24
сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді
капитализмді тудыратын белсенді күш ретінде санады.
Вебер əлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді.
Бұл орайда Маркстің
көзқарастарына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен
жағдайлардың көпқырлы болатындығына назар аударды. Билікке қатынасына,
мəртебесіндегі айырмашылықтарға жəне жекелеген топтардың абыройына, діни
жəне идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді
меншік қатынастарынан туатын
өзгешеліктер сияқты өте маңызы бар деп есептеді.
Жалпы М. Вебер қоғамның саяси қозғалыстарын терең зерттей отыра
қазіргі əлеуметтанудың дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Сыртқы саясатқа байланысты фашизм ерекше жағымсыз орын алды.
Басқа елдерді басып алу, қатаң бақылауға бағытталған. Бұл мақсатты іске асыру
үшін Ф. Ратцель геосаясат деген теориясының негізін салып кетті. Бұл теория
бойынша
мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті
географиялық кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді қарудың
күшімен қамтамасыз етуі керек.
ХХ ғасырда
біздің елге қырғындай тиген, көп қайғы əкелген
тоталитаризм теориясы дамыды. Ол – мемлекет тарапынан қоғамның жəне əр
азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік – саяси құрылыс. Бұл
жүйе қоғаммен тұтасып кетеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді.
ХХ ғасырда либералдық жəне консервативтік идеялар одан əрі дамиды.
Өткен ғасырлармен салыстарғанда мұнда жаңа қағидалар енеді. Ол «аралас
экономиканы», саяси əділеттілікті орнатуға, орташа тапты қалыптастыруға
елеулі көңіл бөледі. Консерваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы.
Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бəсеке бостандығы берілгені
дұрыс деп санайды. Əр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін өзі ойлау керек.
Тегін қызметті азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігі артып,
жағдайын түзейді деп тұжырымдайды.
Саясаттанудың тарихын біз қысқаша түрде қарастырып шықтық.
Саясаттанудың тарихын, шығу тегімен даму
жолдарын білмей біздің бұл
ғылымды тереңірек түсінуімізге қиындығын туғызады. Оны оқып – білу қазіргі
қоғамдық жəне саяси құрылыстың мəнін түсінуге, онда əркім өз орнын
анықтауға, егемендігіміздің құрылуын сақтап қалуына септігін тигізері сөзсіз.