй қылыкпен өткізіппісіқ? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де
білмей қалыппысың?» Бұнда ақын адамның өзіне өзгелердің көзімен қарап,
күнделікті істеген ісіне талдау жасауға, барлық әрекетіне жауап бере алуға,
өзінің өмірдегі орнын біліп, соған лайық іс-қимыл жасауға міндеттілігін ашады.
Адамның тұтыну мүмкіндіктері жайлы толғана келіп, Абай бұл мәселеде
қанағатсыздыққа ұрындырмайтын мөлшер, шамадан асып кетпеу керектігін
өсиет етеді: «Әрбір жақсы нәрсенің өлшемі бар, өлшемінен асса – жарамайды.
Өлшемін білмек – бір үлкен керек іс... Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл
көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ,
алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшемі бар». Ал, сол өлшемнің
шамасын қалай анықтауға болады? Ақын пікірінше, – оның таразысы – ұят-
тылық пен арлылық. Осы сезім бар жерде адам қанағатшылдық пен кісіліктің
тізгінінен айырылмақ емес деген ойға жүгіндіреді.
Бұл жерде біз белгілі орыс философы Вл. Соловьев пен Абайдың ұят туралы
ой-пікірлерінін соншалық күтпеген үндестігіне таңданамыз. Вл. Соловьев ұят
сезімі, ұят дегеннің өзі жалпы адамдықтың, моральдың маңызды бірінші бөлігі
деп есептеген, ұятты мінез-құлықтың айрықша реттеушісі дей келіп, Декарт
сөзін былайша келтіреді: «Мен ұяламын, демек, мен өмір сүрудемін». «Ұятты
жоғалту», яғни «адамдықты жою» деген байламға келеді орыс философы /8/. Ал
Абай «Рақлияның» отыз алтыншы сөзінде осы ұғымды толық талдай келіп:
«Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы» /9/, – дейді. Ғақлияның он
төртінші сөзінде қазақ ойшылы былайша ой қорытады: «ар мен ұятқа
терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі үнемі жаманшылыққа,
мақтанға салынып, өз бойын бір тексермей кеткен кісі, тәуір түгіл, әуелі адам
ба өзі?» /10/. Екі ойшылдың идеяларындары мұндай айқын, салыстырмалы
үндестіктің, этикалық идеялардың мұндай жаңғырығын түсіндіру өте қиын.
Дегенмен, Абай Вл. Соловьев еңбектерімен таныс болды деген ұйғарымға
келуге болады, өйткені олар Ресейде көптеген журналдарда жарияланған,
кеңінен танымал болды, ал Абай бай кітап қорымен әйгілі Семей
кітапханасының тұрақты оқырманы болғаны жұртшылыққа белгілі. Ж.
Аймауытұлы Абайға «дананың көрегендігі, ізгілікке құштарлық, әділдік,
шыншылдық» тән деп тұжырымдап, ол өмір бойы «жаңылыс басқандарды
276
дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды» /11/, – деп ой түйеді.
Абай адамгершілік идеясын өмір бойы ту қылып көтеріп өткен. Ол азаматты
шыққан тегі, атқарып жүрген қызмет-мансабы, атақ-даңқы мен дәулетіне қарай
емес, оның жан дүниесіне, өз еліне, халқына көрсетер қызметіне қарай
құрметтеуге үндейді.
Абай адамның жан дүниесінің үнемі өзгеріс, дамуда болатындығын дұрыс
керсетеді, сондай-ақ өзінің «Адам бол!» дейтін негізгі шафқатты-этикалық
принципінде азаматты ұждандық тұрғыдан ылғи да жетілу, толысу процесі
ауқымында ұғынады. Адамның адамшылдық жағын көре білу және дамыту,
ақылды, білімді адамды жоғары бағалау, өмірінің аяғына дейін адам болып,
дұрыс қартаю, өз халқына қажымай-талмай қызмет ету, бүкіл адамзатты,
адамды сүю және құрметтеу бүгінгі тандагы басты мәселе.
Шығыстың өзге ұлы ойшылдары сияқты Абай да қоғамның жақсарып,
жаңғыруына адамдардың ар-ұжданын жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады
деп қатты сеніп, халқын сол жолға салсам, оған барынша мол пайда келтірсем
деп есептеген. Оған өзінің идеялық-мәдени ізденуі толық кепіл.
Данышпан ақынның этикалық мұраты оның эстетикалық мұратымен тығыз
байланысты. Абай түсінігіндегі адамды адамгершілік жағынан жетілдіру
эстетикалық және этикалықтың бірлігі, ал ол белгілі дәрежеде эстетикалық
құндылыққа ие. Жан-жақты дамыған әмбебап тұлғаға айналу жолын ол өнер,
сөз, поэзия арқылы эстетикалық тәрбие беруден, адамдарға нақтылы өмірде
ғажайып күшке ие сөз құдіретімен әсер етуден болады деп білген.
Абай әдеміліктің ұлттық түсінігі мен түбірінен жаңа эстетикалық принципін
ұсынып, оны былай деп тұжырымдайды:
...Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Абай нақтылы шындықты әсемдіктің тұлғасы ретінде ұғынады. Оның эс-
тетикалық көзқарасында қазақтың қоғамдық ой-санасындағы сұлулықты,
әсемдікті жаңаша ұлттық түсінуге, қоғамдық өмірдегі өнердің орнын терең
білуге ұмтылғандық байқалады.
Абайдың жанына жақын идеяларының бірі – адамды табиғатпен жақын-
дастыру мәселесі, яки табиғат пен адам, табиғат пен махаббат, табиғат пен өнер
сынды жайлар – ақынның поэзиясындағы сүйікті тақырыптары. Әрине, Абай
шығармашылығында тікелей табиғатты сипаттайтын шығармалар көлемі
жағынан онша көп емес, бірақ, көтерген мәселесі тұрғысынан алғанда назар
аударарлық. Өйткені, бұл мәселені көтерген шығармаларда тек жылдың төрт
мезгілі сипатталып қана қоймайды, күллі табиғат жырға бөленеді, тұтас алғанда
ақынның адам туралы философиялық, түсінігі жан-жақты ашылады. Бір кезде
Әлихан Бөкейханов жазғандай Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнаған
(көктем, жаз, күз және қыс) жырлары Еуропаның даңқты ақындарының өзі
құрмет көрсетердей дәрежеде.
Абай үшін табиғат әманда нақтылы да ғажайып, ол адаммен, қоғамдық
ортамен тығыз байланысты. Ақын оны ішіне ғажайып сыр бүккен нақтылы
шындық ретінде қабылдайды. Бірақ, Абай үшін негізгі нәрсе – адам мен та-
биғаттың бірлігі болуы да – адам сол табиғаттың ең елеулі, басты тұлғасы
277
ретінде қаралды. Сондықтан да ол адамды табиғаттың тасасында қалдырмайды,
оны ойлау, идеялардың қабылдау қабілетінің арқасында барша тірлік иелерінен,
жануарлардан жоғары тұрған саналы ақыл иесі деп біледі. Демек, Абай адамды
кісілік қалыпқа жеткізіп, қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін
жақсы білген. Сондықтан да: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп,
көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан
білгені, көргені, көп болған адам білімді болады», – деп ой түйеді.
Абай тәрбие адамға әсер етіп, оған кісілікті қалыптастырады деп біледі.
Тәрбие арқылы адамға туа берілетін қасиеттер дамып қана қоймай, оның
ақылына да, адамгершілігіне де, парасаттылығына да, еңбекқорлығына да, өзіне
деген сеніміне де жетілдіру жасауға болады деп есептейді.
Абай күллі дүние ылғи өзгереді, дамиды деп білген. Ақынның «Қартайдық,
қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп аталатын өлеңінен бастап, жиырмасыншы,
отыз жетінші, отыз сегізінші қара сөздерімен, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
деп келетін толғаныс-жырында және тары да бірсыпыра шығармаларында
диалектика идеясы бой көрсеткен. Бұл туындыларында Абай жаратушыдан
басқаның бәрі бұл жалғанда дамиды, өзгеріске ұшырайды, ал қоғам
ұрпақтардың үнемі жаңарып отыратын мекені деп біледі. Сондықтан да ол бір
мезгіл:
Дүние үлкен көл,
Заман соққан жел
Алдыңғы толқын – ағалар,
Артқы толқын – інілер,
Кезекпенен көрінер,—
деп толғанса, бірауық «Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас», яки «замана
шаруа, мінез күнде өзгереді» деп ілгерідегі айтылған ойларын одан әрман
өрбітеді.
Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрмектің
арқауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея – бұл халыққа білім
беру, яки ағартушылық идеясы. Тіптен ақынның қоғамдық, этикалық, эстети-
калық принциптерінің өзі осы идея арқылы анық көрінеді. Қазақтың алып
перзенттерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың «Абай біліммен би болып, жұрт
билейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған. Білімі көптер
жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған. Абай жұрт
алдына білімін салғанда, басқалар малын салған... «Білімнен мал артық болушы
ма еді? – деп Абай жұрттың онысына көнбей таласқан», – деп жазуы оның осы
білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін, шығармашылық
қайратын сарп қылғандығын танудың бір дәлелі.
Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен және рухани тозған-
дықпен күресуі оның әлеуметтік бағдарламасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің
ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі
хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойғы
туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін,
менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны
ел мен жер бірлігі, тіл, қазақтың кең-байтақ территория тұтастығы үшін
278
пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы философ-шафқат болатын.
Ақынның ертерек кезде жазған еңбектерінде бой көрсететін әлеуметтік һәм
азаматтық әуендер бертін келе оның шығармаларының басты тақырыптарының
біріне айналады. Ол қоғамдық құрылыстың өзекті мәселелеріне, патшалық
өкіметтің реформасынан байланысты енгізілген сайлау жүйесіне, билер
қазылығының құрылысына айырықша мән береді. Өз тұсындағы феодалдық-
патриархалдық құрылыстың жағымсыз жағы – ол қазақ қоғамын алуан түрлі
бәтуасыз жіктерге бөліп, халықтың ұлы күшке айналар ұлттық тұтастығына
нұқсан келтіреді деп біледі. Сондықтан да ақын шығармасында руаралық күрес,
әртүрлі дау-жанжалдардың отына су құйып, елдің халықтық қасиетін, ұлттық
санасын және өзіндік санасын көтерер тұтастыққа, бірлікке үндеген әуендер
негізгі тақырыпты құрайды.
Белгілі бір рудың жыртысын жыртудан, мүддесін қорғаудан өзін биік
ұстаған ақынның әманда тұтас елдің, бүкіл қазақ халқының жыршысы болуды
армандағаны хақ. Себебі, ол әрқашан да қазақ жұртын бірлікте, тұтастықта ғана
танып, оның келешегін осындай ізгі мақсаттардың рухынан көруден жаңылған
емес. Ал, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығы тек ақын өмір сүрген кезге ғана
емес, бүгінгі қым-қиғаш қайшылықтар мен дау-жанжалдарға толы біздің өтпелі
кезеңіміз үшін де күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі даусыз. Еліміздегі
қазақ халқы мен қырыққа жуық елдерде шашырап жүрген қазақ диаспорасының
ұлттық бірлігі қазіргі таңда ауадай қажет.
Абай жасөспірім шағынан бастап өз дәуірінің бел ортасында болды, за-
манның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы оның әлеуметтік-саяси көзқарасында,
көркем шығармашылығында және нақты іс-әрекетінде айқын әрі дәл көрінді.
Абай өзінің көрнекті рухани мүмкіншілігін ерте сезінді және де биік міндетіне
қатысты қателеспеді.
Өзін ешқашан иектен арғыны көрмейтін рулық мүдделермен шектемеген
Абай шын мәнінде бүкіл халық ақыны, сол арқылы әлем ақыны болды.
Әрқашан қазақ халқының ұлттық болашағын ойлаған ол оның бірлікте,
бірегейлікте болғанын қолдады, қазақтардың бірлігін өз бойына рухани өмір
мен тіл саласында сіңіре білді. Ол: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
/12/,— деп жан айқайын білдіреді. Өз халқын шексіз сүйген, оның тағдырын
ұлтжандығымен сезінген Абай ол туралы тура, аяусыз сөз найзасымем түйреп,
терең ой тұжырымдайды. Диалектикалық тұрғыдан бұл қағида түсінікті әрі
ұғынықты. М. Ю. Лермонтов «жұмбақ» деп атаған махаббат осы болатын:
«Мен Отанымды сүйемін, бірақ мендегі махаббат жұмбақ». Жұмбақтың өз
халқын игілікті, биік, жоғары мақсаттар мен мұраттарға ұмтылған биіктен
көргісі келген, үлкен тілектен туындап жатады деген ой түйеміз. Абайдан басқа
ешбір ғұлама адам дәл осылайша, қазақтар бойындағы ұнамсыз қылықтарды,
қазақ қоғамындағы теріс кұбылыстарды аяусыз, уытты сөзбен әшкерелеген
емес.
Қазақ ойшылы патша үкіметінің реформасына сәйкес енгізілген сайлау
жүйесіне баса назар аударады /13/. Сайлау жүйесін сынауда Абайдың көзқа-
расы Ш. Уәлихановтың «Сот реформалары туралы жазбаларындағы»
пікірлерімен үндесіп жатады: «...біздегі, даладағы сайлаулар қазіргі уақытта
279
рулық тұрмыс заңы әсерімен рулық алауыздықтармен шектелуде және бай
қазақтардың даңғойларын қанағаттандыруға кызмет етіп, әрі лай суда балық
аулауды жетік меңгерген орыс чиновниктерінің баюына жағдай жасауда» /14/.
Абай да осы бір сайлау жүйесін кесірлі деп санайды, өйткені ол рулар
арасындағы жанжалды өршітеді, жаңа жағдайда мансап үшін күресті күшейтіп,
даукестік пен парақорлықты туғызды.
Сот құрылымы туралы мәселеде қазақ ойшылы мерзімсіз сайланатын би-
лерді (қазылар) дұрыс деп табады. Ол билер саны жұп болмау керек деп
есептейді, себебі «Би екеу болса, дау төртеу болады» /15/. Қазақтар үшін
қоғамдық ұйымның ең тәуір түрін іздеуде Абай таза рулық басқару тәжірибесін
қолдай отырып, былай деп жазады: «ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер
болады екен. Көш – қоңды болса, дау – жанжалды болса, билік соларда болады
екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол
ел басы, тегі басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ бірден
бірге жүгірмек болмайды екен» /16/. Халық өз басшыларының соңынан еріп, өз
табынушыларының кемшіліктерін көрмей, олардың көрегендігін мадақтап,
оларға кұдайдай сеніп, өздері де жақсы бола түсті деп есептейді Абай. Бұлай
болғанда: «бәрі де өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шынымен жетесінде жоқ
болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?» – деп риторикалық сұрау қояды
қазақ ойшылы.
Абай рулық басқаруды көтермелей көрсетеді, бірақ кейбір айтқандары
дұрыс. Өнегелілік тұрғысынан келгенде, ру басы рулық қоғамда халыққа
әлдеқайда жақын болды, оның мүшелерінің қамын ойлап, феодал-қоғаммен
салыстырғанда олардың ар-ожданына құрметпен қарады.
Рулық басқаруды көтермелей көрсетсе де, Абай оның кемшіліктерін де көре
білді. Бұрынғы «ел басы» мен топ басының кемшілігі олардың «білімінің
болмауы» деген тоқтамға келді. Ол күшті, ақылды, оқыған әрі бай билеушінің
ру арасындағы алауыздықты жоюға қабілеті жетеді, халықты әлеуметтік өрлеу
жолымен
алып
жүреді
деген
терең
сенімде
болды.
Феодалдық
бытыраңқылықтан орталықтандырылған мемлекетке өту кезеңінде күшті де
ақылды тұлғаға сену көптеген ойшылдарға тән болғаны бізге белгілі, бұл салада
Абай көзқарасы жаңалық емес, бірақ ол қазақ даласында жаңаша естілді.
«Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан,
пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? – Ол – көп, ендеше, көпте
ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал» /17/, – дейді Абай 1896 жылы «Ғақлияның»
отыз жетінші сөзінде.
Күшті тұлғаның әрекет етуіне жағдайлардың жоқ екендігін ескере отырып,
бірақ та өз идеяларынан бас тартпай, қазақтың ойшыл ақыны халыққа қолайлы
және қазақтың болмысына оңтайлы әлеуметтік түбірлі жаңару жолын іздейді
және әлеуметтік өрлеу адамның қоршаған дүниені тануына және бұл танымның
адамдардың іс-әрекеттерінде жүзеге асуына тікелей байланысты деп біледі.
Абай адам үшін ұлы бақыт халықтың қайғы-қасіреті мен ауыртпалығын
жеңілдету деп біледі, оның жоғары міндетін адамдарға зор пайда әкелу деп
бағалайды, «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың;
адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі
280
боласың» /18/,— деп жазды қазақ ойшылы. Абай өзінің бүкіл шығармашылық
күш-қуатын адамдық игіліктерге, ақиқат адамдық болмысты іздеуге, адамға
лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, сондай-ақ оның ізбасарлары – Шәкәрім
Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы – өздерін ұлы қазақ ойшылының
шәкірттеріміз деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырушылар болды.
Олардың шығармашылық мұраларына талдау жасау – бұл ойшылдардың
көптеген мәселелерді мүлде тереңнен қозғағанын, ал олардың ұсынған ой-
толғамдарының бағасын бүгінгі күні ғана нақтылай бағамдауға болатынын
көрсетеді. Мәніне жете үңіле қарасақ олардың өз заманынан оза туғандығын
сеземіз, себебі қазіргі кезеңде олардың бұдан жетпіс-сексен жыл бұрын айтып
кеткен проблемаларын біз қазір шешу үстіндеміз. Абайдың ізбасарлары қазақ
фольклорына, Шығысқа, Ресей мен Батыстың рухани мәдениетіне бет бұруды
тоқтатқан жоқ, өз көзқарастарында Шығыс пен Батысты іштей ұластыра
отырып, олар Абайдын поэтикалық дәстүрлерінің, оның философиялық,
этикалық, эстетикалық қағидаларының толыққанды жалғастырушылары,
мирасқорлары болды. Абай секілді олар да өз шығармаларында адам болмысы,
өмір мен өлім туралы тұтастай философиялық жинақтау сатысына дейін
жеткізді, ал адам олар үшін өзекті мәселеге айналды, осыны шешу арқылы
басқа да мәселелерге жауап табуға ұмтылды.
Абайдың шәкірттері, оның идеяларының өзіне тартар әсерімен рухтанып,
ұлы қазақ философ-ақынының шығармашылығының желісін құраған әсемдікке,
сұлулыққа ұмтылды, әсіресе оның мәңгілікке, өмірдің мәнін іздеуге құрылған,
адам қасиетінің биіктеуіне бағытталған оның ой-толғамдарының құрылымын
айрықша бағалады. «Талабым, таяғым, жігерім, азығым, маңдайыма ұстаған
ақын Абай – қазығым...» /19/, – деп Жүсіпбек Аймауытұлы 1918 жылы «Абай»
журналында шын ниетімен жазады.
Абай шығармашылығының адамшылық жаңғырык үні, оның тартымдылығы
мен жоғары құндылығы – оның адамды түбірінен жаңарту жолдарын іздеуінде,
оның рухани дүниесін байытуға ұмтылысында, оның күш-жігері мен қабілетіне
сене отырып, жетілдіруге жағдай жасауға талпынуында жатыр. Абай адам
дүниенің темір қазығы, жаратылыстың шыңы, коғамның негізі мен тамыры
деген ұйғарым жасады. Оның әділеттілік идеалын, имандылық талаптарын
қалыптастыруға үндеп, әрбір адамға арнаған «Адам бол!» деген қағидасының
мәні мен маңызы күні бүгінге дейін арта бермек.
Абай философия бойынша Әл-Фараби сияқты іргелі трактат жазбаған,
алайда оның қаламынан терең философиялық мазмұнды поэзиясынан басқа
философиялық толғаныстардан, төлтума философиялық идеялардан тұратын
«Ғақлия» немесе «Қара сөздер» атты еңбек туды. 1918 жылы жарық көрген
«Абай» журналында Ж. Аймауытұлы «Журнал туралы» деген мақаласында
Абайдың философиялық дарынына алғашқылардың бірі болып баға бере келіп,
былай деп дәл атап көрсетті: «Ақыл, білім, сезім, терең ойлылырына қарағанда
Абай қазақтан шыққан философ (данышпан)» /20/. Бұған қарағанда Абайдың
адамшылық мәні, оның этикалық һәм эстетикалық келбеті, өмірінің мәні мен
мағынасы, зерде мен сезім дүниесі ойшылды тебіренте толғантқаны байқалады.
281
«Абайға келгенде ...адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына
тікелей қатысы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы, терең
ойлы пікірлері бар екені даусыз. Біздің білуімізше, Абайдағы философиялық
көзқарастың көзі адамгершілік мәселесіне тіреледі» /21/, – деп жазды М. О.
Әуезов.
Бұл пікірді мақұлдамау қиын, өйткені адам проблемасы және оның қор-
шаған дүниеге қатынасы, елім мен өмірінің мәні философияның жалпы өзегін
құрайтыны, оның басты зерттеу нысанасы болып табылатыны ежелден белгілі.
Абай үшін өзекті философиялық, мәселе – адам проблемасы. Дәлірек айтсақ,
осы мәселенің бір-бірімен тығыз байланысты аксиологиялық, эстетикалық,
әлеуметтік, гносеологиялық және басқа да қырлары болғандықтан адам
философиясын құрайды.
Абайдың дүниетаным әлеміне енуі ойшылдың деизм тұрғысында келгенін
көрсетеді. Мұндай бара беруге оның негізгі онтологиялық проблеманы деистік
формада шешуі негіз болады. Өйткені ол: «һәмманы жаратқан құдай бар» /22/,
«адамды жаратушы артық хикмет иесі екендігіне һәм махаббаты бірлән
жаратқандығына шүбәсі қалмады» /23/, – деп мойындаған. Абайша айтсақ,
«құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нәрсе хикметсіз
тәклиф қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар» /24/. Ойшылдың
айтуынша, табиғат пен адамды жаратқан құдай тағала одан кейінгі табиғаттың
өсіп-өнуі мен адам өміріне араласпайды. Құдай тағала жаратқан дүниеде адам
өз ақылы мен жігеріне, өз тәнінің күш-қуатына ғана сене алады. «Жақсылық,
жамандықты жаратқан – құдай, ләкин қалдырған құдай емес» /25/. Жалпы
құдай, оның үмбетіне қарым-қатынасы туралы ой-пікірлердің Абай
шығармашылығында едәуір маңызды орны бар және дүниетанымының өн
бойында жатыр. Абай, сөзсіз, өзінше дінн философияны жақтады.
Білімнің қайнар көзі адамның сезімдік тәжірибесі деп мойындай отырып,
оған қоса Абай «сырттай пайымдаумен» шектелуге болмайтынын мойындап,
«құбылыстың мәніне» бойлай ену қажет, ал ол ақыл-оймен ұғынылады дейді.
Адам ақыл-парасатының көмегімен құбылыстың мәнін таниды, шындық
өмірдегі «не пайдалы және не жаман екенін» анықтайды. Әрі ойшылдың
пайымдауы заттық дүниеиің болмысын (мәнін) тануда, адамның ақыл-ой
дәрежесіне ешқандай шек қоймайды. Заттың болмысын шын мәнінде танып
білуге болады және таным процесі шексіз әрі сарқылмас. Бұл жерде ол барлық
ғылымның шексіздігін айқындап көрсеткен.
Осылайша, Абай танымның негізгі мәселесі болып табылатын адам мен
қоршаған дүниені тану мүмкіндігі мәселесін орынды шешті. Тұтас алғанда
таным сезімдік қабылдау деңгейінен басталатынын, алайда онымен шектелмей
жеке алғанда сезімдік танымға алдыртпайтын заңдылықтар мен дүние мәнін
түсінуге апаратын жолдың басы – зерделі ойлау деңгейіне көшетінін дұрыс
болжаған.
Абайда дүниеге даму, өзгеріс идеялары түрғысынан қарау әрекеті көрінеді,
оның бірқатар ертеректе жазылған шығармаларында «Қартайдық, қайғы
ойладық, ұйқы сергек» өлеңінен бастап, «Ғақлиядағы» жиырмасыншы, отыз
жетінші, отыз сегізінші сөзінде жалғасқан «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
282
өлеңдерінде және басқа да құнды шығармаларында диалектикалық ой
қорытады.
Тұтас дүние туралы ол былай дейді: «Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның
қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды» /26/. Қазақ ойшылының жоғарыда
келтірілген пайымдауларынан оның көзқарасына даму идеясы тән екенін, ал
дүниені қабылдауы диалектикалық болғандығын аңғарамыз. Абайдың адам
жөніндегі түсінігі мен антропологиялық білімді салыстыра қарауы оған адам
баласын биологиялық тұрғыдан табиғат пендесі деп қарайтын антропологиялық
теория белгілі бір деңгейде әсер еткенін байқатады. Абай үшін басты нәрсе –
адам мен табиғаттың бірлігі жөніндегі қағида: адам – ол үшін табиғаттың ең
мәнді бөлшегі. Сонымен қатар ол адамзат ұлын табиғаттың бодауында, онымен
мидай араластырып жібермейді, керісінше адам өзге тіршілік иелерінен, соның
ішінде дамыған хайуанаттардан ойлау, қабылдау, сөйлеу қабілетімен
дараланады деп тұжырымдайды. Абайдың адам туралы пайымдауына әсер
еткен антропологиялық білімді, келесі бір идеялар өзектестігінен көруге
болады, 43-сөзде Абай: «Адам ұтымы екі нәрсе бірлән: бірі – тән, бірі жан. Ол
екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби
оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы – жибили, ұйықтамақ та соған
ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы –
жибили. Ақыл, ғылым – бұлар – кәсиби».
Ал, Н. Г. Чернышевский былай деп жазады: «Бірақ адамдағы болмыстың
бірлігінде біз екі түрлі құбылысты байқаймыз: материалдық тәртіп деп атала-
тып құбылыстар (адам тамақ ішеді, жүреді) және имандылық жөні делінетін
құбылыстар (адам ойланады, сезеді, тілек етеді)» /27/.
Көріп отырғанымыздай, бұл айқын, салыстырмалы үндестік. Сонымен, Абай
қажеттіліктерді екіге бөледі: бірінші қажеттілік – физикалық, екінші – ой,
рухани әрекет. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру адамға соған сай
физикалық және рухани ләззат береді. Ойшыл бұл жерде, адам «жесем, ішсем,
ұйықтасам» деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мұқтаж екендігін рухани
ләззат тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырған адамға оңай болып
табылатынын баса айтады. «Дүниенің мағмұрлығы бір түрлі ақылға нұр беріп
тұратұғын нәрсе. Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетіні де
болады. Бәлки дүниенің ғылымын білмей қалмақтық – бір үлкен зарарлы
надандық, ол құранда сөгілген» /28/. Бұлай Абайша ойлау еріксізден Л.
Фейербахтың белгілі пайымдауы: «сарайларда лашықтарға қарағанда басқаша
ойлайды...» дегенімен тоғысып жатады.
Тағы бір мысал. Біздіңше Абайдағы антропологиялық білім адам пробле-
матикасын түсінуге әсерін айқындайды. Абай «Ғақлияның» 25-сөзінде: «Қарны
аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?
Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына уа әртүрлі бәлеге,
ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп
болатұғын нәрсе» /29/, – дейді.
Қазақ ойшылының бұл ойы Н. Г. Чернышевскийдің мына бір пікірімен
керемет үндестік тауып жатыр: «Психология ғылымының айтуынша, зұлымдық
қасиеттердің көзінің тереңде жатуы – ол қажеттіліктерді қанағаттандыратын
283
қаражаттың жетіспеушілігі, сол кезде адам теріс қадам жасайды, яғни
басқаларға зиян келтіреді, тек дәл сол кезде ғана басқаларды бір нәрседен
айыруға мәжбүр болады, өйткені өзіне қажетті заттан айырылып қалмау керек»
/30/.
Абай да Н. Г. Чернышевский секілді егер де қоғамдағы тек мұқтаждық атты
зұлымдық көзін жойса, онда ұрлық та, басқа дөрекі мінез-құлықтар да, тіпті
адамға қысым да жоғалады деп сенді.
Антропологизмге жалпы қалыптан тыс ұлғайтылған сезімталдық тән екені
белгілі болғандықтан да, түсіндіру оңай, өйткені махаббат сезімі – адамды
табиғи түсіну, яғни антропологиялық түсінуден келіп шығатын заңды әрі та-
биғи адам қарым-қатынастары ішіндегі жалғыз мүмкіндігі. Атап айтсақ, дәл
осылайша фейербахтық «Махаббат» ұғындырылуы мүмкін. Ол фейербахтық
идеяның арнасында адамның мәнін Абайша түсіну келіп шығады: «Адамшы-
лықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ,
кіріспейтұғын да жері жоқ» /31/.
Солай бола тұрса да, адамды Абайша түсінудің антропологиялық түсінуден
айырмашылығы Абайдағы адам Фейербахтың табиғи адамына қарағанда
әлдеқайда әлеуметтік жағы басым. Абай мынадай тоқтамға келеді: «Адам
баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі жазықты»
/32/.
Жоғарыда келтірілген ой-тоқтамдарға қарасақ, адам өзіне тән қасиеттерді
қоғамда өмір сүру барысында жинақтайды; ал уақыт, дәуір, қоғамдық орта
адамды қалыптастыратын маңызды фактор деген Абайдың болжамдарын
аңғарамыз. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені көргені көп
болған адам білімді болады» /33/, – деп жазады қазақ ойшылы. Сыртқы
факторлардың жиынтығы ішінен адамды қалыптастыратын тәрбие деп
бағалаған Абай оған үлкен мән берген. Тәрбиені «адам табиғатының» бастапқы,
туа біткен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін құрал деп есептеп,
тәрбиенің жемісі тек қана адамның ақыл-санасы ғана емес, оның адамшылығы,
еңбексүйгіштігі, өз-өзіне сенімділігі, бостандығы деген тұжырымға келеді.
Сонымен, біз адамды Абайша түсінудің тұжырымдарына белгілі-бір түсінік
беруге ұмтыла отырып, бұны жасау қиынның қиыны екендігіне көзіміз жетті.
Абайдың адамды түсінуі оның этикалық көзқарасынан ажыратып алғысыз дей
тұрсақ та, ойшыл адам проблемасының этикалық қырына өзінің негізгі назарын
аударды деп айта аламыз, оның бүкіл шығармашылығының өн бойы «толық
адам» – өз мәніндегі, иманды, үндестікке, адам туралы терең ой-толғамдарға
толы, ал оның басты мақсаты – адам болу үшін неге жақын, неден қашық жүру
керек екендігін үйрету, жақсылық пен жамандықтың ақиқаттық болмысын
ашып беру еді. Абай өз рулас ағайындарына, жалпы қазаққа арнап, былай
деген: «Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ бола тұра,
өзімдікін жөн қыламын деп, құр «өй, тәйір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз?
Оның несі адам?» /34/.
Абай жырлаған қоғамдық теңсіздіктің негізгі бір арқауы еңбекке, әрбір
жұмыр басты пенденің еңбек арқылы өндірілген игіліктерді иеленуі дейтін
284
мәселеге келіп тіреледі. Ақын еңбек адамдарды еркіндікке, бақытқа қолын
жеткізеді деп біледі, ал, игіліктерге қол жеткізер еңбек, бейбіт өмір, қайы-
рымдылық пен әділет, білім салтанат құрған қоғам оның әлеуметтік арман-
мүддесі болды.
Ақын азамат үшін үлкен бақыт – халықтың қайғысы мен ауыртпалығын
иығына көтеріп, оған барынша мол пайда келтіруде деп біледі. «Өзің үшін
еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қа-
рызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», – деп жазуы
соның дәлелі.
Ғылым, философия, білім, тарих, әдебиет пен өнер барлық мүмкіншіліктерін
жұмсай отырып, мемлекетке, ондағы адамдардың адамгершілік тұрғысынан
жетілуіне ықпал етуге тиіс деп білді қазақ данагөйі. Оның философиялық-
этикалық тұжырымдамасының, жалпы дүниетаным жүйесінің негізгі мәні –
осында.
Абай – қазақ философиясы мен әдебиетінің классигі ретінде қазақтың күллі
рухани өмірінің тұтастығының тұғырнамасы, барша шығармаларында бүкіл
адамзаттық мұрат пен арман-мүдделерді жыр еткен бір ұлттың әлемдік
деңгейдегі терең ойлы асқақ философ-ақыны. Ол өзінің бүкіл шығармашылық
қажыр-қайратын адамгершіліктің биік мақсаттарын, нағыз кісіліктің салауатты
халық болудың жолдарын іздеуге және оларды іске асыруға, сөйтіп, тұлғаның
адамгершілік тұрғысынан биіктерге көтерілуін насихаттай отырып, өмір мен
өлім туралы кең мағыналы қорытындылар жасайды. Соның арқасында ол тек
бір халықтың данышпан философ-ойшылы ғана болмай, бүкіл әлемдік
мәдениеттің көрнекті өкіліне айналды.
Қазақ философиясы – қазақ тарихы мен әдебиетін зерттеудің методоло-
гиялық негізі. Сондықтан Философия институтының алдында қазақ филосо-
фиясының көп томдық үздіксіз тарихын жасау күн тәртібінде тұр. Дайындалған
бес кітап келер жылы жарық көрмек. Ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі қазақ
философиясының үздіксіз тарихының тұжырымдамасы жасалып, кеңінен
талқыланды. Енді соны іске асыру үстіндеміз.
Сондықтан да бізге XXI ғасырдың қарсаңында ұлы Абайдың сарқылмас
рухани мол мұрасын жүйелі түрде зерттеу қажет, ал Ұлттық академияның
құрамында қазақтану атты арнаулы ғылыми-зерттеу орталығын ұйымдастырып,
республиканың барлық жоғары оқу орындары мен мектептеріне абайтану атты
арнаулы пән кіргізіп, қазақ және орыс тілдерінде соған сәйкес оқулықтар
жазылуы тиіс.
Әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |