Реинжиниринг : сіздің бизнесті жаппай қайт а жүктеу
Реинжиниринг – бұл кәсіпорынды және оның маңызды үдерістерін іргелі қайта ойластыру және түбегейлі
қайта құру .
Бұл әрекеттің басты мақсаттары: тұтынушылар сұранысының күтілетін өзгерістеріне икемді және жедел
бейімделу: тиімді компьютерлендіру негізінде стратегияларды, технологияларды, өндірісті ұйымдастыру және
басқаруды тиісті өзгерту.
Бизнес-үдерістер реинжинирингінің нәтижесі болып маңызды сандық өлшенетін көрсеткіштердің жақсаруы
табылады, ал оның жемісі кәсіпорынды ұйымдастырушылық дамытумен тығыз байланысты.
Ұ йымдастырушылық құрылымына ықпал ету деңгейі бойынша бизнес-үдерістердің эволюциялық және
революциялық реинжинирингін ажыратады.
Э волюциялық реинжиниринг кезінде түрлі бизнес-үдерістердің ішкі біріктірілуі оңтайландырылады, бірақ
ұйымның жұмыс жасауына елеулі өзгерістер енгізілмейді.
Революциялық реинжиниринг кезінде барлық бизнес-үдерістер қайта жобаланады және ұйымның қызметтің
жаңа түріне қайта бағдарлануы жүреді.
Қайта құрудың шешуші факторы — орындаушылардың шығармашылық белсенділігі. Е лестерін оятып,
қиялдарына түрткі беру үшін, өз қызметкерлеріңізге келесі сұрақтарды қойыңыз:
1.
К өз алдыңызға келтіріңіз, сізге жекеменшік кәсіпорныңыздың бәсекелесінің бейнесін жасау керек. Ү здік
нәтижеге қол жеткізу үшін, сіз оны қандай етіп жасайсыз?
2.
Мінсіз үдеріс қандай болуы керек?
3.
Е гер сіз өз компанияңызды қайтадан жаңадан құра алсаңыз, ол ұйым және оның нақты үдерісі қандай түрде
болар еді?
Т әсіл қолданудың таңдалған әдісіне қарамастан, мазмұнды ұсыныстар беру кезеңінде жасалатын соңғы іс-
әрекет, — барлық бизнес-үдерісті түбегейлі қайта құру нәтижесінде ұсынылатын өзгерістер тізімін әзірлеу.