М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет22/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Шығысты 
өлшеудің 
гидродинамикалық 
тәсілдері 
өлшеуіш 
диафрагма және диффузорлық шығыс өлшеуіштер деп аталатын арнайы 
құрылғылармен қысымның жергілікті ысыраптарын өлшеуге негізделеді. 


39 
Өлшенетін диафрагмада гидродинамикалық шығыс өлшеуіштің көмегімен 
қысымның өзгерістері өлшенеді. 
 
2.8. Гидро - және пневможүйелердің техникалық жағдайын 
анықтау 
Гидро- және пневмо жүйенің жұмыс сапасы оны құрастыру кезеңінде-
ақ белгіленеді, өндіріс кезінде қамтамасыз етіледі және пайдаланылуы 
бақыланады. Пайдалану мақсаты оның пайдаланылуы бойынша, техникалық 
қызмет көрсетуді және мерзімді жөндеуді қамтиды.
Гидравликалық 
және 
пневматикалық 
жетектердің 
жұмысұа 
жарамдылығы деп өзінің қызметтік міндетін нормативтік-техникалық 
құжаттарда (стандарттар, техникалық шарттар, техникалық паспорт) 
көрсетілген өлшем шарттарға сәйкес орындау қабілеті атайды. 
Гидрожетектердің жұмысқа жарамдылығының негізгі критерийлері беріктік, 
тербеліске төзімділік, жылуға төзімділік, жұмыс сұйықтық ортасының 
сапасы болып табылады.
[13] 
Гидравликалық және пневматикалық жүйелердің беріктігі деп жұмыс 
ортасының ішкі жоғары шамасынан артық қысым әсеріне төзу кабілеті 
атайды. 
Гидроқұрылғылардың 
корпус 
қабырғаларының 
беріктігін 
қамтамасыз ету үшін беріктігін есептейді. Гидроқұрылғылардың беріктігін 
тексеру үшін гидравликалық сынақтардан өткізеді, ол бұзбай бақылаудың 
анағұрлым жиі қолданылатын түрлерінің бірі болып табылады. Сынақтарды 
өткізу қысымы тексеретін немесе сынақтан өткізіледі делінеді, ол жұмыс 
қысымынан 1,5 есе жоғары болуы тиіс. Сынақтан өткізу сыналатын 
гидроқұрылғыда өткізіледі, мұнда сыналатын қысым жасалады. 
Гидросоққыларды және апаттық жағдайларды болдырмау үшін жүйеге 
қысым өте ақырын және бірқалыпты беріледі. Жүйеде қысымның өсімі 
манометрлермен бақыланады. Сыналатын қысымды жасағаннан кейін 
«ұсталым уақыты» деп аталатын белгілі бір уақыт бойы ұстап тұрады. Бұл 
кезде сыналатын гидроқұрылғының герметикалығы себебінен сыналатын 
қысым төмендемеу керек. Сыналатын қысым жұмыс қысымына дейін 
төмендегеннен кейін гидроқұрылғыны визуальді тексеру жүргізеді. Егер 
сұйықтықтың ағу ысыраптары мен металдың жарылуы анықталмаса, онда 
гидроқұрылғы герметикалық және берік деп саналады. 
Жетектерді гидравликалық сынақтан өқткізу пневматикалық сынақпен 
алмастыруға рұқсат етіледі, ол гидравликалық сынаққа ұқсас өткізіледі
мұнда сұйықтықтың ағу ысыраптары мүмкін жерлері сабын ерітіндісімен 
тексеріледі. Ақаулары бар жерлерде сабын көпіршіктері пайда болады, бұл 
ақауларды оңай анықтауға мүмкіндік береді. Өндіруші зауыт жабдықтың 
беріктігін ультрадыбыстық және радиографикалық бақылау тәсілдеріне 
рұқсат беруі мүмкін. Герметикалық дәрежесі гидрожабдықтың сапалық 
сипаттамасы болып табылады және әдетте техникалық құжаттарда 
көрсетіледі. Герметикалық қосылыс орындарда арнайы тығыздауыш 
құралдарды пайдаланумен қамтамасыз етіледі. 


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет