66
Өндірістік бағдарлама бойынша өлшеу параметрлерінің тұрақтылығы
үшін әмбебап, механикаландырылған немесе автоматты бақылау құралдары,
өздерінің жұмыс істеу әрекетіне қарай мына түрлерге бөлінеді:
1) механикалық аспаптар: сызғыштар, штангенциркулдер,
серіппелі
аспаптар, микрометрикалық және т.б., қарапайымдылығымен, өте жоғары
сенімді өлшемімен және салыстырмалы түрде жоғары емес дәлдігімен,
бақылау өнімділігімен ерекшеленеді;
2) оптикалық аспаптар: окулярлы микрометрлер, өлшеуіш
микроскоп
тар, коллимационды және серіппелі-оптикалық аспаптар, проекторлар,
осылардың көмегімен өлшем
ең жоғарғы дәлдікпен өлшенеді, бірақ бұл
аспаптардың түрлері күрделі, оларды реттеу және өлшеу көп уақытты қажет
етеді, қымбат және сенімділігі төмен;
3) пневматикалық аспаптар сыртқы және ішкі негізгі өлшемдерді, бет
формасының ауытқушылығын, жоғары дәлдікті конусты және тездету, кіші
диаметрлі тесіктерде нақты өлшеу жүргізеді, бірақ эталондарды қолданғанда
шкаланы жеке бөліктерге бөлуді қажет
ететін аспап;
4) электрлік
аспаптар басқаруға ыңғайлы, өлшеуде алынған
нәтижелерді құжаттау мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: