М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет45/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Кіші жөндеу жеке тораптардың жұмысқа жарамдылығын қалпына 
келтіруге арналған. Бұл жағдайда жүргізілетін операциялардың күрделілігі 
мен көлемі аз. Мұндай жөндеу түрі тетіктер орнатылған жерде жасалады. 
Шағын, ағымдағы жөндеу уақытының ұзақтығы әрбір цех бойынша 
алдын ала орташа жөндеу жоспарлы кестесіне сәйкес анықталады. Шағын 


85 
жөндеу кезінде ескі шпонкаларды жаңа, жеке бөлшектерді ауыстыру
шпонкалы паздарды, валдардың мойындарындағы, дөңгелек тістеріндегі 
қылшықтарды тазарту, зақымдалған болттарды ауыстыру, жарықтарды 
дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі. Шағын жөндеу көлемі күрделі жөндеудің 
шамамен 20% құрайды. 
Орташа жөндеу ақаулардың ведомосіне сәйкес орындалатын машина 
немесе станокты жартылай бөлшектеумен бірге жүреді. Орташа жөндеу 
кезінде тозған бөлшектерді ауыстырады және қалпына келтіреді, тетіктерді 
реттейді, агрегаттың әртүрлі бөліктерінің өзара орналасу дәлдігін тексереді, 
қызмет ету мерзімі екі орташа жөндеу арасындағы кезеңге тең немесе одан аз 
болатын бөлшектерді қамтиды. 
Күрделі жөндеу – агрегатты толық бөлшектеумен жүргізілетін көлемі 
бойынша ең үлкен жоспарлы жөндеу. Станоктың немесе машинаның тозған 
барлық бөлшектері мен тораптары, негізгі бөлшектері ауыстырылады және 
жөнделеді, агрегатты жинау және реттеу жүмыстары орындалады. Агрегатқа 
оның қалыпты дәлдігін, қуатын және өнімділігін қайтаруды қамтамасыз 
ететін барлық геометриялық координаттары тексеріледі. Жұмыс көлемі 
алдын ала жасалған ақаулар ведомосімен анықталады. Күрделі жөндеу 
кезінде жабдықты толық немесе жартылай жаңғыртумен агрегаттарды 
іргетастан алады. 
Қалпына келтіру жөндеуіне бірқатар күрделі жөндеулерден өткен және 
қатты тозған агрегаттар және жаңғырту элементтерін қоса отырып, жөндеуді 
қажет ететін агрегаттар жатады. 
Орташа және күрделі жөндеу кезінде жөнделетін агрегаттың және 
машинаны бөлшектеу кезінде ақаулардың ведомосі міндетті түрде жасалады. 
Әрбір бөлшекті шешкенде станок нөмірін, бөлгіштегі ақаулар ведомосы 
бойынша бөлшектің реттік нөмірін көрсете отырып, таңбаланады. 
Нөмірлерді бөліктердің жұмыс істемейтін беттеріне жазады, нөмірлері бар 
бирканы бөлшектерге байлауға болады. Таңбалау жинақтау кезінде 
бөлшектерді іріктеуді және жөндеудің өтуін бақылауды жеңілдетеді. 
Ақаулардың дұрыс жасалған ведомосы жөндеу жұмыстарының сипаты мен 
көлемін бөлшектердің тозу түріне және көлеміне дәл сәйкестікте тез 
анықтауға, қандай бөлшектерді жаңамен ауыстыру керектігін анықтауға, 
еңбек пен материалдардың қажетті шығындарын, жөндеу құнын есептеуге 
көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет